- •050112- «Химия» мамандығына арналған «Химия тарихы» пәні бойынша
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1 Жалпы мәліметтер:
- •1.7 Оқу жоспарынан көшірме
- •2.2 Пәннің міндеттері:
- •3 Тапсырманың түрлері мен тізімі және оларды орындау кестесі
- •3.6. Әдебиеттер тізімі
- •3.7 Рейтинг-шкала
- •3.8 Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалаудың критериилері мен шкаласы:
- •4. Курстың саясаты
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •. Пәннің тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ тезистері
- •1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. Химия тарихының маңызы. Химия ғылымының даму кезеңдері.
- •1. Дәріс тезистері:
- •2. Дәріс тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Алхимияға дейінгі және Алхимия кезеңі. Иатрохимия және техникалық химия.
- •2. Дәріс тезистері:
- •3. Дәріс тезистері:
- •4. Дәріс тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.
- •4. Дәріс тезистері:
- •5. Дәріс тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.
- •5. Дәріс тезистері:
- •6. Дәріс тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.
- •6. Дәріс тезистері:
- •7. Дәріс тақырыбы: XX ғасыр химиясы. Ресейдегі және Қазақстандағы химия ғылымының дамуы.
- •7. Дәріс тезистері:
- •2.3. Семинарлық сабақ жоспары
- •1. Сабақ тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия.
- •2. Сабақ тақырыбы: Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.
- •3. Сабақ тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.
- •4. Сабақ тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.
- •5. Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж) соөж өткізу формасы:
- •2.6 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.7 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары
- •Модуль бойынша бақылау сұрақтары
- •1. Ежелгі дәуірден XIX ғасырдағы химияның даму тарихы сұрақтары
- •XX ғ. Химия тарихы сұрақтары
- •2.8 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
3. Дәріс тезистері:
XV-XVI ғасырларда Еуропада сауда мен материалдық өндіріс қатты қарқынмен дами бастады. XVI ғ. Еуропа техникасының даму деңгейі Антикалық дәуірдің гүлденген кезеңінен де асып түсті. Техникадағы өзгеріс теорияның алдында жүрді. XVII ғ. жаратылыстанудың дамуына үлкен үлес қосқан ірі философиялық еңюектер жарық көрді. Френсис Бэкон лорд Веруламский ғылыми дискуссияның негізгі шешімі тәжірибеге сүйенуі керек деген ой тастайды («Новый органон» және «Новая Атлантида» шығармалары).
Он жетінші ғасырда философияда атомистік ұғым пайда болды (Рене Декарт) және физика, механика, математика және астрономия салаларында үлкен жетістіктерге жнтті. Галилео Галилей классикалық механиканың негізін қалап, физикаға ойлаудың тәжірибелік әдісін енгізді. Нәтижесінде тәжірибелік көрсеткіштерге сүйенетін жаңа жаратылыстану дүниеге келді. Ол ұйымдастырудың жаңа формаларын дүниеге әкелді. Ғылыми қоғам мен ғылым академиясы пайда бола бастады.
XVII ғ. екінші жартысында болған ғылыми төңкеріс нәтижесінде ғылыми химия қалыптасты. Оның негізін қалаушы ретінде Роберт Бойль саналады. Р.Бойль «Химик-скептик» атты еңбегінде химияның жаңа мақсатын айқындап, химиялық элементтерді іздестіріп, зерттеудің бағдарламасын ұсынып, химияға индуктивті әдісті енгізді.
Ғылыми химияның алғашқы теориясы – флогистон теориясы болып табылады. Ол заттың құрамы жайлы ілімді зерттеп, элементті белгілі бір қасиетті бойында ұстаушы ретінде қарастырды.
Негізгі әдебиеттер: 1 -12.
Қосымша әдебиеттер: 13-14.
4. Дәріс тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.
Дальтонның, Бойль-Лемеридің Ньютонның, Ломоносовтыңт.б. ғалымдардың атомистік ұғымдары мен теориялары;
Авогадроның молекулалық теориясы.
4. Дәріс тезистері:
Атом-молекулалық ілімнің алғаш пайда болып, қалыптасуымен химияның дамуында жаңа кезең басталды. Дальтонның Атомистикалық және Авогадроның молекулалық теориялары қазіргі кездегі химияның түпкілікті негізін құрады. Атом-молекулалық ілім химияда жинақталып қалған көптеген фактілерге түсініктеме беріп, атомдық теорияның маңызын көрсететін жаңалықтарды ашуға негіз болды. Дальтон мене Авогадроның теорияларынан атом мен молекуланы қатар қарастыратын маңызды заңдылықтар туындады. Міне осыдан бастап, молекуладағы атомдардың орналасу ретін және химиялық байланыс түрін анықтауға мүмкіндік беретін қосылыстардың құрылысын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады.
Негізгі әдебиеттер: 1-12.
Қосымша әдебиеттер: 13-17.
5. Дәріс тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.
Органикалық химияның даму тарихы;
Структуралық химия (химиялық құрылыс теориясы);
Стереохимия.
5. Дәріс тезистері:
XIX ғ. алғашқы онжылдығында текстиль және бояу өнеркәсібінің сұранысы табиғаты осы кезге дейін белгісіз болып келген органикалық заттардың қасиетін зерттеу жұмысын дамытуға негіз болды. Бұл салады А.Лавуазье ұсынған органикалық заттардың элементтік анализінің маңызы зор болды. Ол алғаш рет заттардың сандық құрамын анықтады. А.Лавуазье – органикалық заттар күрделі радикалдардың оттегімен қосылуынан пайда болатынын айтып, органикалық қышқылдардың жіктелуінің негізін қалағанын жариялады. Кейіннен Ж.Гей-Люссак, Л.Тенар, Я.Берцелиус және Ю.Либих жүргізген аналитикалық зерттеулер органикалық қоспаның сандық құрамын анықтап, ондағы элементтердің қатынасын белгілеуге мүмкіндік берді. Я.Берцелиус еселік қатынас заңының дұрыстығын дәлелдеп, органикалық қосылыстырдың радикалы туралы ілімді қалыптастырды.
1860 жылға дейін химиктер заттың құрамын зерттеп, классификациялап, көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстырадың эмпирикалық және рационалды формулаларын анықтаумен айналысты. Заттың қаситеі туралы мәліметтің жинақталуы, химиялық қосылыстардың қасиеті мен құрамын анықтау химиялық білімнің шегі емес, бұл ғылымның негізгі мақсаты – заттың қасиетінің оның құрамы мен құрылысына тәуелділігін зерттеу екендігі байқала бастады. 1860 жылдың басында химияда: қосылыстардың химиялық формуласы оның құрылысын және қасиетін анықтайды деген жаңа ұғым қалыптасты. Бұл салада А.М.Бутлеров, А.Кекуле, В.В.Марковников т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді.
XIX ғ 70-жылдары химиялық құрылыс теориясы толық бекігеннен кейін химиялық қосылыстардың кеңістіктік құрылысы туралы ілім қалыптаса бастады.
Негізгі әдебиеттер: 1 –12.
Қосымша әдебиеттер: 13-17 .
