Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ilimder.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
157.18 Кб
Скачать
  1. Қиялшыл экономистердің жасаған реформалық тұжырымдамалары. С. Сисмондидің. П. Прудонның ілімдері

Швейцариялық экономист Сисмонд де Сисмонди (1773-1842 жж) Франциядағы классикалық мектептің аяқтаушысы және экономикалық романтизмнің негізін салушы болып саналады.

Сисмонди өзінің басты еңбегі «Саяси экономияның жаңа бастауында» классикалық мектептің экономикалық көзқарастарына сын тұрғыдан баға берді.

Сисмонди былай деп тұжырым жасады: жұмысшылар жұмыстарынан айырылады, көшеге лақтырылып тасталады; жұмысшылардың еңбекақылары төмендейді; өндірілген өнімдерге деген олардың сұранысы мен тұтыну қажеттілігі төмендейді; экономикалық дағдарыстар болмай қоймайды. Дағдарыстардың себептері өткізілген өнімдер құнының қоғамның табысымен сәйкес келмеуінде, жинақтау процесінің себебінен тауарлардың толық тұтынылмауында. Сисмондидің дағдарыстар теориясындағы қателігі, қоғамдағы өндірістік және жеке тұтынуды шектемеуінде болды, яғни ол станоктар мен машиналар нарығы тұтыну тауарлар нарығынан тәуелсіз, айырықша нарық жасалатындығын түсінбеді.

Сисмонди ең жақсы экономикалық жүйе деп ұсақ тауар өндірісін санады; өндірістің цехтық жұмыс тәртібін қорғады, ал бәсекелестік пен жалдамалы еңбекті теңсіздіктің себептері деп қарады. Оның пікірі бойынша еркін бәсекелестік тауар өндірушілер мүдделерін қақтығыстырады, сондықтан да оны мемлекеттің араласпау қағидаларын заңды түрде жойып, байлықты шоғырландыру мөлшерін белгілеп, қалғанын ұсақ кәсіпкерлер арасында бөлінсін деді. Ол жұмысшы табының экономикалық жағдайын жақсарту реформасының әлеуметтік бағдарламасын жасады.

Дегенмен, Сисмондидің ұдайы өндіріс пен дағдарыстар теориясындағы негізгі қателігі, оның капиталистік өндірістің мақсаты – тұтынуды қамтамасыз ету емес, қосымша құн өндіру екендігін түсінбеуінен тұрады. Міне, сондықтан да, ол ішкі нарықтың пайда болу процесін, капитализмнің ұсақ тауар өндірушілерді кедейлендіретінін капиталистік өндіріс қатынастарынан пайда болатындығын сезбеді.

Сисмондидің экономикалық көзқарастарын қорытындылай келіп, былай деп айтуға болады: ол өндіріс пен тұтыну арасындағы қарама қайшылықты тұтас түрде қарастырды, сонымен ол капитализмнің өзіндік қарама қайшылықтарының негізгі формаларының бірі болып саналатындығын көрмеді. Ол ірі машина өндірісінің прогрестік рөлін жете бағаламады, капиталистік мемлекет ірі өндірістің дамуын тежейді деп жалған болжам жасап, мемлекеттің таптық сипатын жоққа шығарды.

П.Ж. Прудон және оның әдісінін сипаттамасы.

Пьер – Жозеф Прудон (1809-1865 жж) капитализм қалыптасу кезеңіндегі ұсақ буржуазиялық саяси экономияның идеологы. «Меншікті теріс мақсатта пайдалану қоғамдағы кәсіпкерлер арасындағы теңдіктің бұзылуының басты себебі болып саналады» – деді ол. Сондықтан да ол «Меншік дегеніміз не?», «Экономикалық қарама қайшылықтар жүйесі немесе кедейлік философиясы» деген еңбектерінде жеке меншікке қарсы шықпастан, ірі өнеркәсіп орындары, темір жол көліктері жұмысшылар мен қызметкерлер ассоциацияларының қолына өтуін ұсынды.

Прудон, ұсақ меншік иелерінің акционерлік кәсіпорындарын құру мақсатымен тауар өндірушілерге «жұмыс квитанцияларын» беретін халық банкесін құру жолымен айырбасты қайта құру жобасын алға жылжытты. Прудонның жоспары бойынша «жұмыс ақшасын» енгізу арқылы нақты ақшаны жойып еңбексіз табыстарды, капитал мен қанауды жою мүмкіндіктерін көрсетті. Прудоның мұндай қате пікірлері оның капиталдың негізі пайдамен және пайызды түсінбеуінен болды.

Прудон өнеркәсіп капиталистерінің пайдасын олардың еңбекақысының өзіндік түрі деп, ал капиталды ақшаның бір түр деп түсіндірді. Ол қосымша құнды сіңірудің бірден бір формасы пайыз деп санады, ал қанаудың экономикалық негізін пайыздың өмір сүруінен деп санады. Осы жерде оның идеясы – айырбас (халық) банкесін ұйымдастыру арқылы, ұсақ тауар өндірушілер мен жұмыскерлерге «несиені сыйға беру» деген ұсыныс шығарды. Осылай Прудон ақшасыз, капиталсыз және пайызсыз тауарлы-ақша шаруашылығын сақтауды ұсынды.

Прудонның әдістерінің (методтарын) қателігі мынада: ол экономикалық құбылыстарды заңдық көзқарас тұрғымен түсіндірді, ал мемлекет заңдарынан туындайтын «бұйрықтарды» кез келген өзгерте алады деді. Прудон ұсақ жеке меншікті мәңгілік етуді армандады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]