Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ дастур.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Жыраулық өнер

Халқымыздың ерекше қадірлейтін дарынды тұлғалары, қасиетті мұраларды тудырушы, жасаушы, және келер күндерге ұластырушы таланттар – жыраулар мен жыршылар. Замана көші ілгері жылжыған сайын әртүрлі өзгерістерге ұшыраған жыраулық, жыршылық өнер халықпен бірге жасап келеді. Халқымыздың сан ғасырлық тарихына көз жіберсек, жырау, жыршы, ақын тұлғасын айқын тануға болады. Жырау ең әуелі қолма-қол ағытылып жүре беретін ақпа-төкпе, суырып салма ақын. Сонымен қатар, қысылғаңда жол табар, халық қамын ойлар ел ағасы, алдағыны болжар көреген абыз, екі талай кезеңде қиын істің түйінін шешер, ханға да, қараға да бетің бар, жүзің бар демей келісті кесім айтар ауызы дуалы би, ел басына күн туғанда өзі бас болып жауға қарсы қол бастар батыр. Жырау заман, өмір мәні, адамдық өрелі істер сияқты ілеулі ірі , іргелі мәселелерді толғаған.

Жыраулар да ақындар да көбінесе, өз шығармаларын өздеріне дейінгі ақын, жыраулар мұрасын, халықтық жыр-дастандарды ел арасында жырлып таратып, насихаттап отырған. Әрине жыраулардың да, ақындардың да арасында жыршылық өнерді машық етпегендері де болған.

Жыршының аз білетіні де, ағыл-тегіл көп білетін айдындысы да болады. Телегей теңіздей халық мұрасын көп білетін, апталап, айлап, жырлайтын айтулы, үздік жыршыларды «жырау» атаған. Ондай өнерпаздар өздері өлең , жыр шығаратын ақпа ақындығы болмаса да, табиғи қабілет-дарыны арқасында көптеген әдеби мұраларды өз қалпында жырлаған. Бұлар шын мәнінде жыршы-жыраулар. Мұрын жырау, Сүгір жырау, Мұса журау, Қарасай жыраулар – осындай талант иелері. Кейбір жыршы-жыраулар жырлап жүріп, өздері де ағытылып, суырып салатын болған. Ондай жырауларға Сүгір, Ұзақбай жырауларды жатқызуға болды.

Қазақ жерінде жыраулық өнер әр түрлі кезеңдерде, үш жерде дамыған: Маңғыстау жыршылық дәстүрі, Сыр өңірі және Жетісу дәстүрі. Маңғыстау өңірінің жыршылық дәстүрін қалыптастырған Нұрым Шыршығұлұлы, Қашаған Күржіманұлы, Ақтан Керейұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Сәтіғұл Жанғабылұлын атауға болады. Қазіргі кезде бұл дәстүр өз жалғасын Амандық Көмеков, Мақсат Аяпов, Жеткізген Сейітов, Базарбай Сабыров, Елдос Еміл, Ақылбек Өтешов сияқты жыршылардан тапқан.

Сыр өңірінің жыршылық дәстүрі Тұрмағанбет, Нұртуған, Жиенбай, Жаппарберді, Дәріғұл, Жаңаберген жыраулардың септігімен қалыптасқан.

Бұл өңірдің жыршы-жырауларына тән басты ерекшеліктердің бірі-көмеймен жырлау. Қазіргі кезде бұл дәстүрді жалғастырып жүрген жыршылар саны кобеймесе кеміген жоқ. Бұл қатарда Алмас Алматов, Берік Жүсіпов, Элмұра Жаңабергенова, Серік Жақсығұловтарды атауға болады.

Жетісу жерінде жыршылық дәстүрді Қаблиса жырау, Сүйінбай, Бақтыбай, Сарыбай, Есенгелді, сияқты үлкен ақын жыраулар қалыптастырса, бұл күнде Ержан Қосбармақов, Ақан Әбдуалиев сияқты жыршылар жалғастырып. Ата-баба аманатын лайықты дәрежеде насихаттап жүр.

Арқа жерінде қазіргі кезде жыр-термелер орындалмағанмен, ол жерде де бір кезде бірнеше ақын-жыршылардың өмір-сүргенін жазба әдебиеттерден, зерттеу жұмыстарынан білеміз. Шоқан Уалиханов көзімен көріп өзінің естелігінде жазып кеткен қобызбен жыр жырлаған Жанақ ақын сол жыраулардың бірі ғана. Араға бір ғасыр салып ол дәстүрді әнші Бекболат Тілеухан қалыптастыра бастаған еді. Өкінішке орай әнші ұстаздық қызметтен кеткеннен кейін қобызбен жыр айту дәстүрі одан әрі жалғасын таппады.

Жырау-жыршы сияқты құбылыстар тұтас түркіге немесе қазаққа ғана тән дүние емес, жалпы адамзатқа тән құбылыс. Жалпы жыраулық өнерді сақтап қалу бір не екі адамның қолындағы нәрсе емес. Оған тұтастай халық, мемлекет ат салысу керек.

Қазақтың дәстүрлі ән-күй өнері

Қазақтың әншілік өнері еліміздің жағрафияляқ орналасуына байланысты бірнеше мектептерге бөлінеді. Олар Батыс, Арқа және Жетісу әншілік мектептері деп аталады. Батыс әншілік мектебінің іргетасын қалаған Мұхит сал, оның жалғастырушылары Ауқат, Қиса, Аманғали, Қайып, Ғарекеңдер болса, Арқадағы әншілік - Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Мәди, ұзын тізбегі он шақты әнші-композиторлардың есімдерімен байланысты. Ал Жетісудағы әншілік мектептің қалыптасуына себепші болған, діңгегіне ту тіккен - ән дүлділі Кенекең деп айтсақ қателеспейміз. Зерттеуші-ғалым Мырзатай Жолдасбеков өзінің „Тоқсан толғау” атты еңбегінде жетісуда Кененнен де бұрын әншілердің болғандығын жазады. Ғалымның пайымдауынша олар он тоғызыншы ғасырдың басында өмір сүрген Ақан, Біржандардың замандастары Дәурен сал, Тәкен сал деген сал серілердің жұрнағы, әнші-сазгерлер. Жетісуда да әншілік мектеп бірталай әнші-композиторларды тудырған. Олардың алды Қапез, Пішан, Сәдіқожа, Сауытбектер болса, кейінгі әншілік өнер Қарға, Әсімхан, Дәнештермен жалғасқан.

Қазақтың кәсіби өнері 19 ғасырдың басында қалыптаса бастады. Дәстүрлі өнер екі арнада дамыды. Оның бірі әншілік өнер, екіншісі күйшілік өнер. Күйшілік өнердің негізін қалаған Боғда, Мәмен, Ұзақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сынды атақты композиторлар болған. Ал дәстүрлі әншілік өнерді - Сегіз сері, Нияз сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайлар қалыптастырды. Еліміздің географиялық орналасуына байланысты дәстүрлі ән-күй өнері бірнеще мектептерге бөлінеді. Мысалы күйшілік дәстүр төкпе, шертпе деп екі арнаға бөлінсе, оның ішінде төкпе дәстүріндегі Батыс мектебінің ішінде Маңғыстау мектебі бөлек орындаушылығымен ерекшеленеді. Шертпе күйшілік мектебі – Арқа, Қаратау, Жетісу деп бөлінеді. Маңғыстау мектебін қалыптастырған – Абыл, Есбай, Есір, Құлшар деген күйшілер. Ал Орталық Қазақстандағы күйшілік мектепті қалыптастырған – Дәулеткерей, Әбді, Сембек, Қыздарбек, Аққыз олардың жалғастырушылары – Әбікен Хасенов, Мағауя Хамзин деген кісілер болған. Шығыстағы шерпе мектебін – Байжігіт, Жетісудағыны – Қожеке, Қаратаудағыны – Сүгір және оның жалғастырушысы Толеген Момбеков қалыптастырған.

Қай ғасырда өмір сүрген әнші-композитор болса да халық ішіндегі өзінің орнын анық білген. Академик Ахмет Жұбанов қазақ әнінің ел ішіндегі қадірі жайлы айта келе: „Халық аузында „Бір әнді сатып алдым құнаннарға“, немесе „Сұрасаң менің атым Таңжарбаймын, болсам да малға жарлы әнге баймын“ деген өлең жолдарынан әннің аса жоғары бағаланғанын, әншілердің өз өнерлерінің құнын білгендігін ұғуға болады“ дейді. Шынында да кез-келген әнші, өнер адамы халықтың алдына шығып өнерін көрсетер алдында өзі туралы алғашқы орындайтын әнінде айтып кетеді. Музыка зерттеу тарихында мұндай әндерді «автопортрет» әндер дейді. Яғни өзін-өзі таныстыру әндер. Кейбір әнші-композиторлар өмірінің соңында кейінгі ұрпаққа насихат-аманат әндерін қалдырған. Ондай әндерінде жастарға насихат айтып, әнінің аманат етіп қалдыратынын айтады. Ал кейде жас кезінде елдің құрмет-қошеметіне бөленіп, қартайғанда керексіз, іздеусіз қалғандығын айтады.

Дәстүрлі әншілік өнер

Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері өз ішінде – Арқа, Батыс, Жетісу деп үш мектепке бөлінеді. Арқа мектебі – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының шеңберінде орындалады. Жетісу дәстүрі – Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысының кейбір аудандарында айтылады. Батыс әншілік мектебі – Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы және Маңғыстау облыстарында айтылады.

Арқадағы әншілік мектепті қалыптастырған Ақан сері, Біржане сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Майра, Естай тағы басқа әнші-композиторлар. Жетісудағы әншілік мектепті қалыптастырған – Кенен, Пішән, Қапез, Сәдіқожа, Әсімхан тағы басқа әнші-композиторлар болған. Батыстағы әншілік мектепті қалыптастырған Мұхит Мералыұлы деп білеміз, бірақ Мұхиттан да бұрын Батыс жерінде Шаңгерей, Мұхаметкерей деген оның ұстаздары және Ауқат, Қиса, Қызыл, Қайып деген замандас-әншілер болған. Батыс ән мектебін осы заманға жеткізген, әнші Ғарифолла Құрманғалиев. Батыс әншілік мектебіне жататын Маңғыстау жерінде «Жеті қайқы» деген атпен жеті өнерпаз өткен . Қайқы деген сөз – сал-сері деген мағынаны білдіретін.

Жалпы кәсіби өнерпаз деп жан-жақты өнері бар, халыққа аты кең тараған, шығармалары ел аузында жүрген өнерпаздарды айтады. Олардың шығармалары міндетті түрде күрделі болып келеді. Шығармаларының ішінде өзін халыққа таныстыратын «автопортрет» әндер болады. Олардың көбісі өмірлерін тек өнерге арнаған, яғни қосымша кәсіппен айналыспаған. Олар тек өнермен ғана жандарын баққан адамдар болған.

Бұл мектептердің қай-қайсысы да қара өлеңмен, сол өңірге жақын кәсіби ақындық немесе жыраулық институттардың қосындысынан пайда болған. Соның нәтижесінде жартылай жырдың әуендеріне, жартылай қара өлеңдерге ұқсас әндер туындап „кәсіби ән” деген өз еншісін алып кеткен.

Мысалы, Арқаның кәсіби әндері Жетісу кәсіби әндеріне ұқсас болғанымен, Батыс әндерінен мүлдем өзгеше. Бұл әншілік мектеп қара өлең формасында көп тұрақтамаған. Кейбір композиторлардың лирикалық әндері болмаса, баса көпшілігі күрделі формада шығарылған. Яғни, арқа әншілік мектебі даму сатысында өзгеше жол тауып, тамырын тереңге жайған деп айтсақ болады. Себебі бұл өңірдің орындаушылық мектебі де жақсы дамып, осы күнге дейін өзінің дамуын үзбеген.

Ал, Жетісу әншілік мектебі, түбегейлі қара өлеңнің негізінде қалыптасқан деп нақты айтуға болады. Дегенмен де осы өңірдің кейбір әндерінде жыр мақамдарының әуенін естуге болады. Жетісу мен Арқа жерлерінің жақындығынан болу керек – Жетісу әндерінің Арқа әндерімен ұқсастығы көп. Бұл өңірлердің әндері - шертпе, немесе біркелкі қағыспен сүйемелденеді. Батыстың кәсіби әндері туралы айтатын болсақ, бұл әндер қара өлең формасына өте жақын. XIX ғасырдың аяғында-ақ қара өлең кәсіби әннің ішінде дами бастады. Батыстың кәсіби ән мектебі өз ішінде Мұхит әндері және Маңғыстау әндері болып екі салаға бөлінеді. Бұл екі салада да формасы жағынан нағыз кәсіби әндерге сай келетін әндер өте аз. Нағыз кәсіби әндердің құрылысы күрделі, әр тармақта жаңа әуен беріледі. Батыстың көп кәсіби әндері бұл формаға сай келмегенімен, орындаушылығы жағынан үлкен диапазонды, шеберлікті, бір сөзбен айтқанда кәсіби орындаушылықты қажет етеді. Жалпы осы мектептердің қай-қайсысын да бірінен-бірін ажыратуға болады. Ол, ең әуелі аспап сүйемелінің ерекшелігінен аңғарылады. Кәсіби әнді орындаушы домбырамен сүйемелдеген кезде әннің басында немесе ортасында, шумақ арасында міндетті түрде күрделі құлақкүй (проигрыш) ойнайды. Батыста - ән жоғарғы регистрден басталып, аспап төкпе қағысымен сүйемелденеді.