Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИМИЯ ПНІНЕН ТЖІРИБЕЛІК САБАТАРА АРНАЛАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ЖИНАЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.59 Кб
Скачать

А.К. Мамырбекова, қ.Қ. Бабашева химия ПәНінен тәжірибелік сабақтарға арналған тест тапсырмалардың жинағы т‡ркістан - 2011

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған

Пікір жазғандар: х.ғ.к., доцент М.К. Қасымова (М.Ауезов атындағы ОҚМУ);

х.ғ.к., доцент м.а. А.С.Түкібаева (М.Ауезов атындағы ОҚМУ);

х.ғ.к., доцент Р.Н. Нұрділлаева (Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ)

А.К.Мамырбекова, Қ.Қ. Бабашева

Химия пєнінен тәжірибелік сабақтарға арналған тест тапсырмалардың жинағы. Оқу-єдістемелік құрал. – Түркістан, 2011. – 124 бет.

¦сынылған оқу-єдістемелік құралында Химия пєнінен тәжірибелік сабақтарға арналған тест тапсырмалардың жинағы берілген. Оқу құралы медицина, химия, экология жєне биология мамандықтар бойынша оқитын жоғары оқу орнының студенттеріне арналған.

 Мамырбекова А.К., Бабашева Қ.Қ.

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарының негізгі міндеті оқудың түбейлілігі екендігі жалпыға белгілі. Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау тестеріне енгізілген материалдарда медициналық-биологиялық бағыт айқын байқалады. Тест тапсырмаларында бейорганикалық, физколлоидты, биоорганикалық химияның негізгі түсініктемелері, заңдылықтары және ағзадағы қалыпты жағдайда және науқастанған кезде жүретін физикалық –химиялық құбылыстарды түгел қамтамасыз етілген.

Оқу-әдістемелік құралында химия пәнінің негізгі тақырыптары: химиялық термодинамика, химиялық кинетика және катализ, ерітінділер мен концентрацияның өрнектеу тәсілдері, буферлі ерітінділер, тотығу-тотықсыздану процестер, биогенді элементтер, дисперстік жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттері және органикалық химия бөлімінің келесі тақырыптар бойынша: спирттер, фенолдар, альдегидтер мен кетондар, гетерофункционалды органикалық қосылыстардың (аминқышқылдар, көмірсулар т.б.), гетероциклді қосылыстардың, майлардың құрылысы, реакциялық қабілеттілігі мен биологиялық маңызы бойынша тест тапсырмалардың жинағы берілген.

Оқу-әдістемелік құрал жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтары бойынша білім алатын студенттеріне арналған Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС-2006) және химия пәні бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.

Ұсынылған оқу-әдістемелік құрал медициналық оқу орындарының 5В130100 – Жалпы медицина, 051302-Стоматология мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің білімдерін бақылауға және бағалауға арналған.