- •Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі
- •Қозғалтқыш; 2- ілініс; 3- беріліс қорабы; 4- карданды беріліс; 5- басты беріліс;
- •Сурет. Артқы жетекті автомобильдің трансмиссиясының сұлдбасы:
- •Сурет. Алдыңғы жетекті автомобиль транмиссиясының сұлбасы:
- •Гидромеханикалық трансмиссия
- •Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар
- •Беріліс қораптары
- •Карданды беріліс
- •Басты беріліс
- •Дифференциал
- •Жартылай өс
- •Жарты өстер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра:
Реферат
Пәні: Автокөлік техникасының жіктелуі және құрылысы
Тақырыбы: Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
_____________________ Қабылдаған: Жумабеков А.Т
(баға) (қолы) Орындыған: Мухаметжанова А.С
ПО-14-1 студенті
Қарағанды 2016ж
Мазмұны
Кіріспе
Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі
Гидромеханикалық трансмиссия
Гидрокөлемді және электрлік трансмиссиялар
Ілініс
Беріліс қораптары
Карданды беріліс
Басты беріліс
Дифференциал
Жарты өстер
Қорытынды.................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................
Кіріспе
Автомобильдің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштың айналу моментін трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп, жетекші доңғалақтарға таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол қозғалтқыштың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші доңғалақтар айналу жиілігіне қатынасына тең. Доңғалақтарға жеткізілген айналу моментін доңғалақтың радиусына бөлсек тарту күшін аламыз, яғни доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары қорытындысымен автомобильдің қозғалысын қамтамасыз ететін күш. Тарту күші қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күшін, ауаның кедергісі, биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күшін өзгертіп отырады. Соған сәйкес жетекші доңғалақтарды тарту күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тарту күші жетекші доңғалақтардың жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жоғарғы тарту күші автомобильдің барлық доңғалағына жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші доңғалақ жеткілікті.
Трансмиссия түрлері:
Механикалық;
Гидравликалық;
Электрлі;
Құрамалы.
Автомобиль трансмиссиясына ілініс, беріліс қорабы, үлестіргіш қорап, карданды беріліс, басты беріліс, жетекші белдіктер кіреді.
Трансмиссияның сұлбасы мен қызметі
Автомобильдің трансмиссиямы қозғалтқыштың айналдыру моментін жетекті дөңгелектерге беруге, сондай-ақ айналдыру моментінің көлемін және оның бағытын өзгертуге арналған. Трансмиссия үш түрлі тәсілдер: жетекті (класссикалық) (а); алдыңғы жетекті (б) және толық жетекті (в,г) болып пайдаланылады (1-сурет).
1-сурет. Трансмиссияның сұлбасы:
Қозғалтқыш; 2- ілініс; 3- беріліс қорабы; 4- карданды беріліс; 5- басты беріліс;
6- карданды шарнир; 7- таратқыш қорап; 8- алдыңғы белдік; 9- аралық кардан
Одан да басқа түрлеріне қарай трансмиссия: механикалық; гидромеханикалық; гидрокөлемдік; электромеханикалық; сатылы; сатысыз; құрамдастырылған болып бөлінеді (1-сызба).
Тек қана механикалық құрылғылардан тұратын трансмиссияны механикалық деп атайды. Механикалық трансмиссия сатылы және сатысыз болады.
Артқы жетекті автомобильдердің трансмиссияға жататын агрегаттары автомобильдің бүкіл шанағын бойлай орналасып, қозғалтқыштың айналдыру моментін жетекті дөңгелектерге береді.
Артқы жетекті автомобильдердің трансмиссиясы: іліністен, беріліс қорабынан, карданды берілістен (үлестіргіш берілістен кейбір алды-арты жетекті автомобильдерде), басты берілістен, дифференциалдан, жарты өстен тұрады.
1-сызба
Трансмиссия
Айналдыру
моменті бойынша
Құрылымы
бойынша
Сатылы
Механикалық
Сатысыз
Гидрокөлемдік
Электрлік
Құрамдастырылған
Гидромеханикалық
Электромеханикалық
Сурет. Артқы жетекті автомобильдің трансмиссиясының сұлдбасы:
I-қозғалтқыг; II- ілініс; III- беріліс қорабы; IV- карданды беріліс. 1- жұмсақ жалғастырғыш; 2- қосқыш; 3- алдыңғы карданды білік; 4- мойынтірек; 5- карданның алдыңғы торсасы; 6- артқы карданды білік; 7- карданның артқы топсасы; V- артқы белдік басты беріліс және дифференциялымен: 8- жарты өстер; 9- жетекті дөңгелектер
Алдыңғы жетекті автомобильдің трансмиссиясының орналасуы төменгі суретте көрсетілген.
Сурет. Алдыңғы жетекті автомобиль транмиссиясының сұлбасы:
I-қозғалтқыш; II- ілініс; III- беріліс қорабы; IV- басты беріліс дифференциалымен; V- оң және сол жетекті біліктер; VI- алдыңғы жетекті дөңгелектер
Ілініс қозғалтқышты трансмиссиядан қысқа уақытқа ажыратуға, автомобиль орнынан қозғалған кезде және қозғалыс кезінде берілістерді ауыстырып қосқаннан кейін оларды бірқалыпты жалғастырып тұруға арналған.
Беріліс қорабы қозғалтқыштан дөңгелектерге берілетін айналдыру моментін және бағытын өзгертуге арналған.
Карданды беріліс қозғалтқыштың айналу моментін жетекті белдіктерге беруге арналған.
Басты беріліс айналу моментін 90º-қа өзгертіп, жарты өстерге беруге және жетекті дөңгелектердің айналу жиілігін төмендетуге арналған.
Дифференциал оған берілетін айналу моментін шығатын біліктерге бөліп беріп, олардың әртүрлі айналысын қамтамасыз етуге арналған.
Гидромеханикалық трансмиссия
Гидрожалғастырғыш қозғалтқыштың айналдыру моментін беріліс қорабына беруге арналған және ол сорғының дөңгелегінен, блоктау плитасынан, турбинадан, реактордан, жалғастырғыштан тұрады.
Сорғының дөңгелегі қозғалтқышпен, ал турбина беріліс қорабымен жалғасқан. Сорғы және турбиналық дөңгеліктерге арнаулы қалқаншалар орнатылған (4-сурет). Қоғзалтқыш жұмыс істеп тұрганда, сорғы дөңгелегі иінді білікпен жалғасатындықтан, үнемі айналыста болады.
Гидротрансформаторда айналдыру моментін өзгерту үшін, сорғы және турбиналық дөңгелектен басқа реактор қолданылады, ол майдың ағу бағытын өзгертеді.
1
2
3
4-сурет. Гидрожалғастырғыштың сұлбасы
1-сорғы дөңгелегі; 2- турбиналық дөңгелек; 3- редактор
Гидротрансформатор қозғалтқыштың тегерішіне бекітілген, ол үш режимде жұмыс істейді: айналу моментін трансформациялау; гидрожалғастырғыш; бүлендеу. Трансформациялау режимі көлік құралы орнынан қозғалғанда, сондай-ақ, өрге қарай қозғалғанда қолданылады. Бұл жұмыс тәртібінде реактор қозғалмайды, сорғының дөңгелегі өзінің қалақшаларымен майды турбиналық дөңгелектің қалқаншасына бағыттайды да, оны айналдырады, бірақ оның жылдамдығы сорғы дөңгелегінің жылдамдығынан кем болады. Турбиналық дөңгелектің қалқаншасынан май қозғалыссыз турбиналық дөңгелектің қалқаншасына беріледі. Осы ағымның реактивтік күшінен турбиналық дөңгелектің айналдыру моменті артады.
Гидромуфта (гидрожалғастырғыш) тәртібінде турбиналық және сорғы дөңгелектерінің айналу жиілігі теңеседі, өйткені турбиналық дөңгелектермен бірге айнала бастайды. Гидротрансформатор гидрожалғастырғыш тәртібінде көлік құралы құралы тегіс жолмен қозғалғанда қолданылады. Жоғарыда келтірілген екі тәртіпте гидротарнсформатор автоматты түрде жұмыс істесе, блокировкалау тәртібі жүргізушінің қосуы арқылы орындалады. Беріліст іқосқан жағдайда блокировка автоматты түрде ажыратылады. Гидротрансформаторды қосқанда блокировка жасайтын қуысқа май беріліп, поршеньді жылжытып, турбиналық дөңгелекпен сорғы дөңгелегін жылжымайтындай етіп жалғастырып, содан ол бірбүтін тетік ретінде айналады. Блокировкалау жолдың тегіс жерінде пайдаланылады, ол майдың қызуын болдырмау және жанармайды үнемдеу мақсатында қолданылады.
