Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК. ПІН 5В0012000.2015 ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.24 Mб
Скачать

Глоссарий

Доғалы пісіру – негізгі және қосынды металдардың электрод пен металл арасында жанатын доғадан балқып пісірілуге негізделген пісіру түрі.

Қорғаушы газ ортасында пісіру – инертті газдар ағынында балқыған немесе балқымайтын электродтармен металдарды балқытуға негізделген пісіру түрі.

Электроқожды пісіру – негізгі және қосынды металдарды электр тоғы балқыған қож арқылы өткенде бөлінетін жылумен балқытатын пісіру түрі.

Газбен пісіру – негізгі және қосынды металдарды жоғарытемпературалы газ – оттегі жалынымен балқытуға негізделген пісіру түрі.

Пісіру икемділігі – біртекті және әртекті металдардың (және олардың қоспаларының) берілген жүктемеде, ортада, температурада т.с.с. жұмыс атқара алатын пісіру жалғасын қалыптастыру қабілеттілігі.

Пісіру посты – пісіру жұмыстарын жүргізуге арналған барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған жұмыс орны.

Пісіру доғасы - екі электрод немесе электрод пен бұйым арасында газ ортасында пайда болатын тұрақты қуатты электр бәсеңдеуі.

Иондану жұмысы (иондану потенциалы) – иондар қалыптастыру үшін орындалатын жұмыс.

Түйіс жалғас – екі элементті бір-біріне бүйірімен түйістіріп жалғайтын пісіру жалғас түрі.

Бұрыштық жалғас - бір-біріне бұрышпен орналасқан (900 болу шарт емес) екі элементтің шеттері түйіскен жерде пісірілген пісіру жалғастарының түрі.

Таврлы жалғас – бір элементтің жиегі екінші элементтің бетіне бұрышпен орналасып түйіскен жерінде пісірілген пісіру жалғасы.

Айқасқан жалғас – екі элементте бір-біріне параллель орналасып, қосылатын жерде біршама айқасатын пісіру жалғасы.

Пісіру ұсатпалары – көлденең қимасы толық жіктің көлденең қимасының үштен біріне тең етіп жасалатын қысқа жік.

Пісіру ережесі – пісіру процесінің өтуін анықтайтын көрсеткіштер жиынтығы.

Ацетилен генераторы – қальций карбидінен су көмегімен ацетилен алуға арналған қондырғы.

Пісіру жанарғысы (шілтері) – жанар газды (немесе жанар газ буларын) оттегімен араластырып, пісіру жалынын алуға арналған техникалық қондырғы.

Қорғану үшін жермен қосу – электр қондырғылары бөлшектерін металл сымдар арқылы жермен қосу.

77