Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Маслоудың қажеттілк теориясы

Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог Абрахам Харольд Маслоу (ағылш. Abraham Maslow 1943 ж. "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адамның мотивациясының теориясы" ("A Theory of Human Motivation") мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген.

Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :

Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.

Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.

Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.

Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

Одан толығырақ санатталған иерархия да бар. Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:

Физиологиялық (ең төменгі)

  • Қауіпсіздік

  • Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік

  • Құрмет

  • Білім алу

  • Эстетикалық

  • Өзінің маңызын түсіну

Әр деңгей іске асқанда, келесі деңгей маңызға ие болады. Бірақ бұл алдыңғы қажеттілік маңызын жоғалтты дегенді білдірмейді. Сонымен қатар әр деңгей тұрақты приоритеті, орны болмайды пирамидаға сәйкес, яғни әр адамға әр қандай қажеттілік маңыздылығы әр түрлі.

  1. Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі

Маржинализм — экономикалық теория. М. шекті өнімділік, шекті шығын, шекті пайдалылық табыстылықтың кему заңдарын, сұраныс пен ұсыныс заңдарын басшылыққа алады. 1870 — 80 ж. тарихи экон. ілімде “маржиналистік төңкеріс” дәуірі деп аталады. Шекті, маржиналдық тәсілді Австрия мектебінің негізін қалаушылар: К.Менгер (1840 — 1921), Ф.Визер (1851 — 1926), О.Бәм-Баверк (1851 — 1919) игіліктердің пайдалылығын зерттеуде тұңғыш рет қолданды. Жаңа класс. теорияны жасаушылар шекті талдауды тауар, көрсетілетін қызмет бағасының құралуын, бәсекелі рыноктегі өндіріс факторларын зерделеу үшін пайдаланды. Мұндағы өзекті мәселе — кемел бәсеке экономикасының тепе-теңдігін сақтау идеясы. Экономиканы сипаттауға микроэкон. көзқарас осы теорияның айрықша белгісі болып табылады. М. теориясында құндылықтың субъективтік сияқты ұғымдарғa негізделеді, шекті пайдалылықтың, өнімділіктің теориясы, шекті пайдалылық теориясы, жарасымды экономикалық теория, т.б. тұжырымдалады.

Маржинализмнің негізгі ойы фирма масштабындағы шекті экономикалық мөлшерді, салаларды (микроэкономика), сондай – ақ бүкіл халық шаруашылығының өзара байланысқан құбылыстарын зерттеу.

Маржиналдық теорияның өзгешелігі:

  • болып жатқан өзгерістерді сипаттау үшін шекті шараларды анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың жаңа әдістерін қолдану;

  • маржиналистер экономиканы шаруашылық игілікке ие өзара байланысқан субъектілердің жүйесі ретінде қарастырады;

  • маржиналдық теория математикалық әдістерді кең қолданады, сонын ішінде дифференциялдық теңдеулерді;

  • маржинализмнің әдістемелік құралы экономикалық категориялардың бастапқы және қайталама сұрақтарын шешуге мүмкіндік жасауы.

Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде маржинализмнің ізбасарларының негізгі принциптері (сондай–ақ «маржиналдық революция») бірінші және екінші «Госсен заңымен» сипатталады. Бірінші «заңға» сәйкес белгілі игіліктің өсуімен, игіліктің шекті пайдасы азаяды, ал екінші «заңға» сәйкес, тұтынудың (сұраныстың) оптималдық құрылымы барлық қолданылатын игіліктердің шекті пайдасының тепе – теңдігі кезінде жетіледі.

Маржиналдық революция – классикалық экономикалық мектептің концепциясынан неоклассикалық теорияға ауысу. Маржиналдық революция екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең – ХІХ ғ. 70-80 жж. саяси экономиада тауар құндылығын анықтау шартымен тауардың шекті пайда теориясын бекітуге байланысты «субъективті бағыт» аталуына ие болды. Соңғысы психологиялық деңгейдегі нақты тұтынушының позициясымен қалыптасқан.

Екінші кезең – ХІХ ғ. 90 ж., бұған саяси экономианың «субъективті бағытынан» және заттардың пайдалылығын бағалаудың психологиялық аспектілерінен бас тарту тән.

К.Менгердің экономикалық ілімі

Маржинализмнің Австриялық мектебінің негізін салушы Карл Менгер (1840-1921 жж.). Ол «Саяси экономияның негіздері» атты еңбегінде экономикалық мәселелерді жеке шаруашылық субъектілердің деңгейінде зерттеді. Зерттеудің менгерлік әдістемесі «классиктер» әдістемесінің жеке негізгі позицияларын сақтады.

Оның позициясының негізі:

экономикалық талдауда математикалық  әдістер мен геометриялық безендірудің болмауы;

базалық категорияның –  құнның принциптерін қолдану. Алайда, К. Менгердің ойынша, құн өндіріс  шығындарымен емес (еңбек шығыны), шекті  пайдамен табылады;

классиктерге қарағанда, Менгер өндіріс сферасын бірінші  деп санайды;

К. Менгердің құндылық теориясына деген көзқарасы өзіндік болып  табылады. Ғалымның айтуынша, тауар  құндылығы адамның оған субъектілік  қатынасынан білінеді. Барлық мәселе мынада, игілік адамға канағаттандыру әкеле ме (Австрия тілінде айтқанда «пайда»), жоқ па? Менгер бойынша, құндылық - бұл адамдардың игіліктері өз өміріне  қажетті қорлар туралы ілім, сондықтан  адамның ойысыз олар дүниеде болмайды.

Ал кіріс (пайда) теориясына К. Менгер басқаша көзқараспен қарайды. Ғалым «классиктердің» еңбек  ақы теориясын сынайды. Оның ойынша, еңбек өндірістік процесстің тек  бір ғана элементін көрсетеді, бұл  экономикалық игілік өндірістік элементін  басқа түрлерімен артық емес.

Сондықтан, оның ойынша, капитал  иелері жұмысшылар арқасында өмір сүрмейді, олар «жер мен капиталды қолданғаны»  арқылы өмір сүреді, бұл жеке адамға және қоғамға  сіңірген еңбек сияқты, құндылықты білдіреді. К. Менгердің  айырбас теориясы да классикалық  көзқарастан ерекше. Менгердің айтуынша, айырбас бұл әріптестердің жеке қызметтері, оның нәтижесі екі жаққа  да тиімді, бірақ балама емес. Менгер бұндай құндық тепе – теңдік әр игілік мөлшері арасында болмайды (объективтік  тепе – теңдік арасындағы мағынада) деп пайымдаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]