Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
furgon дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.42 Mб
Скачать

2 Жобаланатын автомобильдің үйлесімін таңдау және негіздеу

2.1 Жүргізушінің кабинасы

Жүргізуші кабинасы бір немесе екі жолаушы мен жүргізушіге арналған. Қалааралық жүретін жүк автомобильдерінде екінші жүргізушіге арналған тынығатын орынмен қамтылған. Жүк автомобильдері қозғалтқыш бөлімін жапқышынсыз(МАЗ, КамАЗ, ГАЗ-66, т.б. автомобильдерінде) болып келеді. Жүргізуші кабинасының көп тараған түрі қозғалтқыш үстіне орналастырылған кабина.

Автомобиль-аналог КамАЗ-43253 фургонын жобалап жасағанда «Кабина қозғалтқыш үстінде» үйлесімдік схемасын қолдандым.

2.1- Сурет - КамАЗ-43253 кабинасы

«Кабина қозғалтқыш үстінде» үйлесімінің артықшылығына мыналар жатады:

  1. Автомобильдің доңғалақтық табан мен габариттік ұзындықты пайдалану орынды жүргізіледі;

  2. Автомобильдің алдыңғы белдігінің жүктелуі мейлінше шектік шамаға дейін алу мүмкіндігі;

  3. Жүргізушінің орынан шолуды жақсы қамтамасыз етеді, автокөліктің алдындағы жолдағы көрінбейтін аймақ 3-4 м-ге дейін азайды (копотты жиналған автокөлікте 10-12 м-ге дейін жетеді).

  4. Автомобиль жүк көтергіштігі үлкейеді;

  5. Автомобильдің өзіндік массасы азаяды;

  6. Капот қанаттары, қаптау тетіктерін жасаудың керегі болмайды;

  7. Автомобильдің ұзындығы азаяды;

  8. Автомобильдің маневрлігі мен жүргізуші орнынан шолу жақсарады;

  9. Қозғалтқыш пен оның тораптары мен механизмдерін қарау жеңілденеді, өйткені кабина алдыңғы бекіту нүктесі бойынша аударылады;

  10. Ұйықтайтын орындары бар кабиналармен жабдықталған автомобильдер үшін «Кабина қозғалтқыш үстінде» схемасы өте ұтымды келеді, өйткені габариттік ұзындығы мен доңғалақтық табан жақсы пайдалануға болады;

  11. Шығыңқы капот пен алдыңғы қанаттарының жоқ болуы жəне желдік əйнектің төменгі жағы төмендетілуі;

«Кабина қозғалтқыш үстінде» үйлесім схемасы тұғырлы тартқыштар үшін де қолайлы болады, өйткені бірдей көрсеткішті басқа схемалармен салыстырғанда бұл схемамен жасалған тұғырлы тартқыштың жүк көтергіштігі мейлінше пайдаланады.

2.2-сурет – Кабина қозғалтқыш үстіне қойылған

Сонда «Кабина қозғалтқыштан кейін» үйлесімдік схемамен жасалған автомобилімен салыстырғанда доңғалақтық табанды 570 мм, автомобильдің жалпы ұзындығы 480 мм қысқартуға, жүк платформасын 310 мм ұзартуға және автомобильдің жүк көтергіштігін 1000 кг үлкейтуге мүмкіндік берді.

«Кабина қозғалтқыш үстінде» үйлесімінің кемшіліктері болып мыналар табылады:

  1. Кабина құрылысының аудару механизмі мен кабинаны бекітетін механизм қойылуына байланысты күрделі болуы;

  2. Кабинаға кіріп-шығу ыңғайсыздау;

  3. Берістер қорабының, ілініс муфтасының және тежегіштердің басқару жетектері күрделі болуы. Егер кабина құрылысы мен автомобиль үйлесімі дұрыс жасалған болса, көрсетілген кемшіліктердің әсері тіпті азаяды.

  4. «Кабина қозғалтқыш үстінде» үйлесімімен жасалған автомобильдің алдыңғы осьтік жүктемесі үлкейеді, сондықтан ілінісу массасының коэффициентінің азаюына байланысты автомобильдің жүргіштігі нашарлайды.

2.3-сурет – КамАЗ кабинасының жалпы көрінісі

Автомобильдердің жүк көтергіштігін жоғарылатуға тырысу қазіргі кезде автомобильдің осьтік салмағы ерекшелік пайдалану жағдайларында жабдықталған күйінде оның қанағаттанарлық жүргіштігін қамтамасыз ете отырып, таңдап алынған шинаның мүмкіндік жүктемесімен шектеледі.

Кабина есіктері. Жүк автомобильдердің кабиналары — бүтін металлдан штампталған панельден пісірлген екі жанындағы есіктерден тұрады. Есіктер екі топсаға ілініп және жабық тұрғанда тұтқалы құлпымен ұстатылып, ішкі және сыртқы жақтарынан ашылуға мүмкіндік береді. Есіктер екі топсаларға бекітілген, жабық кезінде құлпы арқылы ұсталып, ішінен де сыртынан да тұтқа арқылы ашылады. Есіктерді құлыппен жабуға болады. Құлыптар сақтандырғыш ілгекпен жабылып, жүру кезінде есіктердің өздігінен ашылуына кедергі жасайды. Есіктің ашылуы шектеуішпен шектеледі, төменгі жағында ішіне жиналған сулардың ағуына арналған саңылаулар бар. Көбінесе жүк автомобильдерінде жүргізуші орындығы жеке орнатылып және жүргізушіге қолайлы болуы үшін реттеліп тұрады. Автомобильді қолайлы басқару үшін кабинаның екі шетіне артқы жағын көруге арналған айна қойылады, оларды реттеп тұруға болады және күнқағармен қамтамасыз етілген. Күнқағар кез-келген қалыпта бұрып реттеп бекітіп қоюға болады. Кабинаның ішінде автомобильді басқаруға арналған барлық жүйесі орнатылған. Есіктің ашылу бұрышы шектеуішпен қосымша максималды ашылу қалпы тұрақтандырылып реттеледі. Есіктің жоғарғы бөлігінде әйнекке арналған ойығы бар. Терезенің оң жағы түсірілетін әйнек, ал сол жағы —бұрылмалы әйнек оны бекітетін ілгегі және әйнектің қапсырмасының тығыны болады.

2.4-сурет - Кабина есіктері

Әйнекті төмен түсіруде бағыттауыш арқылы есіктің ішіне орнатылған әйнек көтергішпен жүргізіледі. Әйнек көтергіштің жетегі тісті секторменбіріктіріліп тістегерішпен бір осьта орнатылған тұтқаның көмегімен жұмыс істейді. Терезенің жабылуы мен ашылуы кезінде тісті сектор күш әсерін әйнек көтергіштің рычаг арқылы түсірілетін әйнектің қапсырмасына бекітілген қозғалмалы кулисаға жеткізеді, соның әсерінен әйнекті қозғалту жүзеге асырылады. Есіктің құлпында қозғалыс кезінде есіктің өздігінен ашылып кетуін болдырмайтын сақтандырғыштар бар. Есіктердің құлпы сыртынан кілтке жабылады. Кабина есіктерінің ішкі жағынан шынтақ асты тұтқасы орнатылған, сол арқылы есікті ішке тартып жабуға болады. Кабинаның ойығы мен есіктердің жиегі кабинаға шаң – тозаң және салқын ауаны жібермеу үшін жұмсақ резеңке тығыздағышпен тығыздалады. Есіктің терезесі және бұрылмалы әйнектің қапсырмасы тығыздауыш ұстағышпен бекітілген түктіленген немесе резеңкелі тығыздауышпен тығыздалады. Кабина есігінің ішкі қуыстары монтаждау люктің қақпағымен жабылады. Қозғалтқыштың және басқа агрегаттардың жұмыс істеуінен берілетін шуылды азайту үшін кабинаның еденін және есік панелдерінің ішкі беттерін шуылға қарсы мастик жағылады. Есіктің төменгі бөлігінде есіктің ішіне түскен сулардың ағып шығуына арналған саңылау орындалған.

 Жүргізуші орындығы. Жүргізуші орындығы әрбір жүргізушінің дене құрылысының ерекшелігіне орындықты лайықтайтын вертикаль және горизонталь бағыттарда басқару органдары мен қарсы әйнектермен салыстырғанда орнын реттейтін құрылғымен жабдықталады. Жүргізуші орындығының бойлық бағытта 100 мм, вертикаль бағытта 80 мм жылжитындай етіп орналастырдым. Алдымен орындықты шеткі артқы төменгі орында қойылған деп есептеп, 90 % манекен пайдаландық. Шеткі артқы төменгі орынға қойылған орындықтың Н нүктесінен вертикаль бағытқа 8о бұрышпен жүргізілген сызық бойынша кабина төбесіне дейінгі аралық 1000 мм кем болмауы тиіс.

2.5-сурет – Орындық параметрлері

КамАЗ автомобиліндегі ынғайлылыққа байланысты жүргізуші мен жолаушы орындықтарын пневматикалық түрде жасаймыз.

Пневматикалық орындықтарын артықшылықтары:

  1. Кеуде осьінің вертикаль бағытқа жантаю бұрышының номиналды шамасы 12о тең болады.

  2. Адам табанын еденнің жантайған бөлігінде қойғанда, оның бөксесінің төменгі нүктесі орындықтың қысылған жастығының бетінде болады.

  3. Пневматикалық орындықты жоғары қарай 10 см көтеруге мүмкіндік береді;

  4. Орындықтардың шалқаю бұрышын тартқыш арқылы 40° артқа және 30° алға қисайта аламыз.

  5. Жеке элементтердің осьдерінің арасындағы бұрыштардың мәндері төменгі келтірілген шектік шамалардан аспаса, онда отырғызу қанағаттанарлық деп ұйғарылады, яғни кеуде мен бөксе осьдерінің арасындағы бұрыш 95...120о, сирақ пен бөксе арасындағы бұрыш 95...135о, сирақ пен табан арасындағы бұрыш 90...110о болуы керек.

  6. Жылу ұстау температурасы 35°С

2.6-сурет – КамАЗ автокөлігінің пневматикалық орындығы

Габариттік өлшемдер мен жүк сыйымдылық. Стандартқа сәйкес автокөліктік құралдың биіктігі мен ені шектелген және 2,5 м, 4 м құрайды.

2.7-сурет – КамАЗ-43253 автофургоны

Гавариттік өлшемдері

мм өлшемімен

Ұзындығы

Ені

Биіктігі

Автомобильдің жүккөтергіштігі , кг

7505

2500

3320

7500

Автокөліктік құралдың ұзындығының шектелуі автопоездерді қозғалыс кезінде басқа автомобильдердің озуын қамтамасыз ету үшін керек, ал оның енінің шектелуі жолдың параллель жолақтары бойынша автомобильдердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз еті үшін қажет. Автокөліктік құралдың биіктігінің шектелуі оның көпірлер астымен жүруін қамтамасыз етеді. Жобалап алып жатқан биіктігі мен ені шектелген межеден аспайды. Автомобильдің L4 габариттік ұзындығы кабинаның құрылысымен анықталатын оның Lк ұзындығымен, жүк көтергіштік пен тасылатын жүктің түрі ескеріле отырып, таңдалатын платформаның L12 ұзындығымен, сонымен қатар кабина мен платформа арасындағы саңылауымен қалыптасады (10.1-сурет). Кабина мен платформа арасындағы саңылау олардың автомобиль қозғалысы кезінде бір бірімен жанасуын болдырмау үшін керек және бұл саңылаудың шамасы 75 мм кем болмауы тиіс.

2.8-сурет – Бортты автомобильдің схемасы

Жолаушылар салонының өлшемдері антропологиялық талаптарға сәйкес жолаушылардың ыңғайлы орналасуынан, салон ішіндегі ауаны алмастыру саны мен ұзақ уақыт автомобильде қозғалғанда комфортты жағдайлар қамтамасыз етуден таңдалады.

Жүктік платформаның өлшемдері жобаланатын платформаның тасылатын жүктің класына байланысты, жүктің платформаға орналасуы мен габариттік шектеулерді ескеру керектігінен таңдалады.

7-суретте автомобильдердің үлгілік үйлесімдері мен олардың кинематикалық схемалары көрсетілген.

2.9-сурет – Автомобильдің классикалық үйлесімі

Осьтік салмақтар. Әлем елдерінің көпшілігінде жолдарды сақтау мақсатымен заңды түрде автокөліктік құралдардың жолға түсіретін шектік мүмкіндік осьтік салмақтардың шамалары бекітілген. «Кабина қозғалтқыш үстінде» орналасқандықтан автомобильдің толық массасын осьтер бойынша үлестіру алдынғы оське, 5480 кг, артқы оське, 9260 кг.

Тежеу педалінің бос жүрісі 20-30 мм аспай керек. Барабан мен колодканың арасындағы саңылау 0,2-0,4 мм аспау керек. Жұмыс тежеуішін тежеу педалін басу арқылы қосады. Бұл кезде ауа қысымы автомобильдің барлық тежеу камераларына барып тежеу механизмдерін іске қосады және тіркеменің де тежеу жүйесі іске қосылады. Бұл жағдайда екі баллондағы ауа қысыммен ортаңғы белдік пен артқы белдіктердің тежеу камераларына барады, ал бір баллондағы ауа қысыммен алдыңғы осьтің тежеу камераларына барып тежеу механизмдерін іске қосады.

Рульдік басқару. Рульдік басқару – жүргізуші басқару дөңгелектеріне әсер еткендебасқару дөңгелектерінің айналысын қамтамасыз ететін қондырғылардың жиынтығы.

Рульдік басқару құрылымы мынаны қамтамасыз етуі шарт:

Рөлдік дөңгелектегі күшті арттырғандағы жүргізу жеңілдігі. Күштендіргішсіз көліктер қозғалғанда бұл күш 50...10 Н жетеді, ал күштендіргішпен 10...20 Н.

Ауыр жүк көтеру көліктеріндегі рөлдік дөңгелектерде сәйкес стандарттармен регламентталады және тіксызықты қозғалыстан құрғақ қатты қабатты горизонталды учаскедегі жылдамдығы 10 км/сағ, радиусы 12 м айналмалар бойынша қозғалысқа ауысқанда мына мәннен аспау 250 Н – 17 м-ден көп емес ұзындықтағы күшейтусіз рөлдік басқаруға; 120 Н – 11 м ұзындықта күшейтулі рөлдік басқаруға; 500 Н – 17 м ұзындықта күшейту өз әсерін тоқтатқан жағдайда.

2.10-сурет - Рульдік басқарылым

Рөлдік басқаруды жобалағанда ескерген талаптар:

- көліктердің жоғары маневрлігінқамтамасыз ету, яғни салыстырмалы шектелген аудандарда тез және кең бұрылыс жасай алу мүмкіндігі;

- қозғалыстағы және қозғалыссыз күйдегі көлікті басқару оңайлығы;

- рөлдік дөңгелекке түсірілетін күш айналу радиусы 15 м және орталықтар арасындағы қашықтық 42м болғандағы “сегіздік” траекториясы бойынша жатқан асфальтобетонды қабатта 20 км/сағ жылдамдықпен жүрген көлік қозғалысы кезінде 60Н аспауы керек;

- ал көліктің тұрған орнында басқару дөңгелектерін айналдыруға жұмсалатын күш құрғақ асфальтті-бетонды қабатта 160-200 Н көп болмауы керек;

- барлық дөңгелектер қапталға сырғанаусыз жүруі үшін айналудың дұрыс кинематикасы, яғни қатаң айналмалар бойынша; рөлдік дөңгелекке қайта ұрылатын соққының минималды берілісі; дөңгелектердің бұрынғы жағдайына қайтып келе алуы және көліктің қозғалысына берілген бағыттың сақталуы.Басқару дөңгелектерінің айналысы мен рөлдік басқарудың қатаң сәйкестендірілген әрекеті қамтамасыз етілетін, бірінші кезекте кинематикалық қайталанатын әрекеттің нақтылығы; көліктің түгел қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы мен таймайтындығы.

Рульдiк басқару арқылы басқаруды қиындатады және қозғалу қауiпсiздiгiне қауiп төндiредi. Рульдiк басқарудың ақауының негiзгi белгiлерi рульдiк дөңгелектiң шамадан тыс бос жүрiсi, рульдiк бiлiктiң тығыз бұрылуы, рульдiк бiлiктiң өсьтiк люфтысы, рульдiк механизмнiң редукторының картерiнен май ағуы, рульдiк басқарудағы дүрсiн тудырады.