Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все лекций.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.93 Кб
Скачать
  • Стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес-мақ;

Стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес(МАҚ) –Тәуелсіз елдер достастығының (ТМД) стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі келісілген саясатты қалыптастыру және жүргізу жөніндегі үкіметаралық орган.

МАК 1992 жылғы 12 наурыздағы «стандарттау,метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге» стандарттау,метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру,көрсетілге қызмет салаларындағы негізгі мағыттарды айқындау үшін құрылды.

МАК-тың негізгі функциялары:

  • Стандарттау саласындағы қызметтердің басым бағыттарын әзірлеу;

  • Халықаралық стандарттардың жобаларын бекітуге ұсыну;

  • Стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларды жүргізудің шығыстар сметасын қарау мен қабылдау.

МАК ИСО-мен,халықаралық электрлік техникалык комиссиямен,Стандарттау жөніндегі Еуропа комисссымен және стандарттау,метрология және аккредиттеу жөніндегі басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтасады.

Метрология саласындағы жұмыстары метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комитет жүзеге асырады,оның негзігі функциялары:

  • Үкіметаралық келісімдерді және өлшем бірліктерін қамтамасыз етуге қатыста МАК шешімдерін іске асыру жөніндегі ұлттық органдардың қызметін үйлестіру;

  • Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың МАК қабылдаған ұсынымдарды әзірлеу;

  • Мемлекетаралық эталондарды жіне үлгілік өлшем құралдарын,заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандарттарының үлгілерін жасау және пайдалану бағдарламалары, физикалық константтар мен заттар материалдардың қасиеттері туралы стандарттар анықтамасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру;

  • Ұлттық түпкілікті эталондарға айыру жүргізудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді және өлшем құралдарын салыстырып,тексеруді ұйымдастыру;

  • МАК-тың басқа да ғылыми техникалық комиссияларымен,ТМД мемлекетаралық кеңестерінің салалық жұмыс комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау.

Метрологиялық қызмет бөлігінде Қазақстан Республикасын МАК кеңесінің мәжілістеріне,МетрҒТК жұмысына,өлшемдердің белгісіздігін бағалау және бұзбайтын бақылау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысады.

  • Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы-коомет;

Мемлекеттік метрологиялық Мекемелердің Еуро-Азиялық Ынтымақтастығы (КООМЕТ) 1991 жылы маусымда Варшава қаласында «Ынтымақтастық меморандумына» қол қойылғаннан кейін құрылды.Бүгінде 14 ел КООМЕТ метрология мекемесінің мүшесі болып табылады,олар:Беларуссия,Болгария,Германия(қауымдасқан мүше), Қазақстан, Куба,ҚХДР(қауымдасқан мүше), Литва,Молдова, Польша,Россия, Румыния, Словакия, Украина және Өзбекстан.

КООМЕТ-тегі ынтымақтастық мына салаларды жүзеге асырылады:өлшем бірліктерінің эталондары,заңнамалық метрология,аккредиттеу және сапа менеджментінің жүйесі,ақпарат және оқыту.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары:

  • Шамалардың біркелкілігі,өлшемдердің бірлігі мен олардың нәтижелерінің талап етілетін дәлдігі мәселелерін тиімді шешуге жәрдемдесу;

  • Ұлттық экономикалардың ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу;

  • Еуроазия мемлекеттерінің метрологиялық қызметтерінің жұмыстарын өңірлердің осыған ұқсас қызметтерінің жұмысына жақындату,жекелей алғанда EUROMET,EA,WELMEC,APMP т.б ұйымдармен өзара мүдделікке қарай ынытымақтасу.

Негізгі міндеттер:

  • Эталондардың өзара сәйкестігіне,оларды метрологиялық бақылау аспаптары мен әдістеріне қойылатын талаптардың келісушілігіне қол жеткізу;

  • Метрологиялық қызмет нәтижелерін куәландыратын ұлттық сертификаттардың баламалығын тану;

  • Метрологиялық қызметтер мен олардың бағыттарының жай-күйі туралы ақпаратпен алмасу;

  • Метрологиялық тақырыптарды бірлесіп әзірлеу;

  • Метрологиялық өзара қызметтер көрсетуге жәрдемдесу.

Қазақстан КООМЕТ-ке 1998 жылдық қарашасында кірді.КООМЕТ-қатысу жөніндегі жұмысты «ҚазИнМетр» РМК жүзеге асырады. Институттың мамандары КООМЕТ-тің 13 техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]