Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ дастур.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Ақан сері Қорамсаұлы

1843, бұрынғы Көкшетау обл., Айыртау ауд., Қоскөл елді мекені – 1913 – халық ақыны, әнші, композитор. Ауыл молдасы – Күнтеу деген кісіден сауатын ашып, Қызылжардағы Уәли ахунның медресесінде дәріс алған. А. с. жас шағынан халықтың ән-күй өнерімен таныс өскен. Кейін өзі де ән салып, айналасындағы жас өнерпаздармен бірге ел аралап, сауық құрған. Сәнді киініп, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, серілік құрады. Ол әншілік, композиторлық өнерінде атақты Біржан салды ұстаз санаса, Балуан Шолақ, Естай, Иманжүсіп, Құлтума, Үкілі Ыбырай сияқты әнші-композиторлар А. с-ның өнер жолындағы достары болған. Бұлар бір-бірінің әнші-орындаушылық әрі композиторлық шығармашылығының дамуына игі әсер етеді. А. с. өз әндерімен қатар, халық әндерін де орындаған. Оның ән шығармашылығы жанрлық жағынан да, тақырыбы жағынан да ерекше назар аударатын мұра. „Сырымбет”, „Шәмсі Қамар”, „Мақпал”, „Қаранар”, „Ақ көйлек”, „Ақ тоты”, „Іңкәр-ай”, „Үш тоты”, „Ақсаусақ”, „Перизат”, „Кепсер” әндері оның жас шағында шығарған терең тебіреністі лирикалық туындылары. „Еркер”, „Көкшетаудың биігі”, „Әйкөк”, „Кеткенің бе, Ақтоты”, әндерінде махаббат мұңын табиғат сұлулығымен ұштастырса, „Көкжендет”, „Қараторғай”, „Маңмаңгер” сияқты әндерде аңшылық пен саятшылықты, алғыр қыранды, жел жетпес жүйрікті, тайпалаған жорғаны сипаттап, көз алдыңа елестетеді.

Оның ән шығармашылығында трагедиялық үн, қайғы-мұң сарынын әкелген әндердің бірі – „Құлагер” әні. Мазмұны жағынан бұл ән Мұхиттың „Зәуреші”, Кененнің „Ақешкісі” секілді кәсіби жоқтау әндердің қатарына жатады.

А. с. әндерін музыка тілі бойынша екі топқа бөлуге болады. Алғашқысы: Арқаның кәсіби әндері дәстүріндегі шығармалар („Құлагер”, „Көкжендет”, „Мақпал”, „Әудемжер”, т.б.), екінші топ – диапазоны орташа, орындаушылыққа үлкен талап қойылмайтын музыкалық тілі қарапайымдау әндер („Қараторғай”, „Маңмаңгер”, „Балқадиша”, т.б.).

А. с-нің ән шығармашылығы кезінде Арқаның әншілік-орындаушылық өнерінің дами түсуіне ғана әсер етіп қойған жоқ, сондай-ақ, біздің заманымыздағы кәсіби әнші-әртістердің репертуарынан орын алып, олардың әншілік өнерінің жетіле түсуіне ықпал етті. Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, Қ.Бабақов, Т.Арғынбаев, М.Ержанов, Қ.Лекеров, М.Шалқаров, Н.Әбішев сияқты әншілер А. с. әндерінің шебер орындаушы-интерпретаторлары, насихаттаушысы болды. А. с-ның ән шығармашылығы, үздік композитиорлық таланты, асқақ әншілік орындаушылық өнері халыққа кең танылды. Оның әндері Қазақстан композиторларының шығармашылығынан да жан-жақты орын алып келді.

Е.Г.Брусиловский „Құлагер”, Балқадиша” әндерін кезінде „Жалбыр” операсында қолданса, „Балқадиша” әнінің тақырыбына Д.Д.Мацуцин, С.Мұхамеджанов вариацияларын жазды. „Мақпал”, „Сырымбет” әндері Ғ.Мүсіреповтің „Ақан сері – Ақтоқты” пьесасында пайдаланылды. Ал Мұхамеджановтың „Ақан сері – Ақтоқты операсы (либр. Мүсіреповтікі) А. с. өміріне арналған туынды.

Ш ы ғ.: Ақан сері Қорамсаұлы, әндері, А., 1959; ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағы, А., 1962; Ақан сері Қорамсаұлы, шығармалары, А., 1963; Ақан сері. Маңмаңгер, Өңделіп толықт., 2-бас., А., 1988.