Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы

“Меркантилизм” ұғымы латын сөзінен mercari (сату)дегеннен шыққан. Оның пайда болуы Ұлы географиялық ашылумен, “алғашқы капитал жинақтау” шарттарын жылдамдату, жаңа типті шаруашылық субъект-кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмыскерлердің пайда болумен тығыз байланысты.

Европалық меркантилистер өкілдері негізінен көпестер, өндірушілер, әскерилер, авантюристер болды. Дегенмен олар алғашқы ірі буржуазиялық жағдайдың негізі-сауда, несие және соғыстар арқылы пайдаға ие болу сияқты әдістерін нақты анықтады. Байлықтың абстрактілі формасы-ақша шықты. Сол кезде экономикалық әрекет мақсатын ақшадан, алтыннан, күмістен көре білді. Адамдар “металл үшін құрбан” болды. Сол уақыттың трактаттары мен памфлеттері мемлекетте және жеке қолда ақшаны жинақтау әдістерін іздеуге арналды. Осылайша, меркантилизм, нарықтық қатынастың туу кезеңіндегі экономикалық ойлардың алғашқы мектебі ретінде теориялық-әдістемелік ерекшеліктерінің тұтас қатарын құрады.

Әр елдегі меркантилизм ұлттық бояуымен ажырататын жалпы белгілеріне ие болды. Осылайша, Англияда меркантилизм бір уақытта өндіріс капитализм мен ауыл шаруашылығының дамуына әсер етті. Бұл ХVІІ ғасырда елдің сауда мен өндіріс аумағында протекционистік саясаттың негізгі жетістігі болды. Ост-Инд компаниясының көшбастыларының бірі Томас Мен (1571-1641 жж) есімімен байланысты сол сияқты англияда меркантилизм мен идеологиялық күрес нәтижесінде А.Смит, Д.Рикардо және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан классикалық саяси экономияның құндылықтарын теориялық қорытуға қол жеткізулер болды. Англия ХІХ ғасырдың ортасында ішкі және сыртқы саудада толық бостандық саясатының сөзсіз жолын қуғаны туралы мәлімдеп, антимеркантилистік ұстанымды практикада іске асыруды бастады.

Францияда меркантилистік саясаттың белсенді жол бастаушысы, кольбертизм атағын алған, біржақты сипат беріп, үкімет мүшесі болған – Жан Батист Кольбер (1619-1683 жж). Ауыл шаруашылығының феодалдық қатынастармен шырмалуында, Кольбер, белсенді сауда балансын қамтамасыз етуге ұмтылып, өнеркәсіптің дамуын барынша көтермеледі, бірақ ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін ескермеді. Ол ауыл шаруашылық тауарларын шеттен әкелуге рұқсат беріп, ауыл шаруашылық өнімдерін шетке шығаруды қиындатты.

Экономикалық идеяларды дамытудағы меркантилизмнің тарихи ролі оның өкілдерінің шығармашылық мұраларының жағымды және жағымсыз элементеріне байланысты.

Меркантилистердің тұжырымдамалары айналым аясында толығымен шаруашылық өмірдің тәжиребесіне арналды. Бұл сонымен бірге, оларға ғылыми айналымға көптеген экономикалық санаттарды еңгізуге, сауда қарыз операциялары мен ақша айналымы аумақтарында маңызды заңдылықтарды айқындауға жол берді. Бірақ олар экономиканың басқа аяларына әсері әрқашан бірдей болмады.

Меркантилисттер отандық өнеркәсіп пен сауданың дамуы үшін ақшаны маңызды құрал ретінде заңды түрде қарастырғанымен, ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартуға мән бермеді. Бұдан басқа олар үшін жұмыссыздық мәселесі де мәнсіз болды. “Ерікті жұмыссыздықтың” негізгі себебін аз уақытында цехтарда немесе фабрикалар мен зауаттарда жұмыс істеуді қаламауды тудыратын не “жалқаулық”, не “азғандық” деп санады.

Меркантилизм дамыған Европа елдерінде, ең алдымен Англия мен Францияда оның классикалық саяси экономиясын алмастыратын нарықтық экономикалық қатынастар мен ерекшеліктердің қалыптасу өзгешілігі мен байланысты.

Меркантилистер тұтыну құны емес, айырбас байлық деп жариялады.

Меркантилизмнің экономикалық саясаты алғашқы капиталдың жиналуына көмектесті.

Алайда, меркантилизмді саяси экономияның туу кезеңі мен байланыстыра ретінде бағалай отырып Й.Шумпетер оның жағдайы өз алдына практикалық маңызын сақтай отырып соншалық ғылыми бағыт бермей және одан туындаған әдебиеттер тек ғылымның бастамасы деп ескертті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]