Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Антикалық құлдың экономикалық ой-пікірі. Ежелгі Грекия

Ежелгі Грецияның қоғамдық экономикалық өмірінің бүкіл аясын қамтылған, өндірістің құлиеленушілік тәсілінің генезисі, гүлденуі және дағдарысы кезеңіндегі экономикалық проблемалар Грецияның ұлы ойшыларының экономикалық еңбектерінде көрініс тапты.

Ксенофонт (б.д.д. 430-354), Платон (б.д.д. 428-347), Аристотель (б.д.д. 384-322) Ежелгі Грецияның экономикалық ойларының негізгі өкілдері болып саналады.

Ксенофонт – Афина аристократиясының өкілі, аграрлық Спартаның саясы және экономикалық құрылысын идеяландырды. Ірі құлиеленушілік ауыл шаруашылығының өкілі ретінде, ол “Экономикос” (“Домосторой”) деп аталатын өзінің трактатында егіншіліктің артықшылығын мадақтап қолөнершілікпен және саудамен айналысушылықты айыптайды. Дегенмен, ол оған қарамай, ақшаны ссудалық растовщиктік капитал түрінде мойындап айырбас құралы және қазына құрау құралы ретінде ақшаға құрметпен қарады.

Тауардың тұтыну құнын, сол сияқты айырбас (меновая) құнның қарау, Ксенофонттың айырықша еңбегі, яғни ол тауардың қосарлы қасиеті туралы мәселені алғашқы қоюшылардың бірі болды. Соған қарамастан, ол нарықтық қатынастарға қарсы болды, бірақ еңбек қатынастарының бөлініс маңызын жақсы түсінді (ақылмен де, денемен де, сезіммен де), сондықтан нарыққа қатысушы адамдарды, ол құлдар және еркін азаматтар деп бөлді. Ксенофонттың сол кезде айтқан жалпы идеялары 2200 жылдан кейін капитализм дәуірінде ұсақ түйегінде дейін әзер қаралып дамыды деп айтуға болады.

Ксенофонттың көзқарасына сәйкес салықтар, баж салықтары, отарлардан алынатын алымдар, сыртқы саудадан түсетін табыстар мемлекеттік қорлардың көздері болып саналды. Афинаның ақша байлығы, оның әскери қуатының негізі деп санады ол.

Афина аристократиясының идеологы, олигархиялық құрылыстың жақтасы Платон, өзінің “Мемлекет” және “Заңдар” еңбегінде, қоғамның ең жақсы үлгісін (моделін) жасады. Платон мемлекетті адамдар арасындағы қарама қайшылықтарды шешудегі күш деп санады.

Тауар айналымын қарастыра отырып, Платон нарықтық адамдардың еріксіз бөлнетінін (еңбек бөлінісінің күшімен) көрсетті, дегенмен бір мезгілде олар, біртұтас қоғаммен байланысты үш сословия дан: философтардан – қоғамды басқарушылардан; сақшы - әскерлер – қорғаушылардан және дихандардан, қолөнершілерден, саудагерлерден тұратынын көрсетті. Алғашқы екеуі жоғарғы сословия, ал үшінші – жоғарғы сословия – элитаны құлдармен бірге асырағандар. Ал құлдар ешқандай сословияға жатпаған.

Платонның ойынша ең жақсы қоғамда, элиталық қауымдастыққа бірікпеген, тек қана еркін азаматтар ғана мемлекеттен алған үйге, жерге ие бола алады. Осыған орай мемлекет азаматтарының біреуінің байлығы екіншісінің байлығынан 4 еседен асып кетпеу үшін оларың мүлік теңділігін сақтауды қатаң қадағалаулықты ұсынды.

Платонның негізгі идеясы бойынша ең жақсы қоғам: әділеттілікті сақтау; қайырымды іс жасау, кемеңгерлік батылдық, элита үшін жеке меншікті жою, некелесуді мемлекеттік реттеу, ата – анасын білмейтіндей етіп балаларды қоғамдық тәрбиелеу және т.б.

Ежелгі Грециядағы экономикалық ойлардың дамуы ұлы оқымысты Аристотельдің “Никомахова” және “Саясат” т.б. еңбектерінде көрініс тапты. Ол өзінің экономикалық ілімдерінде құлдық табиғи заң деп және ол әрқашанда өндірістің алғы шарты, негізі деді. Адамдарды еркін және құлдарға бөлінуін ол табиғат заңдарымен түсіндірді, яғни “құлдар тірі құралдар”- деді.

Аристотельдің айтуынша,, тек гректер құл емес, құл барлық құзғындар, яғни “құзғындар немесе құлдар бір ұғым”. Ол құлиеланүшілік жеке меншікті өндіріс қатынасының негізі ден санады.

Қоғамдық байлықтың көздерін іздестіру Аристотельден басталады. Экономикаға этикалық көзқарас тұрғысынан келе отырып, ол байлықтың екі формасын анықтады; адамгершілікті – экономика және адамгершілікке жатпайтын хрематистика. Экономика ол өмір үшін үй шаруашылығы және мемлекет үшін қажетті, тұтыну құқына иелік ету деп түсіндірді.

Хрематистика (грек сөзі “мүлік”, “байлық”) – сауда жасау жолымен ақшалы болу өнері. “Байлыққа ие болу жағдайында ешқашанда оған жету мақсатында шек болмайды”, ал ақшаға ие болу мақсаты бұл байлықтың табиғи көзі емес болып саналады. Осыдан Аристотель былай деп мәлімдеді, экономика “мақтауға лайық”, ал хрематия “әділеттілік бойынша ұялтуды (порицание) шақырады”. Бұл жерде ол тұтыну және айырбас (меновой) құндар ретінде тауардың қарама – қайшылығын көрсетті.

Құн формаларына талдау жасау арқылы, Аристотель экономика ғылымына үлкен үлес қосты. Заттың қажеттілікті қанағаттандыру және айырбастау үшін пайдаланылуы мүмкін екендігін атап өтті, Айырбасты талдай отырып, ол өте маңызды ой айтты: “айырбассыз өз ара байланыс болмаған болар еді, сол сияқты тең дәстүрсіз – айырбас болмас еді”.

Бірақ ол, әртүрлі тауарларды салыстыруға мүмкіндік беретін жалпы субстанцияны (құнды) таба алмады.

Дегенмен, Аристотельдің пікірі бойынша, “барлығын” бірге байланыстыратын қажеттілік” және “жалпы келісім бойынша пайда болған монета, тауарлардың бір тұтас өлшемі болып саналады. Монета - сөзбе – сөз өлшем (құн); заттарды өлшенетіндей жасады, теңестіреді. Маркстың сөзі бойынша, Аристотель құн формаларын талдауды аяғына дейін жеткізе алмады, себебі, құнды түсінбей мұны түсіну мүмкін емес, яғни тауар формасы еңбек өнімінің жалпыға бірдей форма.

Аристотельдің аса маңызды идеясы: адам қоғамнан және мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, сондықтан мемлекет отбасы мен жеке адамнан (тұлғадан) жоғары тұрады. Азаматтар, мемлекеттік тәртіпке үйреніп, бірдей тәрбие алуға тиіс.

Біздің дәуірімізге дейін үш жүз жылдан астам Афинада өмір сүрген Аристотель, экономика ғылымының бастауларында тұрса да қазіргі экономикалық жүйенін табиғи түрін жасай алмады деуіміз мүмкін. Шының айтса ол кезде қазіргі экономикалық терминдер болмаған. Дегенмен ол барлық кезеңдерде өмір сүрген экономистердің назарларында болған проблемаларды байқап, оларға назар аудара білді.

Ежелгі Римдегі өндірістік қатынастың құл иенушілігі Ежелгі Грециямен салыстырғанда неғұрлым дамыған дәуірде болды. Бөтен жерлерді басып алу арқасында өте үлкен Ұлы құл иеленуші Рим империясы құрылды, көптеген тайпалар мен халықтар құлдарға айналды. Ауыл шаруашылығы құл еңбегін пайдалуныдың басты айласы болды, олар аяусыз қаналып, ауыр жұмысқа жегілді.Сондықтан құлдар мәселесі, ірі құл еңбегін пайдаланатын шаруашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу әдістері. Ежелгі Рим империясының маңызды проблемасы болды (Латифундий).

Римдік, құлиеленушілер Катон Старший (б.д.д. 234-149), ағайында Тиберий (б.д.д. 162-133), Гай Гракхи (б.д.д. 153-121 ж.) және Варрон (б.д.д. 116-27) және т.б. құлдықтан құтқару және дағдарыстан шығу үшін күресті.

Ірі жер иеленуші Катон Старший “Жериеленуші” атты өзінің еңбегінде құл иеленушіліктің ежелгі Рим формаларын, ірі жериелену шаруашылықтарын жүргізу әдістерін негіздеді. Натуралды шаруашылықты өзіндік қажеттіліктермен қамтамасыз ету оның идеалары болды. Катон құлдарды бағындыру, олардың еңбегің пайдалану, оларды қанау әдістері бойынша кеңестер берді. Ол құлдарды өндіріс құралдарына жатқызды, олар қайтарымды болу үшін, қатал ұстауға кеңес берді. Оларды иесіне (қожайынына) берілгендік рухында тәрбиелеу мақсатында құлдарды жас кезінде сатып алып, тәрбиелеген дұрыс деп санады. Ол сонымен бірге құлдар ортасында дау, жанжал отын жағып, сөйтіп бірін – біріне қарсы қойып, оны өз мақсаттарына пайдаланып, жарамсыз, кәрі, аурулардан мезгілінде құтылып, ірі құлиеленушілік шаруашылықтарды ұтымды жүргізуге кеңес берді. Катон, сондай-ақ, құлдарды тамақтандыру, киім, тұрғын жайы “сөйлеуші құралдардың” жағдайына сәйкес келуіне шейін ақыл берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]