- •Нарықтық экономикаға дейінгі экономикалық ілімдер тарихы. Ежелгі шығыс экономикалық ой-пікірі. Вавилон.
- •Меркантилизм- нарықтық экономикалық қатынастар туған кездегі ой-пікірлер
- •Классикалық саяси экономияның жалпы мінездемелері және даму кезеңдері
- •2.Классикалық саяси экономияның бірінші кезеңі. У.Петтидің. П.Буагильбердің. Ф. Кэнэ. А. Тюргоның экономикалық ілімдері
- •3.Физиократтардың экономикалық ілімдері
- •Классикалық саяси экономияның 2-ші кезеңі. А.Смиттің іліміА.
- •Маршалдың тепе-теңдік мәселелері
- •Шектік еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк.Рефлекция ұғымын сипаттаңыз
- •Капиталистік саяси экономиканың 3-ші, 4-ші кезеңдері
- •Институционализмнің жалпы мінездемелері, оның негізін қалаушылар
- •Жетілмеген бәсеке мен нарық теориясы. Э. Чемберлиннің монополиялық бәсеке теориясы. Дж. Робинсонның экономикалық теориясы
- •Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімі, Давид Рикардоның экономикалық ілімі
- •Жан Батист Сэйдің экономикалық ілімі
- •К. Маркс. Фридрх Энгельс ілімдері.
- •Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары. С. Сисмондидің. П. Прудонның ілімдері
- •Маржинализмнің негізгі идеясы.
- •К.Маркстың «қосымша құн теориясы»
- •Жеке меншік пен жеке кәсіпкерлікке ф. Визердің көзқарастары
- •Неоклассикалық саяси экономия терминінің пайда болуы
- •Ертедегі және кеш меркантелистердің көзқарастарындағы үлттық байлық пен оны көбейту жолдары тұжырымдамаларының мәні
- •П. Буагильбердің экономикалық ілімі
- •Томас Роберт Мальтустың экономикалық ілімі
- •Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері
- •Маслоудың қажеттілк теориясы
- •Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі
- •Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары
- •Антикалық құлдың экономикалық ой-пікірі. Ежелгі Грекия
- •Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы
- •Жеке қажеттіліктер теориясы
- •Капиталистік саяси экономияның кезеңдері
- •А. Смиттің ақша,еңбек ақы, пайда, рента және капитал туралы теориялық позициялары
- •Физиократтардың экономикалық ілімі
- •А. Смиттің «халықтар байлығы» еңбегінің мазмұны
- •Шекті еңбек өнімділігі теориясы Дж.Кларк
- •В. Паретоның экономикалық әл-ауқаттылық теориясы
- •1.Институтционализмнің әдістемелік ерекшеліктерін мінездеңдер
- •2.Экономикалық ой-пікірдің әлеуметті-институтционалдық бағытының пайда болуы
- •2.М.Фридменнің монетарлық тұжырымдамасы
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері№8 билет 3 сұрақ
- •2.Маржинализщмнің негізгі идеясы неден құрылады №9 бил 2сұр
- •3.Ежелгі әлем мен ортағасырлық натуралды шаруашылық экономикалық ой-пікір
- •А.Маршаллдың қарастыруындағы нарықтық баға мінездемесіндегі жаңалықтар қандай
- •2.Меркантилизм түсінігі ,мәні мен маңызы№21 3сұрақ
- •3.Жеке қажеттіліктер теориясы №10 бил 3сұрақ
- •1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің неокейнсиандық үлгілері
- •2.Антикалық құлдық заманындағы экономикалық ой-пікір Ежелгі Грекия№10билет 1 сұрақ
- •3.Исламдық арабтық Шығыс Ибн-Хальдунның тұжырымдамасындағы «әлеуметтік физика»
- •1. Уэсли Клэр Митчеллдің экономикалық тұжырымдамасы
- •1. Маслоудың қажеттілк теориясы №9 билет 1сұрақ
- •2.Маржинализмнің жалпы мінездемесі. К.Менгердің экономикалық ілімі№9 билет 2сұрақ
- •3.Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары№9 3сұрақ
Жеке меншік пен жеке кәсіпкерлікке ф. Визердің көзқарастары
Фридрих фон Визер (1851-1926 жж.) К.Менгер жақтаушы, «австриялық мектеп» ілімдерін насихаттап, жетілдіруіші. Оның негізгі еңбектері: «Экономикалық құндылықтар және оның заңдарының пайда болуы» (1884 ж.), «Табиғи құндылық» (1889 ж.) және «Қоғамдық шаруашылық теориясы» (1914 ж.).
Фридрих фон Визер өзінің алдындағылары сияқты макроэкономикалық талдау, экономикалық мәселелерді математикалық емес әдістермен шешу, құндылықты, бағаның өндіріс шығындарын пайдануда субъективті қабылдауға артықшылық берді. Ол жалпылай тиімділікті анықтаудың мультипликативті әдісін ұсынады. Бұл әдістін мәні игіліктің шекті пайдасын бірыңғай игіліктерге көбейткенде көрінеді.
Өз ілімдерінде Фридрих фон Визер «шаруашылықты жекелей ұйымдастыру» тұжырымдамасын негіздеді. Ғалымның ойынша меншіктің жеке формасы ең тиімді, ең пайдалы түрі, бұл меншіктің жүз жылдаған әртүрлі формаларымен дәлелденген деді.
Дәйіктер ретінде ғалым, біріншіден шаруашылық игіліктерінің шығындарына ұқыпты қатынас қажеттілігін; екіншіден «менікі» және «сенікі» деген сұрақтардын маңыздылығын; үшіншіден, меншікті шаруашылықты пайдалану үшін құқықтық кепілдіктерді көрсетті.
Шекті тиімділік тұжырымдамасының негізгі ережелер мыналар:
1. Игіліктердің құндылығын зерттеу негізі тұтыну сұранысының талдауы қойылады. Мәні шығындарға емес, нәтижелерге ие.
2. Негізгі тұтыну сұранысын зерттеу.
3. Шекті пайданы талдау адамдардың уәжін (мотивін) зерттеуімен байланысты.
4. Өндіріс құралдырының құндылығы еңбек шығындарымен емес, тұтыну тауарлардың шекті тиімділігі мен анықталады.
5. Игіліктер айырбасы саудаға қатысушыларының субъективті бағалуларының «тепе-теңдік» принципі негізінде бағаның туымен бітеді.
Неоклассикалық саяси экономия терминінің пайда болуы
Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономика» деген атаққа ие болды. Алғашқы рет «саяси экономика» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен қолданды. Ол 1615 ж. «саяси экономика» трактаты кітабын жазып, онда Франция елінің шаруашылығын мемелекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырады. Бірақ мұңы әліде ғылым деп айтуға болмайтың еді. Жалпы экономикалық теория ғылым ретінде 16-17 ғғ. тоғысында пайда болып, осы кезде тауарлы-ақша қатынастары кең дамып, оның даму заңдылықтарын қарастыру мен зертеудің бастауы болып табылды.
Қазіргі батыстағы жалпы экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:
- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол өзіне қазіргі «монетаризім» және «неолиберализм» теориялармен жұптасады. Неоклассиктер – А. Смиттің тікелей ізбасарлары былай деп есептеді: егер рыноктық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызымет атқарған болар еді;
ХІХ-ғасырдың екінші жартысында экономикадағы барлық зерттеулер жекелеген нарықтық субъектілердің нақты қарым-қатынастарын қарастыруға бағытталады. Ғалым-экономистер шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеуге талпыныс жасай бастайды. Осыған байланысты экономикалық ғылымның аты өзгерді: «саяси экономия» термині «экономикс» ұғымымен алмастырылады. Экономикалық ғылым өзінің жаңа атауын ағылшын экономисі Альфред Маршаллдың 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» еңбегіне байланысты өзгертті. Олай болса, бұл бағыттың негізін салушылар ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924) мен Артур Пигу (1877-1959) болды. Бұл бағыт негізінде экономикалық теория шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану ғылымы ретінде қарастырылады. Маршаллдың басты назарында тұтынушылар мен өндірушілер өздерінің әл-ауқаттылық дәрежелерін қалайша арттыратындығы туралы мәселелерді талдау жағдайы тұрды. Оның ойынша, әл-ауқаттылықты максималдау тек еркін бәсекелестік жағдайында ғана болуы мүмкін және осы тұрғыда ғана нарық тепе-теңдікке келе алады. Неоклассиктердің жасаған негізгі талдау құралдары, бүгінде әлемдік экономикалық ғылымның «алтын қорына» жатады. Ол талдау құралдары мыналар болып табылады: шекті талдау, сұраныс икемділігі, нарықтардың өзара тәуелділігі, уақыт факторын ескеру арқылы қысқа және ұзақ мерзімдер арасындағы айырмашылықты көрсету, фирма теориясындағы өндіріс ауқымы тиімділігін талдау, т.б. Неоклассиктердің еркін бәсекелестікті жақтауы және мемлекеттің рөлін бағаламауы (ол тек «түнгі күзетші» қызметін атқарады) тұрғысынан экономикалық теория ХХ-ғасырдың соңына дейін бірнеше онжылдықтар бойы микроэкономикалық талдау шеңберінде дамып келді.
