Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все лекций.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.93 Кб
Скачать

Лекция 3

Стандарттау бойынша нормативті-құқықтық құжаттар және стандарттар түрлері.

Техникалық регламент нормативті-құқықтық құжат болып табылады.

Мұнда мемлекеттің өнімнің, үрдістің, қызметтің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қойылатын кауіпсіздік талаптары көрсетілген.

Стандартты-нормативтік құжат, ол белгілі бір саланы оптималды дәрежеде ретке келтіруге бағытталған, уәкілетті ұйыммен бекітілген келісім бойынша дайындалған нормативтік құжат. Стандарт ғылыми зертеудің нәтижесі және техникалық жетістіктерге, тәжірибеге негізделуі тиіс.

Негізін қалаушы стандарт белгілі бір сала үшін жалпы және басқарушы ережелерден тұратн нормативті құжат. Әдетте ол стандарт немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады, соның негізінде басқа стандарт жасалынуы мүмкін.

Теминдік стандарт-құрамына терминдердің түсіндермесі жіне олардың қолданысы туралы нормативті құжат.

Өнімнің, қызметтің, бақылау әдісінің стандарттары-әдістемелерді, ережелерді, үрдістерді түрлі бақылау әдістері мен солармен байланысты іс-әрекеттерді анықтайтын нормативтік құжат.

Өнімге стандарт-өнімнің функционалдық қызметіне сәйкестігін растап, соны қамтамасыз ететін талаптардан құрылатын нормативтік құжат.

Үрдіске стандарт-үрдіске қатысып, талаптардан тұратын немесе қызметке қойылған талаптардан бейнеленген нормативтік құжаттар.

Ашық мәнді стандарт-келісімшарттық қатынастарда нақтыланатын көрсеткіштер тізімінен тұратын нормативтік құжат.

Әдістемелік ережелер құрамына нормативтік құжатқа сәйкес келуге мүмкіндік беретін әдістемелер, үрдісті іске асыру жолы, операциялар кіретін нормативтік құжаттар.

Бейнелеуші ережелер-құрылымды суреттеуші, шикізат материалдарының құрамы мен бұйымның бөліктерін анықтаушы нормативтік құжат.

Қазақстанның стандарттау жүйесі халықаралық ережелер мен нормаларға жіне халықаралық тәжірибиеге барынша сәйкестендірілген.

  1. ҚР СТ-ҚР-ның мемелекеттік стандарттары.

  2. Мемлекеттік техникалық экономикалық ақпараттар жіктегіштері-ТЭАМЖ

  3. Мемлекеттік ТМД елдерінің стандарттары –ГОСТ негізінен ол КСРО стандарттары, бірақ әлі күнге дейін қолданылады, егер ҚР Заңымен ғылыми-техникалық саламына қайшы келмеген жағдайда.

  4. Құқықтық нормаға сай қолданылатын халықаралық аймақтық, ұлттық, стандарттар, техникалық экономика жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер және стандарттау бойынша нұсқаулар.

  5. Стандарттау жөніндегі нұсқаулықтар.

  6. Ұйымдық стандарттар, оған өндіріс стандарттары кіреді және ғылыми техникалық, инжинерлік қауымдастықтар стандарттары да кіреді.

Мемелекеттік стандарттар құрамына өнімге, жұмысқа, қызметке қойылатын талаптар көрсетіледі. Міндетті талаптар уақыт өте келе техникалық регламентке өтеді.

Міндетті талаптарға төмендегілер жатады:

-өнім,қызмет, үрдістің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға кауіпсіздігі жіне өндірістік кауіпсіздік жіне өндірістік қауіпсіздік пен тазалық нормалары;

-техникалық сәйкестілігі және бұйымдардың өзара алмастырушылық қасиеті;

-бақылау әдістері мен белгілеулердің бірегейлігі;

Нұсқаулық талаптарға кіретіндер:

-өнімнің көрсеткіштерінің негізгі тұтынушылық қасиеті мен оларды бақылау әдістері;

-орамаға қойылатын талаптар, тасымалдау, сақтау және жоюға қойылатын талаптар;

-экспулатация мен өндіруге қатысты нормалар мен ережелер;

-техникалық құжаттарды толтыру;

Фирманың стандарттары ішкі өндірісте қолдану үшін жазылады. Ол стандарт келесілерді регламенттейді:

-ұйымның құрушы бөлігінің іс-әрекеттері;

-өндірісті бақылау;

-шығарылған өнім сапасы;

-өнімді өндіру үрдісіне қойылатын жалпы техникаыық нормалар.

Әлеуметтік бірлестіктер стандарты жаңа өңімге, қызметке, үрдіске, сынақ түрлеріне, өндірісті бақылау әдістеріне жасалынады.

Нормативті кұжатты қолданғанда екі негізгі түрін қолдану ұсынылады:

-өзіндік сәйкес саласында тікелей қолдану;

-оны басқа нормативті құжатқа еңгізу;

Лекция 4 -5

ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесі

Қр мемлекеттік стандарттау жүйесі енгізілген, ол стандарттаудың ұйымдастырушылық, әдістемелік, тәжәрибелік негіздерін анықтайды.

Негізгі мақсаттары:

  1. Техникалық прогресті жылдамдату, қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату, еңбек өнімділігін жоғарлату;

  2. Сапаны жақсартып оптималды дәрежеде қамтамасыз ету;

  3. Өнімді жобалау мен өндірудегі мамандандыруды жоғарылатып жағдай жасау.

  4. Өнімге қойылатын талаптардың ел қауіпсіздігін үйлесуін қамтамасыз ету.

  5. Жоғары сапалы тауардыэкспорттау аясын кеңейтуді қамтамасыз ету.

  6. Өндіріс қорын рационалды қолданып, ресурстарды үнемдеу.

  7. Халықаралық бірлестіктіі дамыту

  8. Денсаулық сақтауды қамтамасыз ету

Бұл мақсатқа ету үшін стандарттауға келесі міндеттер қойылады:

  1. Материалдарды, шикізатты, жартылайфабрикаттарды кешенді стандарттау арқылы дайын өнімнің сапа көрсеткіштеріне талаптарды бекіту

  2. Жобалау, өндіру қолдану сатысында қазіргі уақытқа сай сапалы өнім алу үшін стандарттар жүйесін енгізу

  3. Өнім сапа көрсеткішінің, бақылау мен сынаудың ортақ жүйесін анықтау және қолдануға сәйкес бұйымдардың сенімділік деңгейін қамтамасыз ету

  4. Өнімді жобалау мен өндіру сатысында оның сапасын оптималдау үшін нормалар мен талаптарды орнату.

  5. Унификациялауды дамыту

  6. Өлшеу сенімділігі мен ортақтығын қамтамасыз ету

  7. Ортақ құжаттама жүйесін орнату

  8. Ең негізгі ғылым мен техниканеың салаларында ортақ терминдер мен белгілеулер еңгізу

  9. Еңбек қауіпсіздік жүйесін орнату

  10. Табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды қолдануды жақсартатын стандарттау жүйесін енгізу

Стандарттау жүйесі әрдайым ұйымдастырушылық, қаржылық, кадрлық іс-шаралар нәтижесіне жетіліп отырады. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің максималды деңгейі ҚР экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, бәсекелестікті дамытуға үлесін тигізіп, ел азаматтарының қызығушылығын қорғап, саудаға сапасыз шет елдік тауардың енуіне жол бермеуі тиіс.

ANFOR 1926 ж құрылды. Жекеменшік коммерциялық емес құрылым бола тұра, ол елдегі стандарттау бойынша қызметті басқарып отырды.Бұл қызметке үкімет көніл бөліп, 1941 ж стандарттау бойынша комиссардың қызметі жөнінде заң қабылданды. Комисса ANFORдағы үкімет өкілі болып табылды.

1984 ж үкіметтің декретімен өнеркәсіп министрлігі жанынан стандарттау бойынша Жоғарғы Кеңес құрылды.

Ұлттық Франциялық стандарттаудағы кезекті өзгерістер 1991 ж болды.

Бұл өзгерістер халықаралық, оның ішінде біріккен Европаның пайда болуымен байланысты Европалық стандарттауда жүріп жатқан өзгерістерге үндестік қажеттігінен пайда болатын. Ұлттық стандарттаудың жағдайы сарапталып, бірқатар кемшіліктердің беті ашылды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жақын жылдарға негізгі міндеттер қабылданды:

1.стандарттауға кіші және орта кәсіпорындарды тартуды жандандыру,оларды салықтық жеңшлдіктермен ынталандыру;

2. ұлттық стандарттау жүйесінің процедураларын қарапайымдау және осы жұмысты үйлестіруді күшейту;

3. франциялық мамандардың европалық стандарттауға қатысуын ұлғайту.

1991 ж реформадан кейін стандарттаудың ұлттық ассоциациясының құрылымы өзгерді- үшдеңгейлі құрылым қабылданды.

  1. Комитет по ориентации и планированию, Комитет по стратегическому планированию в отраслях экономики

  2. Администраивный совет

  3. Генеральная ассамблея

Франция стандарттау бойынша приритетті деп төмендегі бағыттарды белгілеп отыр:

  1. Халықаралық стандарттауда- ақпараттық технологиялар

  2. Европалық стандарттауда- көлік және коммуникациялар

  3. Ұлттық стандарттауда- экология, қауіпсіздік және агроөнеркәсіптік өндіріс.

ANFORдың жаңынан «Espace» ақпараттық және көмерлік орталық құрылған.

ANFORдың бірнеше мәліметтер- банкілері бар, олар- ішінде көзге түсетін- NORIANE, ол 45 .... астам ұлттық, халықаралық және шетелдік стандарттар мен техникалық регламенттердің анықтамаларын қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]