Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні, қағидалары және әдістері.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.51 Кб
Скачать

Қорытынды

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 % құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің 70 % оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде белсенді жұмыстардың жүргізілуі елімізде бизнестің дамуына оң әсер етеді.

Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.

Алакөл ауданында кәсіпкерлікті жүйелі түрде жүргізіп, оны одан әрі өркендету үшін 2008 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалды. Осы бағдарламаға сәйкес шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, нақты бәсекелестік орта құру, қоғамда халықтың орташа тобын қалыптастыру жолында жұмыс жасалуда.

Азаматтар жеке кәсіпкерлігін жүргізуге талпынса, ол ауданның атқарушы органдарынан да, кәсіпкерлік бөлімінен де қолдау тауып, көздеген мақсатына жедел қол жеткізеді. Соның нәтижесінде 2009 жылы ауданда 9 дүкен, 1 қонақ үй, 1 сауда үйі, 2 мейрамхана, 2 монша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Шағын кәсіпкерлік саласындағылар саны жылдан жылға көбейіп келеді. 2008 жылы шағын бизнеспен 13551 адам айналысса, бұл көрсеткіш былтыр 16315 адамға жетті. Соған байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілері өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемін айтарлықтай арттырды. Атап айтқанда, 2008 жылы 598,5 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, 2010 жылы бұл нәтиже 1 млрд.218 млн. 375 мың теңгені құрады. Бұл жаһандық дағдарыс кезіндегі жағдай. Дағдарысты толық еңсеріп, дамудың даңғыл жолына түскен кезде шағын бизнестің болашағы айтарлықтай болатыны күмәнсіз.

Дегенмен, табыс өздігінен келген жоқ. Осы орайда, салық комитеті, басқа да мекемелермен бірлесе отырып, кәсіпкерлерге, әсіресе, жұмысын жаңа бастаған адамдарға нарықтың талаптары мен ерекшеліктерін, салық төлеудегі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, бизнесті дамытудың жаңа жолдары туралы жиі-жиі сабақ өткізіп, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыруы өз нәтижесін беруде. Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қаулысын жүзеге асыру мақсатында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі жөнінде екінші деңгейлі банктермен бірлесе жұмыс жасауда.

Бүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғына тұрып, көпшілігі бизнесін шыр айналдырып әкетті. Бұл ретте несие беретін ұйымдар мен банктердің ауыл адамдарына көмегі айтарлықтай.

2010ж екінші деңгейдегі банктерден 50 кәсіпкер 190 млн.теңге несие алды. Шағын несиелік ұйымдар 15 адамға 20 млн.теңге несие берді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауданда 19 жобаға 25 млн.теңге, 13 кәсіпкерге 21 млн., 7 мемлекеттік емес ұйымға 10 млн.теңге несие берді.

Істің ілгері басуына оң ықпал ететін факторлардың бірі – инвестиция тарту. Кәсіпкерлік нысандары бойынша 2010 жылы 270 млн.512 мың теңге инвестиция тартылды.

«Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» қорлар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірлесе отырып ұйымдастырған «Кәсіпкерлік экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады және куәліктер табыс етілуде.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында Қытайдағы «Достық–Алшаңқай» орталық сауда кешеніне күнбе-күн визасыз кіріп-шығу мәселесі қарастырылып, ол шешімін тапты. 2009 жылы 23 желтоқсанда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі ашылды. Бүгінде ауданда визасыз кіріп-шығу жәрмеңкесі бойынша «Достық-тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халыққа қызмет көрсетеді.