Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_k_IGA.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
987.59 Кб
Скачать

3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.

4.Қолды тері антисептигімен өңде.

5.Қолға резенке қолғапты ки.

6.Зақымдалған тамырды саусақпен басып, кеткен қанды уақытша тоқтат.

7.Қол немесе аяқты көтеріңкіреп ұста.

8.Қол немесе аяқты, қан кету жерінен жоғары жағынан дәкемен немесе сүлгімен орап қой.

9. Резеңке тартпаның ұшынан қолмен ұстап барынша созып тарт. Жараның шетіне жақындата резеңке тартпаның бірінші айналымын тығыздап байла.

10. Оның бұрулып қалмауы үшін, екінші бос ұзын жағын қолдана отырып, келесі айналымын бір-біріне қатарластырып сал.

11. Резеңке тартпаны бекітіп байла.

12. Резеңке тартпа дұрыс салынғанын тексер(егер дұрыс салынған болса,жарадан қан ағу тоқтап,аяғы бозарып, табанның сыртындағы артерияның соғуы естілмейді).

13. Резеңке тартпаның айналымының біріне бұрауды салған күнін, уақытын және мақсатын көрсетіп жазған қағазды қыстыр.

14.Жәбірленушіні жатқызып тасымалда.

Ескерту:-Тартпаны 1,5 -2 сағатқа байлап, әр 30 минут сайын босату керек.

-Тартпаны босатқанда зақымданған тамырды саусақпен қысу керек.

-Балаларға тартпаны 1 сағатқа ғана байлайды.

-Тартпаны таңғыштың немесе киімнің астына байлауға болмайды!

-Қыста тартпаны 1 сағатқа ғана байлап, сыртынан киім немесе көрпемен орап, қызыл матамен белгілеп қою керек.

-Тартпаның орнына белдікті пайдалануға болады.

В)Бұрама салудың іс әрекеті.

Мақсаты: Қызыл қан тамырынан қан кеткенде, қанды уақытша тоқтату.

Көрсеткіші:Артериальды қан кету.

Ресурстар:Дәке, таяқша, қағаз, резенке қолғаптар, таңғыш материалдар, бинт, КБУ.

Әрекет алгоритмы:

1.Пациентті тыныштандырып, жатқызыңыз.

2.Пациенттің жағдайын бағалап, жараны қарап, бағала.

3.Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.

4.Қолды тері антисептигімен өңде.

5.Қолға резенке қолғапты ки.

6. Қол немесе аяқты көтеріңкіреп ұста.

7.Дәкені жараның жоғары жағынан ора.

8.Дәкенің екі шетін байла.

9.Дәкенің шеттері байланған жерге таяқшаны қойып, жарадан ағып жатқан қан тоқтағанша және пульсация жоғалғанша бұра.

10.Таяқшаның бос жағын бекіт.

11.Жара шеттерін өңдеп, жара бетіне асептикалық таңғыш байла.

12.Бұраманың астына , бұрама салу уақыты жазылған қағазды қыстыр.

13. Науқасты стационарға тасымалдау кезінде қан қысымын, тыныс алуын, есін,таңғышын, жағдайын қадағала.

14.Резенке қолғапты шешіп, КБСУ-ға сал.

Г) Аяқ-қолды барынша бүгу арқылы

Әзірле: валик, бинт, үшкіл орамал.

  1. Валикті бүгілетін буынның ішкі жағына салып қой;

  2. Аяқ-қолды осы қалыпта, үшкіл орамалмен, белдікпен немесе бинтпен бекітіп байлап қой;

Ескерту:

  1. Қол басының артериясы зақымданғанданда – валикті шынтақ буынының ішіне салу керек, ал білек артериясы зақымданғанда – иікқа;

  2. Иіқ артериясы жарақаттанғанда валикті қолтыққа салып, қолды денеге мықтап байлау қажет;

  3. Қолтық артериясы зақымданғанда қолдарды арқа бұрып, шынтақтан бекіту қажет;

  4. Сан артериясы жарақаттанғанда валикті шат қатпарына салып, санды денеге жабыстырып бекіту қажет;

  5. Балтыр артериясы зақымданғанғанда валикті тізе асты шұнқырға салып, тізені бұгіп қою керек.

Д) Тамырға қан тоқтататын қысқыш қыстыру

Әзірле: Бильрот қысқышынын, 2 пинцет, антисептик ерітіндісін, дәкелерді, жара кеңейткіштерді.

  1. Науқасты жатқыз;

  2. Науқастың жалпы жағдайын және жарасын бағала;

  3. Пинцетпен дәкені алып, антисептикке малып, жара шеттерін өңде;

  4. Жара шеттерін кеңейіткішпен кеңейт;

  5. Пинцетпен дәкені алып, жараны құрғат;

  6. Бильрот қысқышын алып, көрініп тұрған тамыр ұшына қыстыр;

  7. Қысқыш сақиналары қөрінетіндей қылып, жараға асептикалық таңғыш байла;

  8. Стационарға пациенті тасымалда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]