Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ дастур.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Кенен әзірбаев

(19.6.1884, Жамбыл обл., Қордай ауд., Рославль а. – 12.4.1976, Жамбыл обл., Красногор ауд., Киров а.) – халық ақыны, халық композиторы, Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1956), Қазақстанның халық ақыны (1961), Жетісу әншілік дәстүрінің көрнекті өкілі. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген ол 11 жасынан өз жанынан өлең, ән шығара бастап, „Бозторғай”, „Көкшолақ” әндерін шырқаған. Автордың бұл кезеңдегі туындылары, негізінен, әншінің жеке басының төңірегінде өрбіп, көрген қорлығы мен зорлығы тілге тиек болады. Мұндай әндердің қатарына „Ри, қойым”, „Көпшілік, тыңда, әнімді”, „Тік шырқау”, „Мөртай сұлу” әндерін де жатқызуға болады. 1916 ж. ұлт азаттық қозғалысында „Он алтыншы жыл”, „Қайран елім”, „Аттан”, „Бұлбұл” әндерін, „Әли батыр”, „Қырғызбай” дастандарын жырлаған. Кеңестік дәуірдің жаңа жыршысы ретінде „Шаңқ етпе”, „Балдай боп”, „Колхоз әні”, „Жас екпін” әндерін жазса, Ұлы Отан соғысы жылдарында „Біздің Отан жеңеді”, „Жеңіс жылғы шаттық ән”, „Ел қуанышы”, „Сынаптай сырғақ дүние-ай” шығармаларын өмірге әкелді. Жоқтау тақырыбындағы „Базар–Назар”, „Күләшқа”, „Оразжан” толғауларының авторы.

Ол Жетісу өлкесінің әндерін, Арқаның әншілік дәстүріндегі шығармаларды және қырғыз халқының ән-жырларын да орындаған. Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері көп болды. Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды танымал әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алған. Сонымен қатар, қырғыз хаплқының атышулы өнерпаздары Тоқтағұл, Қалмырза, Оспанқұл, Әлімқұл, т.б. достық қарым-қатынаста болған. Ә-тің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері А.Жұбанов, Б.Г.Ерзакович, еңбектер жазған. Ол айтыс жанрына ерте араласқан. Шәлипа (1898), Ләтипа (1921), Кенжеқожа (1938), Әбдіғали (1943), Бопипа (1961), Есдәулет (1963) ақындармен айтысқан. Дастан жанрын да жастайынан жырлаған. „Шөпке барғанда” (1898), „Құдалар” (1920), „Әли батыр” (1916), „Қырғызбай” (1916-17), „Кенебай–Кербез” (1936), „Бұрынғы өткен батырлар” (1947), „Жалғыз қаз” (1960), „Жамбыл жыр” (1971), т.б. жыр, толғаулары бар. Ол 150-ден аса әннің авторы. Ә-тің өмірі мен шығармашылығына арналған дефекті кино-телефильмдер түсірілген. Ә. өмерге келген елді мекенде оның мұражай-үйі жұмыс істейді. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, „Құрмет белгісі” ордендерімен және бірнеше медалмен марапатталған.

Кенекең ақындық пен жыршылықта өзіне Сүйімбай мен Жамбылды ұзтаз тұтқан. Оның айналасындағы жекпе-жекке шығып жүрген замандастары, көрші қырғыз еліндегі „төкме” ақын-құрдастары – оның сол кезеңде ақын болып қалыптасуына үлкен септігін тигізді.

Кененнің ән өнеріндегі алғашқы ұстазы, өзі айтқандай, сүйікті анасы Ұлдар шешейден бастап, сол өзі өскенсауықшылхалық ортасы, сезімтал түйсігі үнемі сыбырлап сыр ақтарып тұратын сол өзі өскен табиғат аясы деуіміз керек. Шын талант – табиғат презенті. Ал, табиғат- өнердің таусылмас кені” – дейді автор. Кенен есейген кезде Арқаның ақиық әншісі Балуан Шолақтың өз түған жеріне келіп (Балуан Шолақ 1864 жылы Шу өңірінде, Хан тауының етегінде дүниеге келген), Жетісу жерін аралап Кененмен жүздескен сәтін, Нұрағаң „бұлқынған бұлақтың көзін ашқандай болды” деп сүреттейді. Сөйтіп, композитор арқа ардагерлерінің әні Жетісуға Балуан Шолақ арқылы және оның зерек шәкірті Кенен арқылы жетті деп пайымдайды. Және Кененнің сол сәтте шығарған „Балуан Шолақпен кездескенде” атты өлеңін келтіреді:

„Көзіңнің қырын салшы, Балуан аға,

Даңқыңыз талай елге барған, аға

Бала едім жаңа талап ақын-әнші,

Әніңді үйренетін алуан, аға”.

Кенекең өзінің өнерін қайдан дарығаны туралы өзінің „Менің ұстаздарым” атты өлеңінде анық айтады. Мұны да мақала авторы ой елегінен өткізіп, орынды келтірген:

Композитордың бұл өлеңі жоғарыда келтірілген пайымдау, жорамалдарға наңқты дәлел.

Жалпы әншілік өнерде және музыкатану ғалымында Кенен шығармашылығындағы „Бозторғай”, „Көкшолақ”, „Домбыра”, „Ри, қойым” сияқты әндер күрделі болғандарына қарамастан, халыққа кең тарап ертеден орындалып келеді. Ал композитордың „Шырқа, даусым”, „Көпшілік, тыңда әнімді”, „Бал құйылды даладан” деген сияқты әндері Төрткен апамыздың және Жетісу әншілік мектебінің қазіргі кездегі уәкілі әнші Ержан Қосбармақовтың көмегімен қайта жаңғырып орындалып жүр. Кенен әндірінің ішінде Жетісу өңірінің қара өлеңдерімен және қырғыз әндерімен сарындас әндер өте көп. Олай болуы заңды құбылыс. Әнші Кенен бүкіл өмір тарихын өнермен сабақтастырған тұлға.