Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все лекций.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.93 Кб
Скачать

Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық жұмысы екі халықаралық және төрт өңірлік ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар:

  • Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы(ХЗМҰ);

Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1955 жылы 12 қарашада Парижде құрылды. Бүгінде ХЗМҰ құрамында толық 59 ел және корреспондент мүше 50 ел бар.

Қызметтің негізгі мақсаты-өлшем қүралдарын қолданумен және өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен байланысты туындаған техникалық және әкімшілік проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастық.

Негізгі міндеттері:

  • Заңанамалық метрологияның жалпы қағидаттарын айқындау;

  • Оларды біріздендіру мақсатында заңнамалық метрологияның халықаралық маңызды мәселелерін зерделеу;

  • Мүше мемлекеттер тану үшін өлшем құралдарына қажетті сипаттамаларды және қойылатын талаптарды айқындау мен оларды халықаралық практикада қолдану;

  • Өлшем құраладаын қолдану және бақылаумен байланысты үлгілік заңдар мен ережелерді әзірлеу;

  • Оларды қолдану үшін қажетті түсіндірмелері бар әртүрлі мемлекеттерде қолданылатын өлшем құралдары және оларды қолдану туралы нормативтік құжаттарды аудару және басу.

Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ХЗМҰ-дың толық құқылы мүшесі болып табылады.(«халықаралық заңнамалық метрология жөніндегі ұйымға кіру туралы» Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы) Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының ХЗМҰ комитетіне мүше болып табылады.

ХЗМҰ мүшелік қазақстанға метрология саласындағы халықаралық нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысуға, республиканың өлшем құралдарын сынау нәтижелерін және метрологиялық қызметті шетелдерде тану үшін негіз құруға мүмкінік береді.

  • Шама мен салмақ бойынша бас конференция(шсбк);

Шама мен салмақ бойынша бас конференция(ШСБК) 1875 жылы 20 мамырда Парижде 17 мемлекет үкіметтерінің уәкілетті өкілдері «Метрлік конвенцияға» қол қою нәтижесінде құрылды. Қазіргі кезде ШСБК-нің құрамында толық құқықты мүше 51 ел,қауымдасқан мүше -20 ел бар. Негізгі міндеттері:

  • Шама бірліктерінің біріңғай халықаралық жүйесін,олардың айқындамалары мен шығарушылық әдістерін құру және ұстау;

  • Шама бірліктерінің халықаралық эталондарын құру және жетілдіру;

  • Өлшем салаларында ғылыми зерттеулер,жаңа дәлдігі жоғары халықаралық эталондарды жасау;

  • Ұлттық метрологиялық институттарда сақаталатын ұлттық эталондардың баламалық деңгейін белгілеу.

Қазақстан Республикасы Шама мен салмақ жөніндегі бас конференцияға (ШСБК) қауымдасқан мүше ретінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте кірді(қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы №557 қаулысы).

2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті мен шама және салмақ халықаралық бюросының арасында «ұлттық өлшем эталондарын және ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшемдердің сертификаттары) өзара тану туралы келісімге қол (CGPM-MRA)қойылды.Қол қойылған келісім Қазақстанға шама бірліктерін эталондарын халықаралық айыруға қатысуға және республиканың өлшем және калибрлеу мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Келісімнің негізгі мақсаттары:

  • Ұлттық эталондардың баламалық деңгейлерін белгілеу;

  • Ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшем сертификаттарын өзара тану;

  • Үкіметті және басқа да әкімшілік органдарды халықаралық сауда,ғылыми-техникалық ынтымақтастық және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысты барынша кең уағдаластықтар үшін сенімді техникалық база болады.

Өңірлік ұйымдар:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]