Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні, қағидалары және әдістері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.51 Кб
Скачать

Мазмұны:

Кіріспе..............................................................................................................3

  1. Кәсіпкерлікті дамыту және жетілдіру жолдары.................................6

  2. Қазақстан Республикасында Шағын және Орта бизнесті мемлекеттік қолдау және оның дамуы..................................................10

  3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың бағыттары................13

Қорытынды....................................................................................................18

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................20

Кіріспе

Кәсіпкерліктің дамуы – мемлекет экономикасының одан әрі дамуының бірден бір көзі екендігі айдан анық. Кез-келген елде кәсіпкерлік қызмет саласында туындайтын дауды реттейтін құрал болып нормативтік-құқықтық актілер табылады.

Еліміздегі конституциялық жағдайға сай «Әр тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға еріктілікті, кез келген заңды түрдегі кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін өзінің мүлкін ерікті түрде қолдануға құқықты иемденген». Осы себептен мемлекет кәсіпкерлік қызметтің еріктілігін және де оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуде кепілдік береді.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:

  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары;

  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін іске асырылатын іс-шаралардың қолайлығы;

  • кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарына келесілер жатады:

  • кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды дайындауды, біліктілігін жоғарлату мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

  • мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалды-техникалық және ақпараттық, ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қолдануында жеңілдік жағдайларды қалыптастыру;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу, олардың қызметін лицензиялауда жеңілдетілген реттілікті бекіту;

  • өзіне салық салудың, кедендік баж салықтарын төлеудің жеңілдетілген режимдерін енгізетін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жағымды құқықтық режимді бекіту;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен дамыту үшін шет елдікті қоса алғандағы инвестицияларды тарту және қолдану жүйесін құру;

  • сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да шет елдік әріптестермен байланыстарды қоса алғандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін қолдау;

  • қаржылық көздерді анықтай отырып шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің арнайы бағдарламаларын қабылдау;

  • өнімдер өндірісі мен жұмыстар, қызметтерді орындауға мемлекеттік сатып алуларды жүргізуде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті беру;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне қарасты шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша комиссия мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыру;

  • Мемлекеттік органдар шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметін өздерінің құзырлығы шегінде тексеруді Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіткен реттілікте жүргізеді.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту келесі жолмен іске асырылады:

  1. қаржылық қолдау көрсету;

  2. шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары желілерін ұйымдастыру;

  3. бизнес-инкубаторлар мен технопарктер қызметін ұйымдастыру;

  4. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімділік басқару немесе қолданылмайтын мемлекеттік меншік объектілерін бір жылдан астам мерзімге жалға беру;

  5. жалға беріліген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қайтарымсыз негізде меншікке беру немесе өнеркәсіптік өндіріс бен тұрғындарға қызмет көрсетуді дамыту үшін объектілерді басқаруға беру.

Осы кезеңде, саудалық-делдалдық қызметтерді іске асырушы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілмейтіндігін атап өткен жөн («Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы, 2т.19бап).

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай қолдау көрсету келесі жолмен іске асырылады:

  1. мемлекеттің қажеттіліктері үшін тауарлардың (жұмыстар, қызметтерді) кепілденген көлемін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу (олардың жыл сайынғы көлемі мен номенклатурасы ҚР Үкіметімен анықталады).

  2. екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендіруді ұйымдастыру;

  3. экономика салаларындағы әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру;

  4. арнайы инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;

  5. бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздарды ұсыну.

Әрине, шағын кәсіпкерлік саласындағы нақты нәтижелер әлі де болса біз ойлағандай соншалықты маңызды емес. Ең алдымен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тұрақты түрде жәрдемақыландыру олардың өтімділігік мәселесіне қатысты шешімдерін шегіндіреді, бірақта, қағидалы түрде оны шеше қоймайды. Біздің елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдайларды құру үшін экономикалық және әкімшіліктік сипаттағы барлық іс-шаралар кешенін қолдану қажет.

Осы орайда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең алғашқы «Кәсіпкерлік кодексі» күшіне енді. Бұл кодекстің қолданысқа енгізілуі Қазақстан Республикасының біршама заңнамаларының қажеттілігін айқындап, «Бәсекелістік туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және тағы басқа заңнамаларының күшін жоюмен сәйкес келді. Демек, қазіргі таңдағы елдің экономикасына түбегейлі өзгерістер енгізу мақсатында заңнаманың бір саласы екіншісінің орнына келіп отырғанын байқауға болады.

Аталған кодексте елімізде кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайтын, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейттеуге бағытталған іс-қимылдар – заңнаманың басты мақсаты деп көрсетілген.

Кодекстің негізгі қағидаттарына заңдылық, кәсіпкерлік еркіндігі, кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі, меншікке қол сұғылмаушылық, адал бәсекелестік, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі, кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлықтан азат болу, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету, отандық тауарлар өндірушілерді, қызмет көрсетушілерді қолдау, мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы, өзін-өзі реттеу жатады.

Жалпы экономиканың қарқынды дамуының бір құралы ретінде кәсіпкерлікті алсақ, кәсіпкерліктің дамуын «бәсекелестік» ұғымынсыз елестету мүмкін емес, яғни, нарықтық экономиканың басты қағидаты – кәсіпкерлердің еркін бәсекелестігі. Ал бәсекелестік дегеніміз – бұл кәсіпкерлер арасындағы күрес немесе кәсіпорындар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу жолындағы күресі.

Кодексте бәсекелестікті қорғау, Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы адал бәсекелестікті және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қолдау және қолайлы жағдайлар жасау, экономикалық кеңістіктің біртұтастығын, тауарлардың еркін қозғалысын және еліміздегі экономикалық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету, осы Кодекске сәйкес монополистік қызметті реттеу және шектеу, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттарына арнайы тарау арналған.

Кодекс кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталған.