Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. П. Буагильбердің экономикалық ілімі

Пьер Буагильбердің (1646-1714 жж) негізгі шығармалары: «Францияның жай-күйін толық сипаттау» (1696 ж) – меркантилизм саясатын қатаң түрде сынау; «Байлық табиғаты туралы трактат» (1707 ж) – Франция экономикасының дағдарысты жағдайын сипаттау; «Франция айыптайды» (1707ж) – ауыл шаруашылықты байлықтың көзі ретінде негіздеу.

П.Буагильбердің еңбектерінің басты мақсаты меркантилизмді сынап, ауыл шарушылығын дамыту болды. Оның ойынша ауыл шаруашылығы экономияның өсуі мен мемлекет байлығының негізгі көзі деген пікірі- Францияның экономикалық идеясында XVIII ғасырдың орта кезіне дейін сақталды. О

Англиядағы Петти сияқты Буагильбергеде еңбек құны теориясын негіздеуші деген (Петтиге тәуелсіз түрде) ат берілді. Ол «нақтылы құн» шамасы еңбек шығындарымен анықталады деді.

Пьер Буагильбер ауылшаруашылық өндірісі францияның экономикалық өсуінің негізі деп санады. Сондықтан да ол, ақшаны ғана емес, тауар мен заттардың бүкіл алуан түрін «байлық» деп санай отырып, өнеркәсіпті бір жақты көтермелеуге қарсы күресті.

Петти тауар құнын ақша формасында білдірсе, Буагильбер оның сөзсіз болатындығын түсінбей тауардың ақша формасын елемеді. Ол «нақтылы құны» бойынша тауарларды айырбастауға ақша кедергі жасайды деп санады. Пьер Буагильбер ақшадан негізгі зұлымдық пен халықтың кедейлену себептерін көрді, сондықтанда ол тауарлы өндірісті сақтай отырып, ақшаның “билігін”, жою керек немесе оның рөлін қарапайым айналым құралына дейін түсіру керек деп болжады. Ол тауарларда жинақталған құн, өзгеше тауар ретінде, ақшаның көмегімен сырт түрінде көрінуі мүмкін екендігін түсінбеді.

Буагильбер классикалық саяси экономия мүшелерінің ішінде, жалғыз ақшаны жоюға шақырды, себебі, тек ақша ғана тауарларды шын құн бойынша айырбастауды бұзады деді.

Пьер Буагильбердің классикалық саяси экономия алдында сіңірген еңбегі құнды жұмсалған жұмыс уақытымен анықтаудан ғана тұрмайды, сондай-ақ, ол Франциядағы физиократтардың ізашары болып саналады.

  1. Томас Роберт Мальтустың экономикалық ілімі

Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Ол бұл еңбектерінде лендлордтардың, жер иеленушілердің және капиталистердің жекелік құқыларын қорғап, олардың бұқара халықтың кедейлігіне жауапкер еместігін дәлелдеді.

Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мәселен, оның есептеуі бойынша, халықтың саны әрбір 25 жыл сайын геометриялық прогреспен екі еселеп өседі (1,2,4,8,16,32,64 және т.б.), ал олардың өмір сүру жабдықтары тек қана арифметикалық прогреспен (1,2,3,4,5,6,7 және т.б.) өседі. Мұндай жағдайда 2 жүз жылдың ішінде жер шарындағы халық саны мен оның өмір сүру жабдықтарын салыстырғанда 256-ның 9-ға, 3 жүз жылда 4096-ның 13-ке қатынасындай болған болар еді.

Мальтустің бас пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді.

Мальтустың пікірі бойынша табиғаттағы халықтың саны мен өмір сүру жабдықтарының арасындағы сәйкестікке эпидемиялар, аштықтар, соғыстар, адамдардың жаппай бөлігін күштеп ауыр еңбекке салу арқылы қол жеткізуге болады деді.

Халықтың шамадан тыс өсу проблемасын Т. Мальтус еңбекақыны өзгерту арқылы шешті. Халықтың өсуі еңбек ақының төмендеуіне әкеледі бұл болашақтағы халықтың өсуін шектейді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық заңдармен анықталады.

Т. Мальтус кедейлерге мемлекеттік қолдау көрсетуге қарсы күресті, ол мұны еңбек сүйетін азаматтардан салық арқылы жалқауларға демеу көрсету деп түсіндірді.

Мальтустың көзқарасы бойынша халықтықтың өсуі- тек қана тамақ өнімдерінің жетіспеушілігімен, аштық үрейімен шектеледі. Ал әлемдік тәжірибе бұны басқаша көрсетеді, өмір деңгейінің өсуі демографиялық ахуалдың өзгеруіне, туудың кемуіне, отбасы санын сапалы жоспарлауға әкеліп соғады.

Мұндай ойларды айта отырып, мынаны да байқауға болады, Мальтустың бір кезде айтқан проблемасы, өзінің өзектілігін бүгінгі күн де сақтауда. Өмірдің төмен деңгейінің сақталуы тек қана «үшінші әлем» елдерімен ғана байланысты емес. Экономикалық процестерді жаһандандыру (глобализация) демографиялық үрдістерге талдау жасауда кең-ауқымда жол табушылықты талап етеді.

Соңғы 10-15 жылда әлемдік өндіріс динамикасында жаңа әдістер пайда болды, бірсыпыра себептерге байланысты жер шарында жан басына шаққанда негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі қысқаруда. Демографтардың болжамдарына сәйкес, планета халқы 2030-шы жылдары 6-дан 9 млрд. дейін көбейеді. Сол кезде азық-түлік ресурстарының тапшылығы пайда болу мүмкін, дегенмен бұлардың барлығы Мальтус теориясының дұрыстығын әлі де дәлелдемейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]