Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ дастур.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Майра Уәлиқызы

Майраның „Майра” әні барлық кәсіби композиторлар шығаратын, өзін таныстыратын, кәдімгі автопортрет-ән. Бірақ басқа осы тектес әндерге қарағанда Майра бұл әнде руының атын қосып, өзін мадақтамайды.

„Майра” әніндегі әйел лирикасының әуендері, құрбыларын жастық шақта ойнап, күлуге шақыруы - әннің ойнақы да көтеріңкі мінезін береді. Ән текстіндегі мағына тек қара өлең жанрына ғана емес сондай-ақ сал-серілердің эстетикасына, олардың ән мазмұндарына да ұқсайды. Ән жасаудағы Майраның музыкалық тәсілдері дәстүрден алшақ емес. Ол автопортрет жанрын шығаруға өте ыңғайлы ақындық мелодикалық формула. Әннің бірінші жолында пайда болған бұл формуланың көрінісінде де әйелдәктің ізі бар. Басқа композиторлар сияқты жоғарғы тоникада бар күшін салып түрақтап алмай, жеңіл пунктирлі ритммен тониканы айналасындағы дыбыстармен өрнектеп барып орнығады. Бұл оның жұмсақ та, нәзік болса да күші барын көрсетеді. Композициялық құрылысы жағынан - ән төрт тармақты шумақ және қайырмадан тұрады. Бір тармағы екі әуен жолға бөлінген тармақ формасы, алғашқы үш тармағында да қайталанады. Мұның өзі - әйелдің лирикасы ғұрыптық әндерден алыс емес екендігін білдіреді. Үшінші тармақтың соңында ғана асинхрондылық тәсілімен әуен төртінші тармаққа ауысып, баяндау нотасымен аяқталады. Алдыңғы әуен үлгі болып қалғандай, шумақтың соңғы бір бунағы қайырмаға асинхрондық тәсілмен жалғасып, қайырманың басы іспеттес әсер қалдырады. Қайырма екі бөлімнен тұрады. Оның алғашқысы бесінші басқышта аяқталып, әуен бітпей қалған тәрізді естіледі, ал екінші бөлім біріншісін қайталап соңында тонакаға келіп тіреледі. Майраның бұдан басқа „Бақша” және „Толқыма” деген әндері „Майра” әніне қарағанда әлде қайда күрделілеу.

„Бақша” – алғашқы әйел лирикалық әндерінің кәсіби үлгісі. Әйел лирикасы қазақтың түрмыс-салт, және халық әндерінде кеңінен орын алған.Ол қазақтың дарынды әйелдерінің жеке шығармашылықтарында ерекше дамыған. Бірақ басқа әйел композиторларға қарағанда Майра өзінің махаббат сезімін кәсіби деңгейдегі ән арқылы, оның стилі арқылы бере білді. Ән формасы –шумақ және қайырмадан құралған. Шумақ формасы - қайталанған жарты шумақтан құралған. Ән жасаудағы бұл үлгі көбінесе қара өлең формаларында көп қолданады. Формасы жағынан қарапайым болса да „Бақша” әніндегі әрбір тармақ кәсібилікті білдіретін интонациялардан құралған. Шумақтың да қайырманың да негізінде жоғарғы тониканы меңзейтін интонация бірден құлаққа ілінеді (АМФ). Әндегі кеңдік, талғам, сезім күші – осы бір қарапайым музыкалық тәсілмен берілген. Бұл әнде АМФ-тың шарықтауы өте жәй темпте минорлы ладта дамиды, ол әрине әннің ішкі сезіміне, терең эмоциясына берілуге әдейі қолданған тәсіл. Сезімнің ішіндегі күш пен еркіндік те музыкалық өңдеуде ерекше үйлесімділік тапқан. Әрбір жоғарыға қарай өрлеп тұрақтайтын әуенге төмен қарай тұрақты сатылармен түсетін әуен жауап ретінде беріледі. Қайырмадағы әуен шумақта айтылған мәселелердің бәрін қорытындылайды. Әрі қарай еш қандай күрестің жоқ екенін білдіреді. Әуен толығымен сезімге бағынышты болып кетеді.

Майраның тағы бір әні автопортрет жанрында шығарылған „Толқыма” деген ән. Мұнда осы жанрға сәйкес өзін-өзі таныстыру, шыққан тегін мадақтау тәсілдері қолданған. Басқа осы сияқты әндерге қарағанда мұнда жаңашылдық көп. Ең бастысы Майраның өзінің ел ішіндегі орнын анық айтуы, яғни малға сатылатын қыз емес, өнер адамы екенін түсіндіруі. Майра бұл әнде жеке басындағы еркіндікке хақысы барын да айтады. Ол өз шығармашылығын құстың самғауымен салыстырады. Шын мәнінде де самғаған ән сөзден де бұрын шығарманың негізгі ойын жеткізеді. Музыкалық тәсілдердің күрделілігі мен байлығы салмақты ән тексттеріне сәйкес келеді. Олардың ішінде ең маңызды орын алатыныны ақындық мелодикалық комплекс. Ол әншінің даусындағы күш-жігерін, іштегі шерін, ызасын, халыққа деген сөзін айтып жеткізуге өте бір ыңғайлы форма. АМФ бұл әнде әр түрлі болып берілген. Оның негізгі түрі – классикалық, төменгі тоникадан жоғарғы тоникаға шарықтап, сонда фермата арқылы тұрақтауы. Бұл әндегі оның маңыздылығы шумақта үш рет қайталануымен де дәлелденеді. Шумақтың басындағы екі тармақта бір әуен беріледі. Ол әуеннің соңында одағай сөздің орнына тониканың маңайындағы дыбыстардан құралған алексикалық әуенге жол бері леді. Үшінші тармақтың басында да осы әуен басталғанымен әуен темпі жылдамдатылып, келесі жолға асинхронды тәсілімен жалғасып кетеді. Музыкалық өңдеудегі уақыт үнемі – жоғарғы композиторлық шеберлікті талап етеді. Бұл әндегі осындай тәсілдің шебер қолданысының нәтижесінде шумақ әуені төртінші тармақтың ортасында алексикалық қайырым және „Ой, шіркін” деген одағай сөзбен аяқталады. Негізінде шумақтың соңғы бунағы болып есептелетін бунақ қайырмаға ассинхронды тәсілмен жалғасып, алексикалық сөздерден тұратын қайырманың басы іспетті естіледі. Қайырмада жоғарғы тоникаға тұрақтау - ән дәрежесінің биіктігін, үлкен орындаушылық шеберлікті қажет ететіндігін білдіреді. Майраның бұл әнінде – оның әртістік интелектісі, әйелдік жұмсақтығы, талантының тереңдігі, шыңдалған өнері, барынша пайдаланылып, айқын көрініс тапқан.