Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КМЛ дастур.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.36 Кб
Скачать

Үкілі ыбырай сандыбаев

Ыбырай 1960 жылы бұрынғы Көкшетау уезі, № 5 ауылында дүниеге келген. Руы Қарауыл, оның ішінде Қалдаман. Жас кезінде ауыл молдасынан хат танып сауатын ашқан. 8-9 жасынан ән сала бастаған. Шаруаға жас кезінен ыңғайы болмаған. Әкесі Сандыбай аздап ұсталық құрып, ағаш шебері болған. Ал, Ыбырай, айналасындағы ағайын-тумаларының айтқандарына көнбей, ерте атқа мініп, серілік жолға беттеген.

Жасынан өлең-жырға құмар Ү.Ы. Орынбай, Арыстанбай, Шөже, Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай әншілердің дәстүрін үйреніп, олардың әндерін насихаттаған. Оның 40-тан аса әні белгілі („Гәкку”, „Арарай”, „Кідік-ай”, „Дүние”, „Шалқыма”, „Көкше”, „Сүйгенім кете барды қасыма еріп”, „Қалқа бел”, „Қалдырған”, „Желдірме”, „Жиырма бес”, т.б.). Суырып салмалық өнері бар Ү.Ы-дың Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтысы сақталған. Әнші шығармашылығының шыңы болып есептелетін „Гәкку” әнін Е.Г.Брусиловский „Қыз Жібек” операсында Жібектің негізгі ариясы ретінде пайдаланған. „Арарай” әні „Ер Тарғында” (Ақжүністің ариясы) орындалады. Әншінің шығармашылығы Ш.Хұсайыновтың „Қайран Гәкку” пьесасына, Т.Қажыбаевтың „Қалдырған”, „Тағдыр” новеллаларына арқау болған.

Әнші 1930 ж. „Колхоз құрылысына қарсы гіт-насихат таратқаны үшін” қамауға алынып, сол жылдың 20-қарашасында Солт. Қазақстан обл. мемл. саясат басқармасының қаулысы бойынша ату жазасына кесіліп, мал.-мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Алайда, кейін ол үкім жеңілдетіліп, Қиыр Шығысқа 10 жылға айдауға жіберіледі. Осыдан кейін ақынның өмірі туралы дерек жоқ. Ш ы ғ.: Ыбырайдың әндері, // құраст. Б.Г.Ерзакович, А., 1959.

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әні халық арасына 4 түрлі нұсқасымен таралған»-дегенді сазгер-зерттеуші Илья Жақанов өзінің «Үзілген ән» атты еңбегінде айтады. Әңгімемізді осы кісінің жаңа ғана айтып өткен кітабындағы келтірген деректеріне сүйене отырып, ең алдымен бұл әннің Үкілі Ыбырайдың соңғы туындысы болуы керек деген тұжырымды айтып өткенді жөн санап отырмыз. Илья ағамыз көзкөргендердің айтқанын растай келе, бір жағы осы әннен кейін автордың ұсталғанын тілге тиек етеді. Бұл шығарманың сөзіміздің басында айтқандай төрт түрі болуының мәнісі - ақын-әншінің өз дүниесін көңіл қошына қарай түрлендіре айтуында болса керек. Үкілі Ыбырайдың көп шәкірттерінің бірі Байсейіт әнші ұстазымен қауышқан соңғы бір отырысында, ол кісінің қайта-қайта «Қалдырған» әнін салғанын естелік қып айтады екен. Ән сала отырып, арасында уһілеп, сондай мазасыз күй кешкен Үкілі Ыбырай өзіне сондай ыстық тартқан осынау әнді сол кеште шәкірті Сұрағанға да қайта-қайта салғызған.

Үкілі Ыбырай өзімен бірге қамалған, алайда босанып шыққан Атығай елінің екі адамынан соңғы «Қалдырған» әнін жолдайды. Ол екеуі әнші аманатын шәкірті Беркімбайға әкеліп тапсырады. Жылдар өте Беркімбай ақсақал өзіне аманат етілген бұл шығарманы Үкілі Ыбырайдың дәл ұстаған сәтіне куәгер болған, оған жасырып дән берген Ахметқалиға береді.

Бұл әннің қазіргі кезде екі нұсқасы кең тараған. Оның біреуі әнші Қапаш Құлышеваның орындауында болса, екіншісі әншілердің майталманы Қайрат Байбосыновтың орындауында халықтың жадына сіңген. Әннің құрылысы әннен гөрі толғауға келсе де бұл ән ел ішіне Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» әні деп тараған. «Әннің шыққан кезеңінен қанша уақыт өтсе де тыңдаушыларға тура кеше ғана туғандай естіледі, жалпы қай жерде болса да, бұл ән жақсы қабылданады, өзінің тыңдармандары бар, елдің сұрап, сүйіп тыңдайтын әні» дейді әннің қазіргі кездегі насихаттаушысы Рамазан Стамғазиев.

Ыбырай 1932 жылы 72 жасында қайтыс болды. Оның артында көптеген әндер қалды. Оның «Ал,гәк», «Желдірме», «Толқын», «Шалқыма» деген әндері осы күнде де жиі орындалып тыңдаушылардың жүрегінде орын тауып жүр.

1 Елеманова С.А., Казахское традиционное песенное искусство. А.: «Дайк-пресс», 2000.

2 Сейдімбеков А., Мың бір маржан. 24-бет. А.: «Өнер», 1989.

3 Уалиханов Ш.Ш., Таңдамалы. Бес томдық.III-т. 114-бет. А.: «Жазушы», 1961.

4 Сейдімбеков А., Мың бір маржан. 29-бет. А.: «Өнер», 1989.

5 Сейдімбеков А., Мың бір маржан. 33-бет. А.: «Өнер», 1989.

6 Сейдімбеков А., Мың бір маржан. 34-бет. А.: «Өнер», 1989.

7 Уахатов Б., Қазақтың халық әндері. 235-бет. А.: «Ғылым», 1974.

8 Сейдімбеков А., Мың бір маржан. 43-бет. А.: «Өнер», 1989.

9 Сейдімбеков А., Мың бір маржан. 67-бет. А.: «Өнер», 1989.

14