Мазмұны:
Кіріспе 4
SHOW командасының синтаксисі: 5
1 Деректер қоры және таблицалар туралы мәліметтер алу 6
1.2 SHOW TABLE STATUS 7
1.3 SHOW STATUS 8
1.4 SHOW VARIABLES 14
1.5 SHOW LOGS 18
1.6 SHOW PROCESSLIST 19
1.7 SHOW GRANTS 21
1.8 SHOW CREATE TABLE 21
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 23
Кіріспе
MySQL – кішігірім, көп ағынды деректер базасы сервері. MySQL үлкен жылдамдықты, орнықтылығымен және қолданудың жеңілдігімен сипатталады. MySQL тілі TcX компаниясы өзінің жеке қажеттілігіне арнап шығарылған тілі, өте үлкен деректер базасы тез өңдеуді қамтамасыз етеді. Компанияның айтуы бойынша MySQL-ді 40-тан астам ДБ серверлерінде 1996 жылдан бері қолданады, ДБ-лар 10000 кестеден, 500-ден көбі 7 миллионнан астам жолдан тұрады. MySQL кіші және орта қосымшаларға арналған идеалды шешім болып табылады. Сервердің түпнұсқа мәтіндері көптеген платформаларда компиляциядан өтеді. Windows нұсқасында MySQL Windows NT сервисі ретінде немесе Windows 95/98 қарапайым процесс ретінде орындалады.
MySQL белгілі ашық кодты SQL мәліметтер базасы, MySQL AB қолдануымен жасалған. MySQL AB –MySQL мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын коммерциялық компания. MySQL -мәліметтер базасын ұйымдастырушы жүйе, ол реляциялық мәліметтер базаларымен жұмыс жасайды. Неліктен мен жұмысымда MySQL қолдандым? Себебі, MySQL - өте тез, сенімді және қолдануға жеңіл жүйе. MySQL үлкен мәліметтер базаларына негізделіп жасалғандықтан, көптеген жылдар бойы өз қуатын көрсетуде. Қазіргі кезде ол функцияларға бай және қолдануға қарапайым мәліметтер жүйесі. Қолдану, пайдалану қауіпсіздігі жоғары болғандықтан, MySQL жүйесін Интернетте көптеп қолдануда. MySQL техникалық өзгешілігіне келсек, ол клиент –серверлік жүйе және мульти –ағымдық SQL серверін қолдайды, көптеген клиенттік программалар мен библиотекаларды, административтік құралдар мен программалық интерфейстермен жұмыс жасайды.
Мәліметтер базасы – бұл құрамында белгілі бір ақпараты бар екіөлшемді өзара байланысқан кестелер жиыны. Мәліметтер базасын басқаратын (жаңа мәліметтер қорын, кестелерді құрады және де құрылған объектілерді қолдануға мүмкіндік береді) программалық қамтама мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) деп аталады. Клиенттердің сұрауларын сипаттау үшін тұтас тіл құрылған – ол SQL (Structured Query Language – құрылымдық сұраулар тілі). SQLсұраулары арқылы сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:
мәліметтер базасымен кестелерді құруға;
кестелерге ақпаратты қосуға;
ақпаратты өшіруге;
ақпаратты модификациялауға;
қажет ақпаратты алуға.
Show командасының синтаксисі:
SHOW DATABASES [LIKE wild]
Немесе SHOW [OPEN] TABLES [FROM db_name] [LIKE wild]
Немесе SHOW [FULL] COLUMNS FROM tbl_name [FROM db_name] [LIKE wild]
Немесе SHOW INDEX FROM tbl_name [FROM db_name]
Немесе SHOW TABLE STATUS [FROM db_name] [LIKE wild]
Немесе SHOW STATUS [LIKE wild]
Немесе SHOW VARIABLES [LIKE wild]
Немесе SHOW LOGS
Немесе SHOW [FULL] PROCESSLIST
Немесе SHOW GRANTS FOR user
Немесе SHOW CREATE TABLE table_name
Немесе SHOW MASTER STATUS
Немесе SHOW MASTER LOGS
Немесе SHOW SLAVE STATUS
SHOW командасы деректер қоры, кесте, бағандар немесе сервер күйі бойынша мәліметтер ұсынады. Егер LIKE wild қолданылса, онда wild жолы өзінде SQL `%' және `_' шаблонды символдарын қамтуы мүмкін.
1 Деректер қоры және таблицалар туралы мәліметтер алу
Егер сіз деректердің атын немесе кестелерді, немесе қандай да бір кестенің құрылымын (мысалы баған аттарын) ұмытқан болсаңыз не істей аласыз? MySQL де осы мәселені шешетін бірнеше командалар қарастырылған.
SHOW DATABASES командасы MySQL сервері орнатылған компьютерге мәліметтер қорының тізімін береді. Бұл тізімді сондай-ақ mysqlshow пәрмен жолын пайдаланып алуға болады.
mysql> SELECT DATABASE();
+------------+
| DATABASE() |
+------------+
| menagerie |
+------------+
SHOW TABLES командасы көрсетілген деректер қорында кестелер тізімін көрсетеді. Бұл тізімді сондай-ақ mysqlshow DB_NAME пайдалану арқылы алуға болады.
mysql> SHOW TABLES;
+---------------------+
| Tables in menagerie |
+---------------------+
| event |
| pet |
+---------------------+
Ескерту: Егер қолданушының кесте үшін ешқандай айрықша құқығы болмаса, онда кесте нәтижесі SHOW TABLES немесе mysqlshow db_name командасы арқылы көрсетілмейді.
DESCRIBE командасы арқылы, әр баған кестесіне мәлімет енгізетін, кесте құралымын анықтауға болады.
mysql> DESCRIBE pet;
+---------+-------------+------+-----+---------+-------+
| Field | Type | Null | Key | Default | Extra |
+---------+-------------+------+-----+---------+-------+
| name | varchar(20) | YES | | NULL | |
| owner | varchar(20) | YES | | NULL | |
| species | varchar(20) | YES | | NULL | |
| sex | char(1) | YES | | NULL | |
| birth | date | YES | | NULL | |
| death | date | YES | | NULL | |
+---------+-------------+------+-----+---------+-------+
1.2 Show table status
SHOW TABLE STATUS [FROM db_name] [LIKE wild]
SHOW TABLE STATUS командасы SHOW STATUS командасы сияқты жұмыс істейді, бірақ әр кесте үшін көп мөлшерде ақпарат береді. Төменде көрсетілган тізімді mysqlshow --status db_name командасын қолдана отырып алуғада болады.
Баған |
Мәні |
Name |
Кесте аты. |
Type |
Кесте түрі. |
Row_format |
Бағандарды сақтау форматы (Fixed, Dynamic, немесе Compressed). |
Rows |
Баған саны. |
Avg_row_length |
Бағандардың орташа ұзындығы. |
Data_length |
Мәліметтер файылының өлшемі. |
Max_data_length |
Мәліметтер файылының максималды ұзындығы. |
Index_length |
Индекстік файлдың ұзындығы. |
Data_free |
Бөлінген, бірақ қолданылмайтын байттар саны. |
Auto_increment |
Автоинкременттің келесі мәні. |
Create_time |
Кестенің құрылған уақыты. |
Update_time |
Мәліметтер файылының соңғы жаңартылған уақыты. |
Check_time |
Кестенің соңғы тексерілген уақыты. |
Create_options |
CREATE TABLE командасы үшін пайдаланылатын қосымша параметрлер. |
Comment |
Кестені құру кезіндегі ескертпелер. |
