- •Лекциялар кешені
- •1856 Жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезіне қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
- •Лекция 3
- •Немістің стандарттар институты
- •Өндірістік стандарттардың Жапониялық комитеті
- •Қазақстан метрология институты.
- •Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық
- •Шама мен салмақ бойынша бас конференция(шсбк);
- •Стандарттау,метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес-мақ;
- •Метрология саласындағы жұмыстары метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комитет жүзеге асырады,оның негзігі функциялары:
- •Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы-коомет;
- •Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық-сөқ
- •Эталондар
Лекциялар кешені
Лекция 1-2
Стандарттаудың қысқыша тарихы, маңызы мақсаты.
Станндарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде ХХІ-ғасырдың басындағы өнеркісіп революциясы кезінде қаланған. Үлкен фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы және олардың көп көлемде тауарлар шығаруы дайын өнімді белгілі бір өлшемдік ретке келтіруді, тауарларды бір нұсқамен шығаруды, тауарлардың өзара алмастырушылық қасиеттерге ие болуын талап етті.
1856 Жылы Лондонда өткен халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезіне қатысушылардың бірі кез келген шам әрдайым шам қойғышқа тура келетіндей етіп жасау туралы ұсыныс жасаған.
КСРО елдерінде бірінші азық-түлік тауарларының стандартты 1926 жылы бекітілген.
Отызыншы жылдары көптеген азық-түлік түрлерінің стандарттары бекітілді, соның ішінде ет, ет және сүт консерверлері, тауық өнімдері және т.б. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын анықтауда үлкен рөл атқарады.
Ауыр өнеркісіптің дамуы стандарттаудың жаһандандыруды қажетті және кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың негізгі элементі болып саналады. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйсезсіздігін көрсетуге болады. ТМД теміржол бөлщегінің ені-1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда-1435 мм. Осы стандарттың сәйкессіздігі қазіргі халықаралық сауданың дамыған уакытында көптеген қиыншылықтар тудырып , артық шығындарға әкеліп жатыр, сонымен қатар тасымалдауға түрлі кедегілер мен поездің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері. Қытаймен шекаралас Достықбекетінде жылына 13 млн. Тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөтен рельстермен жүре өалмағандықтан жүктерді басқа вагондарға көшіру немесе вагон жүретін рельстреге ауыстыру керек болады. Жақын уақытта Траснқазақстандық теміржол салу жоспар- Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Стандарттау жұмысынің нәтижесі өнімнің, қызметтің, үрдістің функционалдық қызметіне сәкестілігі, халықаралық саудадағы техниқалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық прогреске үлес қосу және түрлі салаларда әріптес болу.
Стандарттауды жүргізідің негізгі қағидалары келісімдік, еріктілік ыңғайлылық , экономикалық тиімділік.
Стандарттаудың мақсаты өнімге қойылатын талаптардың, әдістерді белгілі бір салада әрдайым кеңінен қолдану арқылы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселелерді шешіп сол саланы оптималды дәрежеде ретке келтіру. Жалпылама алғанда стандарттаудың мақсатына мыналар жатқызуға болады.
-өнім, жұмыс және қызметтің мемлекет мүддесі мен қоршаған орта және адам денсаулығына кауіпсіздігін қаматамасыз ету;
-техникалық және ақпараттық үйлесімділік пен өзара алмасушылық талабын жүзеге асыру;
-ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес өнім сапасын жоғарлату арқылы тұтынушы талабын қанағаттандыру;
-еңбек және материалдық қорларды үнемдеу, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсарту;
-өндіріс пен саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің халықаралық жіне ішкі нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру;
-өлшемнің біркелкілігін қамтамасыз;
-мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен жұмылдыру дайындығын күшейту;
-табиғи және техногенді апаттың әсерінен пайда болуы мүмкін залалдан шаруашылық объектілерінің кауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Стандарттау нысандары өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет осыларға арнап, мінездемелер, параметрлер, ережелер бекітілді.
Стандарттау аумағы- өзара байланыс стандарттау нысандарының жинағы. Стандарттау түрлі деңгейлерде жүргізіледі: халықаралық, аймақтық, ұлттық және административті-территориялық болып бөлінеді.
