Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері

Дж. М. Кейнстің “Қамтылу, процент және ақшаның жалпы теориясы” атты басты еңбегінің жарыққа шығуы тек қана көптеген жақтастары мен саясый - экономикалық әдебиеттердін пайда болуына себеп болу мен қатар, сондай – ақ әртүрлі теориялық бағыттарды, мектептер мен экономикалық ағындарды туғызды. Дж. М. Кейнстің осы еңбегі жарыққа шыққаннан соң бірнеше жылдан кейін, ең алғыр байқағыш экономистер, тек-қана бірнеше синтездік көзқарастарды пайдаланып экономикадағы тепе-теңдікті сақтаудың рецептерін табуға болатындығын түсіне бастады. Соғыстан кейінгі жылдары кейнсиандық бағытта біршама өзгерістер болды, яғни жаңа бағыт – неокейнсиандық жүйе қалыптасты.

Неокейнсеандықтың Кейнс ілімінен өзгешелігі, ол экономикалық өсу және циклдік даму теориясын құрастырды. Неоклассиктер мен Кейнс позицияларының айдын қайшылықтарына қарамастан, олар бір – біріне өте қажетті. Логикалы байланысты және ұсақ – түйегіне дейін жасалған неокласикалық жүйе дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты айрықша құбылыстарды түсіндіре алмады. Кейнстің “Жалпы теориясы” керісінше, экономикада тепе – теңдік жағдайды шығарушы факторларға талдау жасап және нақты іс – қыймыл бағдарламасын ұсына отырып, шын мәниесінде ортақ, түгел қамтушы теориялық жүйені бере алмады.

Сондықтан экономикалық ғылымда, пен көрнекті экономистер Дж. Хикс, Р. Харрод, Э. Хансен, П.Самуэльсон және т.б. Кейнстің позицияларын неоклассиктермен біріктіру мақсатында интенсивті аналитикалық талдау жұмыстарын кең түрде жүргізді. Осының арқасында “неоклассикалық немесе кейнсианды - неокласикалық синтез” деп аталған теориялық жүйе қалыптасты.

Неоклассикалық синтезді құрушылар”, “Жалпы теорияда” берілген кейнсиандық тұжырымдаманы интеграциялаудан бұрын, оны түбегейлі түрде екі себеп бойынша қайыра өңдеу керектігін шешті.

Бірінші себеп, соғысқа дайындалу негізінде дамыған капиталистік экономика (өсудің жоғары қарқыны, жеңген халықтың қайыра жұмыссыздыққа қарсы күресі, капитализм мен социализм сияқты әлемнің екі жүйесінің сайысы және т.б.) экономистердің алдына 1929-1933 жылдардағы Ұлы тоқыраудың суымаған ізі бойынша жазылған “Жалпы теорияға” қарағанда басқа проблемаларды тартты. Ендігі жерде ең басты проблема болып сұраныс емес, экономиканың өсуімен байланысты инфляция және ресурстарды жинақтау болды. Бұл тек қана сұраныс үшін ғана емес, сонымен бірге өсу үшін де пайдалы болып саналатын реттеудің жалпы тұжырымдамасына қажет еді.

“Жалпы теорияны” қайта қараудың екінші себебі, өзінің күрделігімен карама-қайшылықтарына байланысты, бұл жұмыста бір-бірін жоққа шығарушы пайымдаулар мен түсініктерге жол берілген еді. Америка экономисі М. Блауг, Кейнстің “Жалпы теориясы” – Рикардоның “Принципі”, Маркстың “Капиталы”, Бем - Баверктің “Позитивті теориясына” ұқсас, қарапайым түрде жазылған жайғана кітап деп баяандады. Бірақ онда қазіргі экономика қызметінің төрт үлгісі болатын, оның кейбір идеялары неоклассикалық үлгіге (моделге) жеңіл кірсе (встраиваются), басқалары оның бүкіл логикасын бұзды.

Харродты әлемге аты белгілі оқымысты, соғыстан кейінгі кейнсиандықтардың көсемі, неокейнсиандық динамика теориясын жасаушысы етті. Харрод өзінің еңбектерінде ақша, банктер, халықаралық сауда, жетілдірілмеген бәсекелестік, шығындарының ауытқуы, сауда циклі және т.б. проблемаларды қарастырды.

Қазіргі кезенде экономикалық өсуді талдауда (Жапонияда, Оңтүстік Кореяға, Тайландта) Харродтың экономикалық категорияларын пайдалану, оның даму динамикасы мен теориясына тамаша нәтижелерін берді.

Оның үлгілерін қазіргі кезеңде көптеген нарықтық мемлекеттер мен ТМД елдерінің экономикаларының даму әдістерінен кездестіруге болады.

Неоклассикалық мектептің бұрынғы жақтасы, Гарвард университетің болашақ профессоры, жас американ экономисі Э. Хансен өзі үшін Дж. Кейнс бейнесінде жаңа доктринамен және пайғамбар тапты. Хансен сенімді кейнсиандық және оның жаңа тұжырымдамаларына берілген қорғаушысы ретінде “америкалық Кейнс” атағын алды.

Хансен құрған мемлекеттің экономикаға араласуының неокейнсиандық бағдарламасы меншікке тиіспей, тек қана айналым мен табыстарды бөлу алаңын қарады. Осыған дейінгі тәжиребелерді ескере отырып, Хансен өзінің антициклдық бағдарламасының үш бағытын берді:

1. Икемді құрылған механизмдер (құрылған тұрақтандырғыштар);

2. Өзіндігінен әрекет етуші, өтеу жасайтын (компенсирующие) қарсы шаралар;

3. Өтем жасауды басқаратын бағдарламалар;

Тұтастай алғанда Э. Хансен өзінің еңбектерінде ағымдағы реттеу бағдарламаларын ғана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарына арналған бағдарламаларды да берді. Ол толық теңдікке жету мүмкін емес деп санады, сонымен бірге “әлемдегі үлкен теңсіздіктерді элементтеу аса қажетті” деп болжам жасады.

Кейнс сияқты, Хансен жеке меншік инвестициялары, экономикалық өсудің басты ынталандырушы құралы деп санады, болашақ экономикада “толық жұмыспен қамтылушылық” пән жоғары қоғамдық және жеке меншіктік тұтыну сәйкес келіп, онын әлеуметтік салада рөлін ерекше көрсетті.

“Неоклассикалық синтез” идеясын америка экономистерінің ішінде бірінші Нобель сыйлығының лауреаты Пол Самуэльсон (1915) ашты. “Синтездің” мәні - теориялар арасындағы алшақтықты жою, қазіргі ғылыми жетістіктер мен бұрынғы жұмыстардын бүкіл оңды істердің бәрін сәйкестңдіру болды.

Самуэльсон бойынша аралас экономика, экономикалық бақылауды қоғам (мемлекет атынан) және жеке меншік институттар тарапынан жүзеге асыратын, еркін кәсіпкерлік жүйе. Еркін бәсекелестік, уақыт өте, монополияға айналып, қоғамдағы өндіріс пен бөлудің сәйкестігін анықтауда негізгі механизмі ретінде қатысады. Самуэльсон бойынша аралас үлгіде экономиканың негізі болып дамыған еңбек бөлінісі мен күрделі ақша жүйесі бар тауарлы өндіріске жатады. Осыдан ол мынадай қорытынды жасайды, еркін рынок жүйесінің кемшіліктерін түзетуде мемлекеттің экономикалық рөлі өсе түседі.

9 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]