- •1 Ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиет бойынша осы кластағы отандық және шет елдік автомобильдердің үйлесімдерінің құрылыстық ерекшеліктерін талдау
- •1.1 КамАз 43253 фургон —борттық платпормасы бар жүк автокөлігі
- •1.2 Маз Купава 5731 фургон – борттық платпормасы бар жүк автокөлігі
- •1.3 Автофургон зил 4331 "Купава" ки 5225 шанағымен
- •1.4 Mercedes-Benz фургон
- •1.5 Урал 4320 фургон
- •2 Жобаланатын автомобильдің үйлесімін таңдау және негіздеу
- •2.1 Жүргізушінің кабинасы
- •2.2 Фургон кузовтары (шанақтары)
- •3 Трансмиссияның кинематикалық схемасын таңдау және дәлелдеу
- •4 Aвтомобиль тарту есебі
- •4.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •4.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •4.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •4.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •4.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •4.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •4.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •4.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •4.9 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Курстық жобаның мақсаты болып «Автомобильді жобалау» пәні бойынша білімді бекіту, тарту есебін орындау және автомобильдің кинематикалық схемасын таңдау дағдысын қалыптастыру, автомобильдің негізгі функционалды элементтерінің құрылыстарының жетілгендігін бағалауды үйрену және оның негізгі параметрлерін анықтау бойынша керекті есептерді орындау табылады.
Курстық жобаның мәселелері болып мыналар табылады, атап айтқанда, «Автомобильді жобалау» пәнін оқығанда алған білімді бекіту; арнайы әдебиеттерді: каталогтарды, анықтамаларды, нұсқауларды, периодикалық шығарылымдарды, атластарды, сызба альбомдарын, стандарттарды, пайдалану арқылы инженерлік есептерді орындау бойынша тәжірибе алу; өз бетінше творчестволық жұмыстың, қабылданған шешімді дәлелдеу тәжірибесін және қазіргі кездегі құрылымдарды талдаудың дағдысын ұлғайту.
Автомобиль қозғалмалы құрылымын КамАЗ 43253 машинасын ала отырып, барлық машиналарда болатын, әрі отандық автомобиль-көлік құралдарын жасауда керек болып табылатын <<Автомобильдің қолданушылық қасиеттерын игеріп, автомобильдердің жаңа құрылымдарын өз бетімен игеру, автомобилдің техникалық деңгейін бағалау , теориялық білімдерімізді терең меңгеруді және оларды баянды етулері, автомобиль параметрлерін және оның тарту –жылдамдық қасиеттері мен отын үнемділігінің көрсеткіштерін есептеуге іс жүзінде дағдылануы, автомобиль қозғалысы бойынша білімін тереңдету>> сияқты жас инженерде болуы керек болған білімдерді арттыру. Автомобиль үйлесімі жайлы білімімізді тереңдету.
1 Ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиет бойынша осы кластағы отандық және шет елдік автомобильдердің үйлесімдерінің құрылыстық ерекшеліктерін талдау
Жаңа машинаны жасау күрделі және ұзақ процесс болып табылады, сонда бұл іске ғалымдар, конструкторлар, дизайнерлер, сынаушылар мен өндіріс және пайдалану салаларының мамандары катысады. Жобалау сатысы жобалау операциялары мен процедураларының үлкен тізімін қамтиды, яғни алдын ала есептеулер мен эскиздерден бастап, түзетілген есептеулерге, сызбаларды, баяндаманы, инструкцияны, техникалық шарттарды жасауға дейін. Жобалаудың нәтижесі болып жобаланған машинаны жасау мен оның пайдалануын ұйымдастыруға арналған барлық керекті ақпараттардан тұратын техникалық құжаттар жинағы табылады.
Машина жасау процесінің барлық кезеңдерінде машинаның макеттік, тәжірибелік үлгілері істелінеді және де оларға әртүрлі сынаулар жүргізеді: зерттеулік, аяқтап бітіру, алдын ала және тағы басқа сынаулар (МЕСТ 16504-81).
Машина жасау сатысының ақырғы кезеңі болып қабылдау сынаулары табылады, сонда олардың нәтижелері бойынша машина өндірілуінің мақсатқа лайықтылығы шешіледі. Қабылдау сынаулары мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық болуы мүмкін; олардың жүргізілу тәртібі МЕСТ 15.001-88 көрсетілген.
1.1 КамАз 43253 фургон —борттық платпормасы бар жүк автокөлігі
КАМАЗ 43253 —борттық платформасы бар жүк автокөлігі, КАМАЗ компаниясында шығарылған КАМАЗ 4325-ның жаңартылған түрі. «КАМАЗ 43253» деген белгіде «КамАЗ» - Кам автокөлік заводында құрастырылған; «4» - класты автомобиль үлкен массалы ( 7-15 т). Индекстің екінші саны жүктік автомобиль түріне қарай (3- борттық); 25- өзі төгетін машина; 3- үлгі түрі. КАМАЗ 4325-ды құрылыста, жүк тасымалдауда және өрт сөндіруде т.б көптеген жерлерде қолданылады.
КамАЗ 43253 фургон техникалық сипаттамасы |
|
Доңгалак формуласы |
4х2 |
Жүк көтергіштігі, кг |
7500 |
Автомобильдің толық массасы, кг |
14740 |
Автомобильдің толық массасын осьтер бойынша үлестіру алдынғы оське, кг артқы оське, кг |
5480 9260 |
Ең үлкен жылдамдық, км/саг |
90 |
Қозғалткыш |
дизелді |
Ең үлкен қуат, кВт |
165 |
Ең үлкен қуат кезіндегі иінді біліктің айналу жиілігі, айн/мин |
2200 |
Ең үлкен айналдырғыш момент, Нм |
912 |
Ең үлкен айналдырғыш момент кезіндегі иінді біліктің айналу жиілігі, айн/мин |
1300 |
Ілініс муфтасы |
механикалык,фрикционды |
Беріліс қорабы |
механикалык, 5 сатылы |
Бұрылу радиусы, м |
10 |
Шина |
11.00 R 20 |
Қозғалтқыш үлгісі |
740.31-240 (Евро-2) |
Кузов көлемі, м3 |
11200 |
Тежеуіш жетегі |
пневматикалық |
|
|
1.1-cурет - КамАЗ-43253 фургон
Камаз автокөліктерінде кабинаның алдында орналасуы жүргізушінін жолды жақсы бақылауына, және маневр жасауына мүмкіндігі жоғары. Кабинанын алға қарай ашылуы қозғалтқыштың жүйесі және механизмдерімен байланысы жоғары болады. Жоғары жүк тасыған кезде жылдамдықты бірқалыпты ұстай алады.
