Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ дастур.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

22.8.1845, Қазіргі Шығыс Қазақстан обл., Абай ауд., Қарауыл а. – 5.7.1904, сонда) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, филос., ағартушы.

„Жаңа өлшеулі, жаңа формалы өлеңдері Абайдың музыкалық шығармашылығына тікелей әсер етті. Абай әндерінің методикасы, ырғағы, формасы өзіне дейінгі қазақ әндеріне ұқсамады. Бірінші жағдай – Абай әндерінің әрқайсысының өзіне меншікті өлеңі болды. Қазақтың халықтық дәстүріндегі он бір буынды өлеңге келетін болса, әннің сөзін білмейтін, не ұмытқан адамның „Қарағым, айналайын, келдің қайдан” деп айта беретіндей еркіндік мұнда жоқ. „Сегіз аяқты” „Көзімнің қарасының” сөзімен айта алмайсың. Міне, бұл жай – музыка мен сөздің кәсіби дәрежеде қосылуы болды. Осының өзі айта қалғандай жаңалық. Сөйтіп, Абай музыка шығаруға сөз арқылы келді” деп көрсетеді А.Жұбанов.

Ол Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның әндерін жоғары бағалаған. Сонымен қатар, қазақтың аспапты музыкасын жете білді.

„Абайдың ән шығару қадамдарының кейбірі алғашқыда форма жағынан да халықтық негізде басталды. Мысалы, „Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа” деген әнінде, сөзсіз, арқаның ән дәстүрі көрінеді. Сол сияқты „Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” әнінде де, халықтық ән формасы басым. Абай музыка сөйлемінің ортасында бір дыбысты созып, шырқатып тұрмайды. Ол сөзге көбірек мән беруден, бірінші планға кейбір әндерде сөзін қоюдан болуы мүмкін” дейді А.Жұбанов.

„Абайдың басқа әншілерден айырмасы, ол қазақ әндерімен қатар, орыстың халық музыкасын, қаланың демократиялық әндерін және романстарды есітті. Ол Семейде бола жүре орыстың Глинка, Рубинштейн сияқты музыка шеберлерінің романстарын есітті. Абайдың орыс достары да оған музыка жағынан әсер етпей қойған жоқ. Демократиялық ән романс лирикасы ол кезде Россияның прогрессивтік интеллигенциясының арасында көп жайылды. Ал сол интеллигенцияның арасында көп жайылды. Ал сол интеллигенцияның бір тобымен үнемі кездесіп жүрген Абай олардан, сөзсіз, музыкадағы демократиялық ағымды түсінуге де жәрдем алды. Оның үстіне, Абай ауылына келген орыс достары, орыс қонақтары көңіл көтеретін кездерде ыңылдап ән салмауы, музыканың төңірегінде Абаймен әңгіме-дүкен құрмауы мүмкін емес. Бұларға қосымша Абайдың Петербурга оқып жүрген баласы Әбдірахман кәсіби аспапты музыка үлгілерін, батыстың музыкалық шығармаларын жаз айларында каникулға келгенде алып келіп жүрген. Абай ауылында солдаттықтан қашқан татарлардың сол арада қалып, қоныстанып, үйленіп, сіңіп кеткендері аз болмаған. Олар да өздерінің „тальянкалары”, скрипкалары, мандолиналары арқылы татар, орыс халық әндерін, орыстың қалалық әндерін орындаған. Абай ауылында домбыраға үш сым шек тағып тарту дәстүрі осылардан – мандолина үлгісінен болу керек” дейді А.Жұбанов.

Абайдың асқан музыкалық қабілеті, қазақтың халық музыкасын терең білетін, орындаушылықтың не бір түрінен хабары барлығының үстіне оның айналасында Мұқа сияқты скрипкашы, өзінің баласы Әбдірахман, Ақылбай, әнші Әлмағамбет, әйелі Әйгерім болды. Бұлардың алдыңғылары орыс, еуропа музыка үлгілерін орындаушы болса, кейінгілері қазақтың халықтық ән дәстүрінің белгілі адамдары болды. Абай „ұйымдастырған” поэзияда, музыкада жаңа, өткір тіл, ұнамды үн, қолайлы ырғақ іздеу, тәжірибе жүргізу „лабораториясының” тілектес, мақсаттас, белсенді „мүшесі” еді. Бұлардың „программаларында” Абайдың күшті жақтарын алып, дамытып, әлсіз соққан жерлері болса оған шылбырдың ұшын беріп, көтермелеп, көтеріп кету бар еді. Міне, сол мақсатта бұлар Абайдың жаратылыс берген қасиеттерінің кейбір шек қойылған кезеңдерін кеңейтіп алып кетіп те жүрді. Ол айтып отырғанымыз – Абайдың дауыстық шегі. Сөз жоқ, Абай Біржандай, Мұхиттай, Жарылғаптай алты қырдан асатын дауысқа қожа болған жоқ. Аспап үстінде отырып осы кездегі композиторлары сияқты дауысы жетпеген жерін жалғастыратын фортопиянада ойнаған жоқ. Сондықтан, шағын да болса, Абай да өзінің бар дауысымен ән шығарды. Әдетте, ол заманда ақын, композитор, орындаушы – үшеуі бір кісі болатын. Абай да сол рөлден құтыла алған жоқ. Солай да болса, бұл арада да Абайдың басқа халық композиторларынан айырмасы болды. Жоғарыда аттары аталған Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерім Абайдың „жәй дауысымен” айтып шығарып берген әндерін орындап беріп отырған. Абай әндері ауылынан шықпай жатып жоғарыдағы адамдардың елегінен өтіп, өңделіп барып, халық алдына тарады.

Абай әндерінің нотадағы үлгілері қазан төңкерісінен бұрын да басылған. 1939 ж. сол кездегі Қазақстанды зерттеу қоғамы Абай әндерін сақтап қалу, дамыту мақсатында бұл мәселеге қайта оралды. Абайдың ұрпағының бірі, Абай әндерін орындаудағы беделді әншілердің бірі Мұхаметжанова Мәкенді Алматыға шақырып, одан Абайдың 16 әнін нотаға жаздырады. Музыка зертеушілердің пікіріне қарағанда, Мәкеннің орындауындағы ән Абай әндерінің түпнұсқасына ең жақыны екен. Абайдың „Сегізаяқ”, „Бойы былғаң”, „Сен мені не етесің?”, „Қор болды жаным”, „Біреуден біреу артылса”, „Көзімнің қарасы”, „Айттым сәлем Қаламқас”, „Ата-анаға көз қуаныш”, „Сүйсіне алмадым, сүйіндім”, „Қараңғы түнде тау қалғып”, „Сұрғыл тұман”, „Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”, „Татьянаның әні”, „Онегиннің өлердегісі”, „Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа”, „Ішім өлген, сыртым сау”, „Қарашада өмір тұр”, „Желсіз түнде жарық ай”, „Өлеңді қайтып қоярсың”, „Онегиннің хаты”, т.б. әндері бар.