- •Мазмұны
- •6.1 Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі ...................................................88
- •1 Мұнай, газ және қабат суының құрамы және физика-химиялық қасиеттері
- •1.1 Мұнайдың құрамы, жіктелуі және негізгі физикалық-химиялық қасиеттері
- •1.2. Мұнай газының құрамы мен қасиеті
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Қабат суының тығыздығы мен тұтқырлығы
- •2 Қоспалардың физика-химиялық қасиеттері
- •3 Мұнай эмульсиялары
- •3.1 Мұнай эмульсияларының түзілуі
- •3.2 Мұнай эмульсиясының жіктелуі
- •3.3 Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •3.4 Мұнай эмульсияларының беріктігі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Мұнайдан газды бөлудің технологиялық есебі
- •4.1 Мұнайгаз айырғыштарының мiндетi және олардың жіктелуі
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Айыру қондырғыларының түрлері
- •4.4 Айырғыштарды газ және сұйық бойынша өткiзу қабiлетiне есептеу
- •4.4.1 Айырғыштардың жұмысына әсер ететiн факторлар
- •4.5 Тік гравитациялық айырғышты газ бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •4.6 Тік гравитациялық айырғышты сұйық бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •4.7 Көлденең гравитациялық айырғышты есептеу
- •4.8 Табиғи газдарға арналған айырғыштар
- •4.8.1. Газды айырғыштардың негізгі түрлері және олардың мұнайгазды айырғыштардан айырмашылығы
- •4.8.2 Газды айырғыштарды газ бойынша өткізу қабілетіне есептеу
- •5 МұнаЙ-газ кәсіпшілік құбырлары
- •5.1 Құбырлардың жіктелуі
- •5.2 Құбырлардың гидравликалық есебі
- •5.2.1 Бір фазалы сұйықтардың құбырлар бойымен изотермиялық қозғалысы кезіндегі гидравликалық есебі
- •5.2.2 Құбырлар бойымен ньютондық емес сұйықтарды (тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайлар) тасымалдау
- •Шеңберлі құбырдағы сұйықтардың қозғалысы кезінде тұтқырлықты үйкеліс жөніндегі Ньютон заңына сәйкес жанама кернеуiнің теңдеуі мына түрде жазылады:
- •5.2.3 Сұйықтардың изотермиялық емес қозғалысы кезінде құбырларды есептеу
- •5.2.4 Мұнай газын жинау үшін газ құбырларын есептеу
- •Қарапайым құбырлардың гидравликалық есебінің негізгі теңдеулері:
- •Күрделі құбырлардың гидравликалық есебі
- •Төртінші бөлшектегі мұнай жылдамдығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •6 Мұнай кәсіпшілігінде эмульсияларды бұзу әдісі
- •6.1 Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі
- •Деэмульсация процесінің негізгі үш кезеңіне байланысты мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерінің жіктелуі 6.1-кестеде көрсетілген.
- •Мұнай эмульсияларын бұзуда қолданылатын деэмульгаторлар
- •6.2.1 Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •6.2.2 Негізгі деэмульгаторлардың қасиеттері
- •6.3 Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістері
- •6.3.1 Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар
- •Диаметрлері белгілі тамшылардың шөгу жылдамдығын анықтау.
- •Бақылау сұрақтары
- •Мұнай резервуарлары, олардың міндеті және жіктелуі
- •7.1 Резервуарлардың атқаратын қызметi мен түрлерi
- •Мұнайды резервуарларда сақтау кезiнде шығынды болдырмау
- •7.3 Резервуарлардағы мұнайдың жеңiл фракцияларының шығынын анықтау
- •7.4 Резервуардағы тауарлық мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеу
- •7.5 Резервуарларды тазалау және жөндеу
- •Әдебиеттер тізімі
- •Энергетика және мұнайгаз индустриясы факультеті Мұнай-газ инженериясы кафедрасы
6.2.2 Негізгі деэмульгаторлардың қасиеттері
Қазіргі кезде жақсы нәтиже беретін деэмульгаторлардың түрлері көп және мұнай өндіру кәсіпорындары оларды пайдалануда көп тәжірибе жинады. Мұнай өндіру саласының дамуына байланысты деэмульгаторлардың жаңа түрлері пайда болуда. Төменде кең қолданыс тапқан кейбір деэмульгаторлардың негізгі қасиеттері көрсетілген.
Дипроксамин-57. Жоғары молекулярлы ионогенсіз БӘЗ класына жатады, молекулярлық массасы 5000 этилендиамин негізді этилен мен пропилен тотықтарының блоксополимері болып табылады. Бұл тұтқыр, мөлдір, қоңыр түсті сұйықтық, жұмсақ және қатты суларда, сондай-ақ көмірсутектерінде жақсы ериді. Реагент минералды қышқылдар, сілтілер және тұздардың аралас ерітінділерінен тұнбаға түспейді.
Дипроксамин-157. Жоғары молекулярлы ионогенсіз БӘЗ класына жатады, молекулярлық массасы 5000, құрамында азот бар этилендиамин негізді этилен мен пропилен тотықтарының блоксополимері болып табылады. Бұл тұтқыр, сарғыш қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, мұнайда және ароматты көмірсутектерінде жақсы ериді, бірақ суда ерімейді. 20ºС температурадағы тұтқырлығы 635 мПа·с, тығыздығы 1025-1050 кг/м3, шығын нормасы 1 тонна мұнайға 40–60 г. Метанолда 65% ертінді түрінде қолданылады.
Диссолвандар ең көп қолданылатын деэмульгаторлар. Кәсіпшілік тәжірибеде Диссолван 4411, 4422, 4490 қолданылады. Олардың барлығы жоғары молекулярлы ионогенсіз БӘЗ класына жатады, молекулалық массасы 2500–3000 полиалкилгликоль болып табылады. Диссолвандар суда жақсы ериді, қабат сұйықтығының құрамында болатын тұздармен, әлсіз сілті және әлсіз қышқылдармен әрекеттеспейді, тұндыру аппаратурасында тұнбалар түзбейді. Диссолвандарды қолдану кезінде жылу алмастырғыш аппаратураның, құбырлар желісінің және сыйымдылықтардың коррозиясы күшейеді, сондықтан олар коррозия ингибиторларымен бірге қолданылады. Ұсынылатын меншікті шығыны тоннасына 80–100 грамм.
СНПХ-41 реагенті ионогенсіз БӘЗ класына жатады, молекулярлық массасы 1870, фенол мен ацетонның өндірістік қалдығы - фенолды шайыр негізінде, құрамында азоты бар этилен мен пропилен тотықтарының блоксополимері болып табылады. Суда ерімейді, мұнайда жақсы ериді. Қою, тұтқыр қоңыр түсті сұйықтық, 20ºС температурадағы тұтқырлығы 844 мПа·с, метанолдағы 65% ертінді түрінде қолданылады, меншікті шығыны тоннасына 40–60 грамм.
СНПХ-4101 – тұтқырлығы СНПХ-41 қарағанда төмен (30 мПа·с) қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, ерітілмеген күйінде қолданылады.
СНПХ-44 бірнеше БӘЗ тобының қоспасы болып табылады, бұл тұтқырлықтың төмендеуін және деэмульгациялық қабілеттерін күшейтуге мүмкіндік береді.
Прогалит НМ 20/40 этилен мен пропилен тотықтарының блоксополимері негізіндегі арнайы құрамды реагент. Ашық қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, тығыздығы 920 кг/м3, тұтқырлығы салыстырмалы түрде төмен (52 мПа·с), спирт пен суда жақсы ериді, ароматты көмірсутектермен және керосинмен араласады. Жай мұнайлар үшін шығын нормасы тоннасына 20–80 грамм, ал тұтқырлығы жоғары мұнайлар үшін тоннасына 100–250 грамм. Прогалит тұрақты аралық қабат түзбей мұнай мен суды жақсы айырады. Қату температурасы 40ºС аязға төзімді сұйықтық, реагент тез от алады, улы.
Сонымен қатар, қазіргі кезде қолданылатын тиімді деэмульгаторлар қатарына: майларда еритін (Сепарол 508Ч, Диссолван 4490, Прохинор GR, Вискок 3), суда еритін (Сепарол 29, R-11, X-1632, Серво және т.б.) БӘЗ жатады.
