Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Жеке қажеттіліктер теориясы

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әрбір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.

Қажеттіліктердің түрлері

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түрлері

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

11 емтихан билеті

  1. Капиталистік саяси экономияның кезеңдері

Классикалық саяси экономияның даму кезеңдері.

Классикалық саяси экономия дамуын шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады:

1-ші кезең. 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 50-60 жылдар. Бұл кезеңге нарықтық қатынастардың нығаюы мен меркантелизм идеяларын жойыла бастауы тән. Бұл кезеңнің басталуының негізгі өкілдері У. Петти мен П.Буагилбер болды. Классикалық саяси экономияның 1-ші кезеңінің аяқтаған физиократтар мектеді болды. Ол 1 ғасырдың ортасында Францияда дамыған болатын. Бұл мектептердің өкілдері Ф.Кэнэ мен А.Тюрго таза өнімнің қайнар көзін іздей отырфп, ейбек пен қатар жерге шешуші мән берді.

2-ші кезең. 18 ғасырдың соңғы үш жылдығын қамтиды. Мұнда басқа өкілдерінің бәрімен салыстырғанда негізгі тұлға болған А.Смит болды. Оның “экономикалық адам” және “көрінбейтін қол” ұғымдары экономистердің көп қрпағын экономикалық заңдардың объективті түрде адамдардың ой-санасына қатыссыз стихиялы түрде болатын міндетті және табиғи тәртіп деп есептеуіне алып келді.

3-ші кезең. 19 ғасырдың 1-ші жартысы ол кезде дамыған біраз мемлекеттерде өндірістік төңкеріс аяқталды.Осы кезеңнің өкілдері Ж.Д.Сэй, Ф.Бастиа, ағылшындар Д. Рикардо Т.Мальтус американдық Г.кэри және т.б барлығы да құнның өлшемі жұмсалынған еңбек немесе өндіріс шығындар деп есептеді. Бірақ олардың барлығы да экономикалық ойға өз үлестерін қосты.

4-ші кезең. 19 ғасырдың 2-ші жартысы. Өкілдері Дж С Миль мен К.Маркс осы мектептің ең алдыңғы қатарлы жетістіктерін ең алдыңғы қатарлы жетістіктерін топтастырды. Дж.С.Милль мен К.Маркс бәсеке езіндегі бағаның құрылуын тиімді деп тапты басымдылықты жалған апологетиканы сынай отырып жұмысшы табын жақтап “социолизммен реформаларды”қажет деп таныды. Алайда бұл кезеңде экономикалық ойдың прогресивті түрі маржинализм пайда бола бастады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]