Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салы салу масатында обекь нын баалау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57.18 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ..............................................................................................

2

1

ҚР салықтың теориялық негіздері

1.1

Салық түсінігі, мәні, қағидасы..........................................................

13

1.2

Салық түрлері1...................................................................................

2

2

Салық салғанда ескерілетін факторлар

2.1

Салық түрлерін талдау.......................................................................

14

2.2

Жеке меншіктегі жер учаскесінің салық көлемін анықтау.............

16

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................

21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................

22

Кіріспе

Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономикасының өркендеп , халық тұрмысының жақсаруына негізінен салық үлкен рөл атқарады.Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушімен салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру.

Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіпорын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.

Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады.

Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.

Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.

Салық комитеті – салықтардың барынша түсуін және оның қызметіне қоғамның барынша қанағаттануын қамтамасыз ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар мемлекеттік орган.

Мемлекеттік орган ретінде салық қызметінің миссиясы стратегиялық бағытымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуді анықтайды. Салық қызметінің Көрінісіне жету үшін тағы да екі стратегиялық бағыт белгіленеді: салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары салық қызметін құру.Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпін.

Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарлары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды). Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың , баждардың және басқа төлемдердің (бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.