Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Algoritmy_k_IGA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
987.59 Кб
Скачать

Система менеджмента качества

Эмтихан алгоритмдері


РМҚК «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі республикалық колледжі»

Хирургия пәнінің «Емдеу ісі» мамандығына, «Фельдшер» біліктілігіне арналған тәжірибе сұрақтардың тізімі

Құрастырған: Сагандыкова Ж.М.

Алматы 2016 жыл

1. Резус- факторды цоликлон анти-д көмегімен анықтау.

Мақсаты: Резус-факторды анықтау.

Көрсеткіші: Гемотрансфузия, қан аурулары.

Ресурстар: Цоликлон анти-Д, шыны таяқшалар, планшет, залалсыз резенке қолғаптар, сағат, зерттейтін қан, КБУ.

Әрекет алгоритмы:

1. Анти-Д цоликлонның жарамдылығын, пайдалану мерзімін, түсін тексер.

2. Науқасқа манипуляция барысын түсіндіріп бер.

3.Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызып немесе отырғыз.

4.Қолды гигиеникалық деңгейде өңде.

5.Залалсыз қолғапты ки.

(Залалсыз резеңке қолғапты кию іс-әрекеті.

Мақсаты: Отаның алдында, манипуляциялар алдында қолғап кию.

Ресурстар: спирт 96% ,залалсыз қолғаппен бикс.

  1. Қолды спиртке малынған дәкемен өңдеу.

  2. Қолғаптар жатқан ораушты аш.

  3. Сол қолмен қолғаптың бүгілген бөлігінен ұста.

  4. Сомкнуть пальцы правой кисти и ввести ее в перчатку.Оң қолдың саусақтарын шөкімдеп, қолғапқа еңгіз.

  5. Қолғапты созып оң қолға кигізу.

  6. Сол қолғаптың бүгілген бөлігіне оң қолдың қорғаулы 2,3 және 4 саусақтарын кіргіз.

  7. Қолғапты сол қолқа тартып кигіз.

  8. Киілген қолғапты дұрыстап, жөндеп ки.)

6.Планшетке Анти-Д цоликлоның тамыз (0,1мл).

7.Зерттейтін қаннан 1 тамшы (0,2мл) алып, цоликлонмен араластыр.

8.Нәтижені, планшетті қолға алып, айландырып, 3 минут күт.

9.Нәтижені бағала.

10.Агглютинация пайда болса, онда резус-фактор оң болып табылады.

11. Резенке қолғапты шешіп, КБСУ –ға сал.

2.Мойын тамырлары зақымданған кезде бірінші медициналық көмек көрсету.

Мақсаты:Уақытша қан тоқтату.

Көрсеткіші: Мойын тамырларынан қан кету.

Ресурстар: қол өңдейтін антисептик, резеңке қолғап,залалсыз тығыз тампон, Эсмарх тартпасы, Крамер жақтауы, қағаз, қалам.

Әрекет алгоритмы:

1. Қолды антисептикпен өңдеп, резеңке қолғапты ки.

2. Жараның төмен жағын саусақпен бас.

3. Тығыз тампонды алып, саусақтың орнына қойып, басып тұр.

4. Эсмарх тартпасын алып, жараға қарама қарсы қолды төбеге қой.

5.Тартпаны тампонның үстінен, қолды айлана байла.

6. Уақытты белгілеп, қағазға жазып, тартпаға қыстыр.

7. Жәбірленушіні стационарға тасымалда.

Ескерту: Қарама қарсы қол зақымдалған болса, қолдың орнына Крамер жақтауын пайдалануға болады.

3.Білек қызыл тамырынан қан кеткен жағдайда, барлық уақытша қан тоқтату тәсілдерінің фантомнан көрсету.

А) Қызыл қан тамырын саусақпен басу.

  1. Науқасты шалқасынан, жастықсыз жатқыз;

  2. Жаралану аумағын бағала;

  3. Тамырды, қан кеткен жақтан жоғары жерде 4 саусақпен 5-10 минут қатты басып ұста;

  4. Қан кеткен жақтан төмен жерде тамыр соғысын тексер;

  5. Бірәз уақыт өткен соң, басқа қан тоқтату тәсілін орында.

Б)Артериальді қан кету кезінде резенке тартпа салу техникасы.

Мақсаты: Қызыл қан тамырынан қан кеткенде, қанды уақытша тоқтату.

Көрсеткіші:Артериальды қан кету.

Ресурстар: Эсмарх резенке тартпасы, залалсыз резенке қолғаптар, үшкіл орамал немесе сүлгі, таңғыш материалдар, қағаз ,қарындаш.

Әрекет алгоритмы:

1.Пациентті тыныштандырып, жатқызыңыз.

2.Пациенттің жағдайын бағалап, жараны қарап, бағала.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]