- •Лекциялар кешені
- •1856 Жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезіне қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
- •Лекция 3
- •Немістің стандарттар институты
- •Өндірістік стандарттардың Жапониялық комитеті
- •Қазақстан метрология институты.
- •Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •Шама мен салмақ бойынша бас конференция(шсбк);
- •Стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес-мақ;
- •Метрология саласындағы жұмыстары метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комитет жүзеге асырады,оның негзігі функциялары:
- •Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы-коомет;
- •Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық-сөқ
- •Эталондар
Өндірістік стандарттардың Жапониялық комитеті
Жапонияның стандарттау бойынша ұлттық ұйымы – өндірістік стандарттардың Жапониялық комитеті (JISC) 1949ж. құрылған. Бұл Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің жанындағы консультативтік орган, ғылым мен техника Басқармасына бағынады. Басқарма JISCтің жұмыстарының жоспарын бекітеді, ал оның стандарттау бөлімі JISCтің секретариатының рөлін атқарады.
Көптеген елдерде тарихи себептерге байланысты өздері ғана қолданылатын біріліктер қалыптасқан.Мысалыға Англияда фут,диюмь қолданылады және қазірдің өзінде сақталып қалған.
Тарихи алғаш физикалық шамалардың бірліктер жүйесі-1791 ж Францияның ұлттық жиналысында қабылданғанөлшемдердің метрлік жүйесі болып табылады. Онда ұзындық,аудан,көлем.сыйымдылықтың және салмақтың ғана өлшем бірліктері қабылданды. Ал олардың негізгі бірліктері ретінде метр мен килограмм тағайындалды. 1800ж К.Гаусс негізгі және туынды жиыннан құралатын өлшем бірліктер жасаудың әдістемесін ұсынды.Гаусс ұсынған бірілктер жүйесі негізінде өзара тәуелсіз,еркін түрде тағайындалған 3 шаманың бірліктері қабылданды. Олар-ұзындықтың бірлігі-милиметр,массаның бірлігі-килограмм,уақыттың өлшем бірлігі-секунд деп тағайындалды. Бұл жүйені Гаусс абсолютті деп атады.
Физикалық шамалардың арасында функционалдық байланыс болғандықтан,олардың өлшем бірліктерін еркін тағайындауға болмайды. Еркін түрде тек 6 физикалық шама өлшем бірліктері тағайындалған. Олар:ұзындық,масса,уақыт,температура,тоқ күші,жарық күші. Негізгі бірліктерге қосымша бірліктер:жазық бұрыш,дөңгелек бұрыш.Міне осылар халықаралық біріктер жүйесінің негізгі өлшем біріліктері болып табылады. Қалған шамалардың бірліктері олардың негізгі шамалармен қатынастарының негізінде қорытылып шығарылады. Бұл шамалар туынды шамалар,ал олардың бірліктері туынды біріліктер деп аталады.
1954 жылы өлшемдер мен таразылардың Х Бас конференциясында негізгі өлшем біпріліктер тағайындалды. Олар метр,килограмм,секунд,ампер,Кеельвин градусы және свеча.
1960 жылы өлшемдер мен таразылардың XI Бас конференциясында жоғары да аталған 6 негізгі бірліктерге негізделген жүйені Халықаралық жүйе,қысқаша СИ деп атады. Бірліктердің халықаралық жүйесііргелі физика мен қолданбалы физиканың Халықаралық одағында,Халықаралық электротехникалық комиссияда тағыда басқа халықаралық ұйымдарда қабылданды. ЮНЕСКО өзінің барлық мүшелерін бірліктердің халықаралық жүйесін ұстануға міндеттеді. КСРО бірліктердің жүйесі 1961 жылы енгізілген болатын.
Қазақстан метрология институты.
Бүгінгі күнде Республикада метрологиялық қызмет «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы №1342 қаулысымен Қазақстан Республикасының Индустрия және Сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі «ҚазМетрИН» РМК) құрылды және халықаралық талаптарға сай өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтік құжаттардың үйлесімділігін жетілдіру,осы салада мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мақсаттарды орындау ьүшін Қазақстан Республикасындағы метрология бойынша жалғыз институт болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығын іске асыру шегінде республикада болып жатқан экономикалық өзгерістер,метрология қызметінің техникалық негізін-республиканың эталондық базасын тиісті деңгейде ұстап тұру арқылы қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін тасымалдау қадамдарын жүзеге асыруды қажет етеді.
Республиканың эталондық базасы эканомиканы метрологиялық камтамасыз ету жүйесінің орталықтандырылған элементі болып табылады.Эталондық базаның даму деңгейі түпкі қорытындыда барлық техникалық өлшемдердің деңгейі мен дамуын анықтайды.
