- •Нарықтық экономикаға дейінгі экономикалық ілімдер тарихы. Ежелгі шығыс экономикалық ой-пікірі. Вавилон.
- •Меркантилизм- нарықтық экономикалық қатынастар туған кездегі ой-пікірлер
- •Классикалық саяси экономияның жалпы мінездемелері және даму кезеңдері
- •2.Классикалық саяси экономияның бірінші кезеңі. У.Петтидің. П.Буагильбердің. Ф. Кэнэ. А. Тюргоның экономикалық ілімдері
- •3.Физиократтардың экономикалық ілімдері
- •Классикалық саяси экономияның 2-ші кезеңі. А.Смиттің іліміА.
- •Маршалдың тепе-теңдік мәселелері
- •Шектік еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк.Рефлекция ұғымын сипаттаңыз
- •Капиталистік саяси экономиканың 3-ші, 4-ші кезеңдері
- •Институционализмнің жалпы мінездемелері, оның негізін қалаушылар
- •Жетілмеген бәсеке мен нарық теориясы. Э. Чемберлиннің монополиялық бәсеке теориясы. Дж. Робинсонның экономикалық теориясы
- •Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімі, Давид Рикардоның экономикалық ілімі
- •Жан Батист Сэйдің экономикалық ілімі
- •К. Маркс. Фридрх Энгельс ілімдері.
- •Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары. С. Сисмондидің. П. Прудонның ілімдері
- •Маржинализмнің негізгі идеясы.
- •К.Маркстың «қосымша құн теориясы»
- •Жеке меншік пен жеке кәсіпкерлікке ф. Визердің көзқарастары
- •Неоклассикалық саяси экономия терминінің пайда болуы
- •Ертедегі және кеш меркантелистердің көзқарастарындағы үлттық байлық пен оны көбейту жолдары тұжырымдамаларының мәні
- •П. Буагильбердің экономикалық ілімі
- •Томас Роберт Мальтустың экономикалық ілімі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері
- •Маслоудың қажеттілк теориясы
- •Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі
- •Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары
- •Антикалық құлдың экономикалық ой-пікірі. Ежелгі Грекия
- •Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы
- •Жеке қажеттіліктер теориясы
- •Капиталистік саяси экономияның кезеңдері
- •А. Смиттің ақша,еңбек ақы, пайда, рента және капитал туралы теориялық позициялары
- •Физиократтардың экономикалық ілімі
- •А. Смиттің «халықтар байлығы» еңбегінің мазмұны
- •Шекті еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк
- •В. Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясы
- •1.Институтционализмнің әдістемелік ерекшеліктерін мінездеңдер
- •2.Экономикалық ой-пікірдің әлеуметті-институтционалдық бағытының пайда болуы
- •2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері№8 билет 3 сұрақ
- •2.Маржинализщмнің негізгі идеясы неден құрылады №9 бил 2сұр
- •3.Ежелгі әлем мен ортағасырлық натуралды шаруашылық экономикалық ой-пікір
- •А.Маршаллдың қарастыруындағы нарықтық баға мінездемесіндегі жаңалықтар қандай
- •2.Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы№21 3сұрақ
- •3.Жеке қажеттіліктер теориясы №10 бил 3сұрақ
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері
- •2.Антикалық құлдық заманындағы экономикалық ой-пікір Ежелгі Грекия№10билет 1 сұрақ
- •3.Исламдық арабтық Шығыс Ибн-Хальдунның тұжырымдамасындағы «әлеуметтік физика»
- •1. Уэсли Клэр Митчеллдің экономикалық тұжырымдамасы
- •1. Маслоудың қажеттілк теориясы №9 билет 1сұрақ
- •2.Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі№9 билет 2сұрақ
- •3.Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары№9 3сұрақ
Физиократтардың экономикалық ілімі
4.Ф.Кэнэ,Р.Ж.Тюрго-физиократтар ілімінің негізін салушылар
(классикалық саяси экономияның бір бағыты)
Физиократия –табиғат үстемдігі дегенді білдіреді.
В.Кэнэ – (1694-1774) “Тұрғындар ” 1756, “Фермерлер” 1757, “Бидай”, “Салықтар”1757, “Экономикалық кесте” 1755 т.б еңбектері жарық көрді. Соңғы еңбегінде ол қоғамдық ұдайы өндірістің анализін жасады.
Зерттеу пәні – ауыл шаруашылығы мәселелері. Экономиканың басқа салаларымен қарым қатынастарын қарастырмады. Экономикалық зерттеулерінің методологиялық негізі- өзі жасаған табиғи тәртіп концепциясы. Ал табиғи тәртіптің негізі мемлекет жасаған тұлғалық және моральдік заңдар. Олар жеке меншікті,жеке мүдделерді қорғауы керек, осыған байланысты ұдайы өндіріс пен игіліктердің дұрыс бөлінуі қамтмасыз етіледі- деп есептейді. Ол мынадай теориялардың авторы:
1. Таза өнім теориясы. Бұл теория бойынша таза өнім немесе ұлттіқ табыстың қайнар көзі-жер еңбек. Барлық салаларда түгел экономикалық бостандық болуы қажет дейді. Бұл монополиялықты жоюға , шығындарды азайтуға, әр саланың мүмкіндіктерін кеңейтуге икемін тигізеді.
2. Таптар теориясы. Ф.Кэнэ- ұлт азаматтардың 3 табынан тұрады: өнім өндіретін жеке меншік иелерінің және пайдасыз таптан. 1-ші тап – ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер. 2-ші тап –жер иелері (король, ірі дін басыларын қоса ) . 3-ші тап –жермен айналысатын барлық азаматтар. (өндірістегі, саудадағы және қызмет көрсету салалаларындағы ).
3. Капитал теориясы. Капиталдың анализін берді. Оны негізгі және айнымалы деп 2 ге бөлді. Оны қозғаласта айнымалы капталмен негізгі капиталда болады.
4. Ұдайы өндіріс теориясы. Бұл теория “экономикалық кесте ” 1758 еңбегінде негізделген. Мұнда бірінші рет қоғамдық ұдайы өндірістің анализін жасады.
Физиократтар мектебінің келесі өкілі Ан Робер Жак Тюрго (1727-1781) дворян. Негізгі экономикалық шығармалары: “Байлықты жасау мен бөлу туралы ойлар” 1766, “Байлықтар мен ақшалар ” 1769 және басқалар.
Оның “Байлықты жасау және оны бөлу жөніндегі ойлар” атты еңбегінде физиократтар жүйесі бір шама анық көрінеді. Тюрго қоғамдағы таптарды 5-ке бөлді. Кененің айтқан 3 табына –жалдамалы жұмысшылармен капиталистерді қосты Бірақ Тюрго құнның еңбектік теормясынан бас тартып, пайдалылыққа көңіл аударды. Ол капиталистік табыс пен капиталды көрді, фермерлерді 2-ге бөлді: кәсіпкер мен жұмысшыға: Тюрго ақшаның мәнін түсінбеді. Нарықтағы ағымдығы бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысқа тағайындалады. Осыған қарай капиталдың жеткілікті не аз екенін білуге болады дейді.
Физиократтар ілімінің негізін және экомикалық либерализм принциптерін мақұлдайды. Жердің құнарлығының азаю заңын тұжырымдайды.
№12 емтихан билеті
А. Смиттің «халықтар байлығы» еңбегінің мазмұны
1766 жылы туған қаласы Кирколдиге оралысымен өзінің атақты "Халықтар байлығы және оның себептері" кітабын жазуға толығымен кіріседі. 1766 жылдың наурыз айында ол кітабын жарыққа шығарады, бұл еңбегін ол Ф.Кенэге арнағысы келген, бірақ өкінішке орай бұдан екі жыл бұрын Кенэ өмірден озған болатын.
Смиттің бұл кітабының зор жетістіктерге ие болғандығы сондай. автордың көзі тірісінде бірнеше мәрте қайтадан басылып шықты. Орыс тіліне 1804 жылы аударылып мұнда да бірнеше рет қайтара басылып шықты. "Халықтар байлығы' бес кітаптан тұрады. Теориялық талдаудың барлығы дерлік алғашқы екі кітабында топтастырылған.
"Халықтар байлығының" өмірге келуі экономика ғЫлымының дамуына үлкен жаңалық әкелді. Өзінің кітабында Смит ғылымның негізгі саласы ретінде саяси экономияның калыптасу кезеңін тиянақтайды. Мұнда экономикалық теорияның зерттеу пәні болып табылатын барлық сұрақтарға орын берілген.
Методологиясы. Адам Смит мануфактуралық кезеңнің экономисі. Өнеркәсіптік төңкеріс енді ғана басталғандықтаң мануфактуралық өндіріс тәсілінде машина, қондырғылардың қолданылуы шектеулі болғанмен, жұмысшылардың арасында еңбек бөлінісі жақсы дамыды. Осы фактыларды ескере келе Смит адамзат қоғамын адамдардың бір-бірімен әр-түрлі еңбек өнімдері арқылы кең түрде айырбасқа түсетін "айырбас одағы" түрінде қарастырды.
Айырбасқа деген бейімділікті ол тарихтан тыс, қоғамдық даму кезеңінен тәуелсіз, адамзат табиғатының басты қасиеті ретінде қарастырды. Бұған ол адамның өзімшілдік қасиетін жатқызды. Адам өзінің осы қасиетін шаруашылық қызметінде басшылыққа ала отырып әрекет етеді. Адамдар бір-біріне қызмет көрсете отырып, еңбек және еңбек өнімдері арқылы араласады, өзінің ойлаған бас пайдасына жетуге тырысады. Олардың әрбірі бұл тұрғыда "экономикалық адамды" бейнелейді.
Смиттің пікірінше.экономикалық құбылыстар - бұл жеке адамдардың өз қалауларынан тәуелсіз, обьективті және стихиялы(берекесіз)заңдылықтармен реттелетін процесс. Бұл заңдарды Смит табиғи құбылыс деп есептеді және оны да адам табиғатымен байланыстырды. Бұл үшін ол экономикадағы осы процестерді анықтаушы, түбірлі заңдылықтарын бөліп алып қарастыратын және жеке элементтердің өтпелі. кездейсоқтықтан оқшауланған ұғымын білдіретін абстрактылы тәсілді пайдаланды. Дегенмен Смит бір мезгілде абстрактылы уғыммен қатар экономикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен байланыстарының нақты көрінісін көрсетуге тырысты. Осы мақсатта ол абстрактылы адамнан капиталистке, капиталистік шаруашылыққа ауысып, оның сипатын ғылыми тұрғыда жүйеледі.
Смит меркантилизмді қатты сынға алды, әсіресе ол сыртқы саудаға еркіндік беру талабын қойды. Кейіннен оның бұл пікірі фритредерлік (еркін сауда) саясатының негізіне айналды.
Керісінше Смит ғылыми әрі прогрессивті элементтерге толы физиократтар іліміне оң баға берді. Әсіресе физиократтардың қоғам байлығының көзі ақшада емес, тауар массасында деген тұжырымдамаларын жоғары бағалады. Смит физиократтарды экономикалық саясаттағы өзінің одақтастарына жатқызды. Бірақ физиократтардың таза табыстың тек ауыл шаруашылығында ғана жасалып, қалған салаларда құнның жасалмайтындығы туралы тезистерін қабылдамады.
Смит зерттеулері саяси экономияның методология саласына елеулі үлес қссты. Ол саяси экономияның ғылым ретінде екі түрлі мәселесін анықтады: обьективті экономикалық шынайы құбылысты талдау, оның даму заңдылықтарын ашу(позитивті немесе оң жағы); фирма мен мемлекеттің экономикалық саясаты үшін берілетін ұсыныстарды орындау, өндіру (нормативті жағы).
Смит методологиясының басты құндылығы оның әрбір экономикалық құбылысты қоғамның негізгі таптарының мүддесі тұрғысынан зерттегендігінде.
