Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК. ПІН 5В0012000.2015 ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.24 Mб
Скачать

28 Сурет – Оңға және солға газбен пісіру

Оң пісіру әдісінде жалын пісірілген жікке бағытталған, бұл пісіру ваннасын аудағы оттегі мен азоттан қорғауды жақсы қамтамасыз етеді, сондай-ақ кристалдану процесінде жік металының салқындауын баяулатады. Осының салдарынан жік сапасы оң пісіруде солға пісіруден гөрі жоғары. Оң пісіру жалын жылуының шашырауы соң әдістен гөрі аздау. Сондықтан жиектерді өңдеу бұрышы 90 0 емес, аздау – 60-70 0 құрайды. Бұл балқитын металдың көлемін азайтып, бұйымның шалыстануын төмендетеді. Пісірудің оң әдісіне жанарғы мүштігімен толқу қозғалыстарды жасамайды, ал қосынды сыммен спираль тәрізді қозғалыстар жасайды., онда да қозғалыс амплитудасы сол әдісіне қарағанда аздау.Пісіру жалынының қуаты (болат үшін) сол әдіспен пісіргенде ацетиленді 100-130 дм3/с, және оң жақ пісіру әдісінде 120-150 дм3/с ацетиленді 1 мм пісірілетін металл қалыңдығына деген есеппен таңдалады.

Жанарғы және қосынды сымның қалпы.

Газ жанарғысы жалыны пісірілетін металдың жиегі ядро шетінен 2-6 мм қашықтықта қалпына келтіру аумағында болатындай етіп бағытталады.

Жалын ядросының шетін металл мен қосынды сымға тигізуге болмайды, өйткені ол пісіру ваннасы металын көміртектендіреді, жалынның кері соққысын қалыптастырады.Металды қыздыру жылдамдығы пісірілетін металл бетіне мүштіктің көлбеу бұрышын өзгертумен реттеледі. Бұл көлбеудің шамасы (α – бұрышы 29 –суретте) пісірілетін металдың қалыңдығы мен түріне байланысты таңдалады. Металл қалыңдығы коп болған сайын, көлбеу бұрышы да (α) көп болуы керек, мұнда пісірудің басында көлбеу бұрышы біршама көбірек қойылады да, металл қызғаннан кейін оны қажетті бұрышқа дейін азайтады. Пісіру соңында, керісінше, көлбеу бұрышын бірте-бірте азайтады.

29 – сурет. Жанарғы мүштігінің көлбеу бұрышының графигі

Қосынды сымның көлбеу бұрышы әдетте 30-40 0 шамасында, оны пісіруші әртүрлі факторларға байланысты – жіктің кеңістіктегі қалпы, көпқабатты жіктің қабат санына т.б.б. байланысты реттейді.

Қоршаған ауадан жанарғы газының қалпына келтіру аумағы қорғайтындай пісіру сымының ұшы тұрақты түрде пісіру ваннасының ішінде болуы қажет. Олай болмаса сым металының қышқылдану қаупі болады. Пісіру процесінде мүштік ұшы бір мезгілді екі қозғалыс жасайды – бойлық (негізгі) ось бойымен және қосымша, жік осіне перпендикуляр. Көлденең қозғалысы негізгі металдың жиегімен қосынды металды және қажетті енімен жік алу үшін бірқалыпты қыздыруға қолданылады. Бұл қозғалыстар әртүрлі әдістермен орындалады (30-сурет).

Бірінші әдісті жарнағы жалыны мезгіл-мезгіл сыртқа бағытталады. Бұл газбен пісіргенде қолдануға ұсынылмайды, балқыған металдың ауамен қышқылдануы мүмкін.

30 - сурет. Жанарғыны жылжыту әдісі

Екінші әдіс – спиралмен қозғалу және үшіншісі – «жарты ай» түрімен қозғалу, бұл - қалыңдығы орташа металдарды пісіргенде қолданылады. Төртінші әдіс жұқа жаймаларды пісіруге қолданылады.

Бұйымды пісіруге дайындау және құрастыру.

Газбен пісірудің алдында пісірілетін металдың жиектерді және оған жақын учаскелер күйдірме, тот, бояу және басқа ластықтардан тазартылады. Металды барлық қалыңдығында толық балқуы үшін газбен пісірудің алдында пісірілетін бөлшектердің жиегін дайындау жасалады. Пісіру алдында бөлшектерді өзара қысқа жіктермен (ұстатпалармен) жалғастарады, бұл бөлшектер арасының саңылауы пісіру процесінде тұрақты қалуы үшін жасалады. Ұстатпалардың мөлшері мен олардың ара қашықтығы пісірілетін металдың қалыңдығына және жік ұзындығына байланысты таңдалады. Жұқа жаймаларды пісіргенде және қысқа жіктер болғанда ұстатпа ұзындығы 5 мм –ден аспауы қажет, ал олардың арасының қашықтығы - 50-100 мм. Қалың жаймаларды пісіргенде және ұзындығы елеулі жіктерде ұстатпа ұзындығы 20-30 мм шамасында, олардың арасының қашықтығы 300-500 мм. Ұстатпаларды пісіру ережелеріне сай орындайды.

Әртүрлі кеңістік қалпында газбен пісіру.

Газбен пісіруде төменгі, көлбеу және төбелік жіктер орындалады. Ең көбірек қиындық төбелік жіктерді пісіргенде кездеседі: пісіру ваннасы металының тамшылары төмен ағады, пісіруші жіктегі сұйық металды газ жалынымен үрлеп ұстатуы қажет.

а - жиегінен пісіру; б - жік ортасынан пісіру

31 - сурет. Жіктерді жасау реті

Төменгі жіктерді пісіру барлығынан жеңілдеу: балқыған металл ауырлық күші әсерінен кратерге ағады және пісіру ваннасынан сыртқа ақпайды. Мұнда пісірушіге процесін бақылау ыңғайлы. Ұзын жіктерді пісіргенде сатылы немесе керісатылы пісіру әдістері қолданылады. Барлық жіктерді белгілі ретпен пісірілетін учаскелерге бөледі (31-сурет). Тік жіктерді әртүрлі әдістермен пісіреді: а) жұқа бөлшектерді – оң әдіспен жоғарыдан төменге, немесе сол әдіспен төменнен жоғары (32-сурет).

а - жоғарыдан; б,в- төменнен ; г - екі жікпен пісіру сұлбасы

32 - сурет. Тік жіктермен пісіру

Төбелік жіктерді пісіргенде алдымен жиектерін балқығанша қыздырады; осы кезде пісіру ваннасына, ұшы тез балқитындай, қосынды сымды енгізеді. Балқыған металл төмен ағудан газ жалынының қысымымен ұсталады. Пісіруді оң әдіспен әрқабаты аздау қалыңдықпен бірнеше қабат етіп жүргізеді.

Газбен пісіргенде бір қабатты және көп қабатты жіктер жасалады. Қалыңдығы 10 мм-ден жоғары жаймаларды үш және одан көп қабат жасаумен пісіреді. Газбен пісіргенде көп өтпелі жіктер қолданылмайды, өйткені енсіз жіктерді жасау өте қиын.

Газбен пісірудегі кернеулер мен деформациялар.

Газбен пісіргенде пісірудің басқа түрлеріне қарағанда пісіру аумағы үлкен. Сондықтан газбен пісіргенде пісіру деформациясының шамасы үлкен болады.

Газбен пісіргенде деформацияны азайту үшін төменгі ұсыныстарды орындау қажет:

  • пісіру ережесін дұрыс таңдау;

  • бөлшекті бірқалыпты қыздыру;

  • балқытылған металдың көлемін бірқалыпты бөлу;

  • пісіру жіктерінің дұрыс жасалу тәртібін сақтау;

  • бөлшектерді аздау нүктелермен ұстатпа жасау.

Әдебиеттер: 1 нег. [121-154], [160-171], 3 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

  1. Газды пісіру мен кесуге қандай газдар қолданылады?

  2. Оттегінің қандай қасиеттері бар?

  3. Ацетилен дегеніміз не?

  4. Пропан-бутан қоспалары және табиғи газдар қандай мақсатта қолданылады?

  5. Ацетилен генераторының құрылысын жазыңыз?

  6. Ацетилен генераторы қалай жұмыс істейді?

  7. Кальций карбидінен ацетиленді қалай алады?

  8. Кері соққы дегеніміз не?

  9. Газ бәсеңдеткіші дегеніміз не, ол не үшін қолданылады?

  10. Пісіру жанарғысы дегеніміз не?

  11. Пісіру жанарғыларының қандай түрлері бар?

8 – Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы.

Доғалы пісірумен байланысты жұмыстарды орындағанда жұмысшы-лардың денсаулығына және өміріне қауіпті төмендегі жағдайлар болады:

  • электр тоғымен зақымдануы;

  • доға сәулесімен көзді және терінің ашық беттерінің зақымдануы:

  • бұйымды пісіруге дайындау процесінде және пісіру кезінде жарақат алуы;

  • балқыған металл мен қождың шашыраған тамшыларынан дененің күйіп қалуы;

  • зиянды газдармен улануы;

  • қысыммен тұрған ыдыстарды пісіргендегі жарылыстар;

  • тез жанатын және жарылысқа қауіпті заттар мен жақын істегендіктен болатын жарылыстар;

  • балқыған металл мен қождан болатын өрттер.

Электр тоғымен зақымдану.

Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады.

Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:

  • пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіз-діктен;

  • пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;

  • бөлменің ылғалдығынан;

  • бөлменің тарлығынан;

  • және басқа факторларға байланысты.

Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):

  • ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі;

  • ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;

  • ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады;

  • ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;

  • ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;

  • ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды;

  • ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.

Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек. Егер электр тоғының жиілігі 600 Гц болса, онда оның қауіпті әсері елеулі азаяды.

Электр тоғының әсері адам денесі кедергісінің шамасына елеулі байланысты. Дененің кедергісі ішкі жағдайларға (шаршау, психологиялық басылу т.б.) және сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылығы, газдануы т.б.) баланысты. 12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.

Электр тоғының зақымдауынан қорғану.

Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін төменгі шарттарды сақтау қажет:

  • доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;

  • жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;

  • электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;

  • құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;

  • далада істегенде жауын жауғанда және қар жауғанда жұмысты тоқтату қажет;

  • жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);

  • ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.

Жермен қосу.

Қорғану үшін жермен қосу-бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Авариялық жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады. Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі - аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, тоқ адам денесі арқылы, іс жүзінде өтпейді. Жермен қосу кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады. 33-суретте жермен қосылған жүйеден пісіру трансформаторын нәрлендірген жағдайда оны жермен қосу сұлбасы келтірілген. Сұлбада көрсетілгендей, бірфазалы пісіру трансформаторын нәрлендіру үшін, қосу пунктінен трансформатордың кіріс қорабына дейін, үш талшықты шланғалы кабель қолданылған. Кабельдің үшінші талшығының бір шеті қосылу пунктының тұғырына, ал екіншісі трансформатор тұғырының жерге қосу бұрандасына жалғанған. Төменгі кернеу орамасы қыспа арқылы пісіру бөлшегіне және жерге қосу металл сымымен пісіру трансформаторының тұғырындағы жермен қосу буранына жалғанады.

1 - қосылу пункті; 2 - пісіру трансформаторы; 3 - электродұстауыш; 4 - пісіру бұйымы; 5 - нәрлендіретін үш талшықты сым; 6 - трансформатордың бірінші орамасы; 7 - трансформатордың екінші орамасы; 8 – трансформатор тұғыры мен қосылу пунктіндегі жерге қосу бурандалары; 9 – жүйенің нольдік сымына жалғау

33 - сурет. Нейтралы жерге қосылатын жүйеден нәрленетін пісіру трансформаторын жермен қосу сұлбасы

Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады.

Электр тоғынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.

Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек. Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек.

Көздің зақымдануы.

Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін. Пісіру доғасының жарық сәулесі көзді көрсетпей қалдыратындай қабілеті бар, өткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық.

Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана көзді зақымдан-дырады. Ультракүлгін сәуле шығару жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу)деп аталатын ауыру болдырады. Аурудың негізгі белгілері-көздің тілгендей ауруы, жасаурау, көрудің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» тамшылары немесе мырыш тамшыларымен 2-3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады.

Көру органдарын қорғау.

Электрпісірушілер доға сәулелерін өткізбейтін және сіңіретін жарық фильтрлерімен істеу қажет. Жарық фильтрлері доға қуатына қарай таңдалады (2- кесте).

9 – кесте. Пісіру доғасы қуатына байланысты жарық фильтрінің түрін таңдау

Пісіру тоғының шамасы

Жарық фильтрінің түрі

30- дан 75 А-ге дейін

Э-1

75-тен 200 А-ге дейін

Э-2

200-ден 400 А-ге дейін

Э-3

400 А –ден жоғары

Э-4, Э-5

Жарық фильтрі шынысының мөлшері 52х102. Жарық фильтрінің сырт жағынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалып, ластанғаннан кейін ол айырбасталып тұрады. Пісіру шеберханаларында жарық сәулелерінің шағылысуын болдырмау үшін қабырғалар мен төбелерді бояудың қара түрлерімен бояу керек.

Зиянды газдар мен шаңдардан улану.

Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с.байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі т.б. Улы заттардың адам организмінің әртүрлі жерлерінде тұрақты қалу қабілеттілігі бар және олар ұзақ ауыратын аурулар болдырады. Ауаның ластығымен күресу үшін келесі шараларды орындау қажет:

  • тартатын-шығаратын желдеткіш және жылжымалы сору қондырғыларын жасау;

  • респираторларды, ал жеке жағдайларда противогаздарды пайдалану;

  • электродұстауыш немесе шлем, т.б. арқылы таза ауа беруін қамтамасыз ететін қондырғыларды пайдалану.

Күйдірмелер.

Пісіру жұмыстарын жүргізгенде балқыған металл мен қож шашырайды. Бұл шашырандылар пісірушінің қорғалмаған терісіне немесе киіміне түсіп күйдіруі мүмкін. Пісірушіні күйдірмелерден қорғау үшін, ол арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қолғаппен және бас киіммен қамтамасыз етілуі қажет.

Пісіру жұмыстарын тез жанатын материалдармен жақын жерде орындағанда өрт болу қаупі бар. Мұндай қауіп әсіресе құрылыс жұмыстарында жоғары. Егер пісіру жұмыстары жоғарыда жүргізілсе, онда төмендегі тез жанатын заттарды жоғарыдан түсетін ұшқындардан қорғау қажет. Пісіру жұмыстарын жүргізетін орындарда әртүрлі өрт сөндіретін құралдар: жәшік құммен, келтірілген су, өртсөндіргіш т.с.с. болуы қажет.

Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Газбен пісіру және кесуде негізгі қауіп көздері төмендегілер:

  • жалынның кері соққысынан (су бекітпесі істен шыққанда) ацетилен генераторының жарылуы;

  • баллонның бұрамасында немесе бәсеңдеткіш клапанының май болуынан оттегі баллонын ашқан уақытта оның жарылуы;

  • газ жанарғысы немесе кескіш жалынын абайсыз пайдалану. Бұл жағдайда пісірушінің киімі, шашы жанып, денесін күйдіруі мүмкін және өрт шығу қауіпі бар;

  • егер пісіруші жарық фильтрлерін қолданбаған жағдайда көзін жарақаттауы;

  • зиянды газдармен улануы (желдеткіш болмаған жағдайда).

Ацетилен генераторының жарылысын болдырмау үшін, оның жарамдығын тұрақты тексеріп тұру қажет, су бекітпесінің (затвор) керек деңгейге дейін суға толып тұруын қадағалау, бекітпенің бақылау кранын оқтын-оқтын ашып, оны тексеру керек.

Қолмен және механикаландырылған газжалынды жұмыстарды орында-ғанда Г-1, Г-2, Г-3 шынылары бар қорғаушы көзілдіріктермен істеу қажет. Қосымша жұмысшылар В-1, В-2, В-3 шынылары бар көзілдіріктерді пайда-ланады. Газ баллондарын иықпен көтеріп тасымалдауға болмайды, бұл мақсатта арнайы носилкалар немесе арбашықтар пайдалану қажет. Оттегі және ацетилен баллондары әр уақытта тік қалпында тұруы қажет.

Газ баллондарын күннің көзінде, жылу аспаптары және кез-келген басқа жылу көздеріне жақын жерлерге орнатуға болмайды. Баллондар газ жанарғылары немесе кескіштерден 5 метрден кем емес қашықтықта болуы қажет. Газбен пісіру немесе кесу жұмыстарын орындағанда «Ацетилен, оттегін өндіргендегі және металдарды газ жалынды өңдегендегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария Ережелерін» басшылыққа алу қажет.

Әдебиеттер: 1 нег. [386-400], 2 нег. [302-314], 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

  1. Газбен пісіруді қолданатын аумақты атаңыз?

  2. Пісіру жалыны қалай таңдалады және реттеледі?

  3. Оң және сол пісірудің айырмашылығы қандай?

  4. Жанарғы мүштігімен көлденең қозғалыс жасау түрлерін атаңыз?

  5. Газбен пісіргенде төбелік жіктерді пісіру бола ма?

  6. Газбен пісіргенде көпөтпелі жіктер қолданыла ма?

9 – Дәріс. Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы пісіру.

Пісіру техникасы түсінігінде, әдетте электрод немесе жанарғымен әртүрлі қимылдар жасауды, пісіру ережесін таңдауды, сапалы жік алу үшін айлабуйымдарды таңдап, оларды пайдалануды, т.с.с. айтамыз. Жіктің сапасы пісіру техникасына ғана байланысты емес, сол сияқты басқа факторлерге пісіру материалдарының құрамы мен сапасына, пісіру бетінің қалпына, жиектерді пісіруге дайындау мен құрастыруына т.с.с. байланысты. Бұйымның пішіні мен мөлшеріне байланысты жіктерді әртүрлі кеңістік жағдайында пісіруге болады. Оларды шартты түрде төменгі, тік, төбелік және көлбеу деп бөледі (34 сурет). Көлбеу жіктер – ол тік жазықтықтағы көлбеу орындалатын жіктер. Пісіру өндірісінің тәжрибесінде "жартылай тік пісіру" (жайманың көлбеулік пен жазықтығы арасындағы бұрышы 30-600-қа тең), "жартылай төбелік жағдайда пісіру" (жайма жазықтықтарының арасындағы бұрышы 120-1500) деген түсініктер бар. Пісіру қурылғыларын дайындағанда қолданылатын қаптамалы металды электродтармен доғалы пісіру, қазіргі кезде ең көп таралған тәсілдердің бірі болып саналады. Бұл жағдай қолданылатын жабдықтардың қарапайымдылығы және тез жылжыту мүмкіншіліктерімен, пісіруді әртүрлі қалыпта жүргізү және механикалық пісіру тәсілдерінің пісіре алмайтын жерлерін пісіру мүмкіншіліктерімен түсіндіріледі.

34 – сурет. Жіктердің кеңістіктегі қалыптары:

Н – төменгі; В – тік; П – төбелік.

Металды электродтармен қолмен доғалы пісірудің елеулі кемшілігі, ол үрдіс өнімділігінің аздығы және пісіру жігі сапасының пісіруші тәжрибесіне байланыстылығы. Доғалы пісіруді бірінші жылдары пайдаланғанда, жұқа иондаушы қаптамасымен металды электродтар қолданылды. Дегенмен, мұнда жік металының қасиеттері төмен болды. Сондықтан қазіргі кезде мұндай электродтар іс жүзінде пісіру үшін қолданылмайды.

35 – сурет. Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы пісіру (меңзермен пісіру бағыты көрсетілген): 1 – металды өзек; 2 – электрод қаптамасы; 3 – доғаның газды атмосферасы; 4 – пісіру ваннасы; 5 – қатайған қож; 6 – кристалданған жік металы; 7 – негізгі металл (бұйым); 8 – балқыған электрод металының тамшылары; 9 – балқу тереңдігі.

Әдістің мәнісі. Пісіру доғасының пайда болуы және оны ұстау үшін, электрод пен пісіру бұйымына пісіру тоғы қорек көздерінен тұрақты немесе айнымалы тоқ беріледі (9 - сурет). Доға электродтың металды өзегін, оның қаптамасын және негізгі металды балқытады. Балқыған электродтың металды өзегі қожбен қорғалған жеке тамшылар түрінде пісіру ваннасына өтеді. Пісіру ваннасында электрод металы бұйымның балқыған металымен (негізгі металмен) араласады, ал балқыған қож оның бетіне қалқып шығады. Негізгі металдың балқыған тереңдігі балқу тереңдігі деп аталады. Ол пісіру ережесіне (пісіру тоғының күші мен электрод диаметріне), пісірудің кеңістіктегі қалпына, бұйымның бетімен доғаны жылжыту жылдамдығына, пісіру жалғасының құрылымына, пісіру жиектерін өңдеудің мөлшері мен түріне т.с.с. байланысты. Пісіру ваннасының мөлшері пісіру ережесіне байланысты ол, әдетте мына аралықтарда болады: тереңдігі 7мм – ге дейін, ені 8-15 мм, ұзындығы 10-30 мм. Жік металының қалыптасуында негізгі металдың ұлесі әдетте 15-35 пайыз құрайды. Электродтың балқыған бетіндегі белсенді дақтан пісіру ваннасының бетіндегі доғаның басқа белсенді дағының аралығы доғаның ұзындығы деп аталады. Электродтың балқыған қаптамасы доға айналасында және пісіру ваннасының бетінде газды атмосфера құрайды, ол пісіру аумағынан ауаны ығыстырып, оның балқыған металмен әсерлесуіне тосқауыл жасайды.

Газды атмосферада сондай-ақ, негізгі және электрод металдарының легірлеуші элементтерінің булары болады. Қож электрод металының тамшыларын және пісіру ваннасының балқыған металының ьетін жауып, оларды ауамен араласудан қорғайды және балқыған металмен металлургиялық әсерлесуге қатысады. Доғаны қашықтатқан сайын пісіру ваннасы металының кристалдануы пісіру бөлшектерін жалғастыратын жіктерді қалыптастырады. Доғаның байқаусызда үзілуінде немесе электродты айырбастағанда пісіру ваннасының металында пісіру кратері (ойшығы) пайда болуына алып келеді. Қатқан қож жік бетінде қож қабатын құрайды. Тоқ беруші сым арқылы тоқ электрод ұстағыштан пісіру электродының өзегінен өтеді де, өзекті қыздырады. Пісіру тоғының өзектен өту уақыты мен оның күші көп болған сайын, бұл қызуда көбірек. Металл өзегінің температурасы пісіру алдында қоршаған ауаның температурасымен тең, ал электрод балқуының соңында, оның температурасы 500-6000С – ға дейін жоғарылайды. Бұл электродтың балқу жылдамдығының (балқыған электрод металының мөлшерінің) басында және аяғындағы әртүрлілігіне алып келеді. Доғаның пісіру ваннасының сұйық металл қабатынан өткенде жылу беріліс жағдайларының өзгеруіне байланысты, негізгі металдың балқу тереңдігі өзгереді. Нәтижесінде жік металының қалыптасуына қатысатын электрод металымен негізгі металдың үлестік қатынастары өзгереді, яғни бір электродпен орындалған жік металының қасиеттері мен құрамы әртүрлі болады. Бұл қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісірудің кемшіліктерінің бірі.

Доғаны жағу және ұстап тұру. Доғаны жағудың алдында электрод маркасына, пісірудің кеңістік қалпына және пісіру жалғастарың түріне байланысты пісіру тоғының күшін т. б. қою керек. Доғаны екі әдіспен жағуға болады. Бірінші әдісте электродты бұйымның бетіне тигенше тігінен жақындатады және тез жоғары доғаның қажетті ұзындығына дейін тартады. Екіншісінде – электродты металл бетіне шақпақтайды. Доғаны жағудың әдістерін қолдану, пісіру жағдайына және пісірушінің тәжрибесіне байланысты.

Доғаның ұзындығы электрод диаметрі мен маркасіне, пісірудің кеңістіктегі қалпына, пісіру жиектерінің өңделуіне байланысты. Доғаның мөлшерлі ұзындығы LД = (0,5 1,1)dэл (dэл – электрод диаметрі) шамасында. Доғаның ұзындығын көбейту балқытылған жік металының сапасын төмендетеді, мұнда қарқынды тотығу мен азоттану орын алады, металдың күю және шашырауы шығындарын көбейтеді, негізгі металдың балқу тереңдігін азайтады. Сондай-ақ жіктің сырт пішінін нашарлатады. Үрдісті жүргізгенде пісіруші электродты әдетте, кемінде екі бағытта жылжытады. Біріншіден, ол электродты өзінің осінің бойымен доғаға береді, электродтың қажетті балқу жылдамдығын , доғаның ұзындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, жік қалыптастыру үшін пісіру немесе қаптастыру бағытымен электродты жылжытады. Бұл жағдайда жіңішке жік қалыптасады, оның ені балқытқанда жүық шамамен (0,8 1,5) dэл тең, ол пісіру тоғының күшіне және доғаны бұйымның бетімен жылжыту жылдамдығына байланысты. Енсіз жіктерді әдетте жіктің түбірін пісіргенде, жұқа жаймаларды пісіргенде, т.с.с. жағдайларда жасайды. Электрод диаметрі мен пісіру тоғының күшін дұрыс таңдағанда, доғаның жылжу жылдамдығының жік сапасы үшін мәні зор. Жоғары жылдамдықта доға негізгі металды аз тереңдікке қыздырады, мұнда шалапісірімдер қалыптасуы мүмкін. Аз жылдамдықта негізгі металға шамадан тыс көбірек доға жылуын енгізуі салдарынан, жиірек күйдірмелер қалыптасады және балқыған металл пісіру ваннасынан ағып кетеді.

Кейде пісірушіге электродты жікке көлденең жылжытуға тура келеді, бұл жағдайда ол негізгі металдың қажетті балқу тереңдігін және жік енін алу үшін, доға жылуының жікке көлденең бөлінуін реттейді. Негізгі металдың балқу тереңдігімен жіктің қалыптасуы негізінде, электродтың көлденең тербелісінің түріне байланысты, әдетте жік осінен оны тұрақты жиілік және амплитудамен жылжытады (12 - сурет). Электрод ұшының қозғалу траекториясы пісірудің кеңістіктегі жағдайына, жиектердің дайындалу түріне және пісірушінің тәжрибесіне байланысты. Көлденең тербеліспен пісіргенде енділеу жік алынады, оның ені әдетте (2-4) dэл құрайды, ал балқыту түрі электрод ұшының көлденең тербеліс траекториясына, яғни негізгі металға жылу енгізу жағдайына байланысты. Пісірудің соңында, доға үзілгенде кратерді (ойшықты) дұрыстап пісіру қажет. Металдың кристализациялану жылдамдығының жоғары болғандығынан, кратер зиянды қосындылардың көбірек жиналған аумағы болып табылады, сондықтан онда сызат пайда болу мүмкіншілігі жоғарырақ. Пісіру аяқталарда электродты бұйымнан бірден алып кетіп, доғаны үзүге болмайды. Бітерде электродтың барлық жылжыуын тоқтатып, доғаны жайлап, үзілгенге дейін ұзарту қажет, бұл жағдайда балқыған электрод металы кратерді толтырады. Төмен көміртекті болаттарды пісіргенде кейде кратерді жіктен тыс негізгі металға шығарады. Доғаның кездейсоқ үзілгенінде немесе электродты ауыстырғанда, доғаны әлі балқымаған негізгі металда кратердің алдында жағады, сосын металды кратерде балқытады. Бұйымның бетіне қарағандағы электродтың қалпы және пісірудің кеңістіктегі қалпы жіктің түрі мен негізгі металдың балқуына үлкен әсер етеді. Кері бұрышпен пісіргенде доғаның астындағы сүйық металды, қабатының қалыңдығы азайғандықтан, оны ығыстыру жағдайы жақсарады. Бұл жағдайда доғадан негізгі металға жылу берілу жағдайы жақсарады және оның балқыту тереңдігі өседі. Осындай жағдай көлбеу немесе тік жазықтығында көтере пісіру жіктерін пісіргенде де байқалады. Төмен қарай немесе бұрышымен алға қарай пісіргенде, пісіру ваннасындағы балқыған металл доғаның астына құйылып, одан негізі металға жылу берілісі нашарлайды, балқу тереңдігі азайып, жік ені ұлғаяды.

Әдебиеттер: 2 – негізгі [17-30].

Бақылау сұрақтары:

  1. Кеңістіктегі қалпына байланысты пісіру жіктерінің түрлерін атаңыз.

  2. Пісіру доғасы қалай жағылады.

  3. Пісірудің соңында жікте кратерді (ойықты) қалай болдырмауға болады.

  4. Пісіргенде жік бетіндегі қождың ролі қандай?

  5. Доға ұзындығы неге байланысты?

  6. Доға ұзындығының мөлшерлі шамасын атаныз?

10 - дәріс Шойынды пісіру технологиясы. Пісіру икемділігі туралы негізгі мағлұматтар мен технологиялық ұсыныстар.

Қазіргі машинажасауда, білдек құрылысында, металлургия өндірісінде т.с.с. осы уақытқа дейін шойын негізгі құрылғылық материалдардың бірі болып табылады. Шойын бұйымдарын дайындаудын қарапайым және арзан технологиясы, шойынның жақсы құйылу касиеттері, оның жоғары тозуға шыдамдылығы, кернеу шоғырлануына аздау сезімталдығы, дірілді басу қабілеттілігі, жақсы өңделуі т.с.с. оны халық шаруашылығында кеңінен пайдалануға мүмкіншілік жасады. Сонымен қатар шойынның кемшілік қасиеттері де бар – ол сұр шойынның төменберіктігі және металдық матрицада құрылымдық бос графит болуынан, іс жүзінде илемділіктің толық жоқтығы. Графиттік қосындылардың зиянды әсері шойынды өзгертумен азаяды. Көпшілік жағдайда болаттан жасалған бұйымдарды өзгертілген шойыннан жасалған бұйымдармен ауыстырады. Шойынға құрамында көміртегі 2% -да жоғары теміркөміртекті қорытпалар жатады.

Шойынның жіктелуі графит қосындысының түрі мен пішініне негізілделген. Осы белгілерімен шойын төрт топқа бөлінеді:

  1. Сұр шойын (тілімшелі графит);

  2. Жоғарыберік немесе магнийлі шойын (графиті шар тәріздес);

  3. Соққылы шойын (графитті жапырақ пішінді);

  4. Ақ шойын (графит қосындысысыз).

Жоғарыда аталған барлық шойындардың пісіруге икемділігі нашар. Сұр шойыннан жасалған бұйымдарды жөндегенде және жаңартқанда пісіру кеңірек қолданылады. Бұл , сұр шойынның кең таралуымен және оны пісіру, оның ішінде негізгі металдың қасиетіне жақын жік металын алуды қамтамасыз ететін, тәсілдердің барлығымен түсіндіріледі. Соққылы және магнийлі шойындар көпшілігінде болат электродтармен (ЦЧ-4 темір-никельді электродтармен) немесе доғалы пісірумен қорғаушы газда жіңішке электрод сымымен пісіріледі. Дегенмен негізгі металдың касиетттері мен құрылымына жақын жік металын алу мәселесі әзірше шешілмеген. Шойынды пісіргендегі негізгі қиындық, оның қалыптасуына бейімділігін көбейтетін жік металында ледебурит пен мартенсит қалыптасуына жоғары бейімділігімен байланысты.

Құрамы шойынан бөлек балқытылған металл беретін электродтарды пайдаланғанда, сызат пайда болу қаупін азайту үшін, қысқа учаскелермен пісіру, соғу және басқа шаралар ұсынылады. Шойын электродтарымен пісіргенде, әдетте, шынығу құрылымдарының пайда болуына оның үлкен бейімділігі және жіктің төмен илемділігімен байланысты, қосымша қиындықтар пайда болады. Бұдан да басқа, пісіру жіктерінде сызат пайда болу бейімділігіне, шойынның сызықты шөгу шамасы елеулі әсер етеді. Жоғары жылдамдықпен салқындату жағдайында сызықты шөгудің сипаты мен шамасы, көпшілігінде металдың химиялық құрамына байланысты. Бірдей жағдайда пісіргенде, сызат пайда болуың төмендеу бейімділігі, құрамында көміртегі жоғары балқытылған металда болады. Міне осындай шойындарда сызықты шөгіс өтуінің шамасы мен қарқындылығы төменірек. Барлық шойындар бірдей пісіріле бермейді. Құрылымы ірі, феррит дәні үлкен және ірі графит қосындыларымен, сондай-ақ фосфидті эвтектикаларының саны көп шойындар, өте нашар пісіріледі. Никель, титан, молибден және басқа элементтермен легірлеу, шойынның пісіру икемділігін жақсартады. Көп уақыт су буы немесе жоғары температура әсерінде болған шойыннан жасалған бұйымдар өте нашар пісіріледі. Оларды жөндеу үшін, арнайы шаралар қолдануға тура келеді.

Барлығынан да жақсы пісірілетіні – құрамында күкірт пен фосфор көлемі төмен, майда графит қосындылармен тотықпаған, сұр шойындар. Қолданылатын пісіру материалдарына байланысты пісіру тәсілдері төмендегідей бөлінеді:

  1. Балқытылған металда шойын алуды қамтамасыз ететін, пісіру тәсілдері;

  2. Балқытылған металда болат немесе түсті металдардың (мыс, никель т.б.) жоғары құрамымен темір қорытпаларын алуды қамтамасыз ететін, пісіру тәсілдері.

Әрбір көрсетілген топтарға жататын пісіру тәсілдері басқа белгілерімен де жіктелуі мүмкін, мысалы: қолмен пісіру және механикаландырылған пісіру; алдын-ала жоғары қыздырумен (ыстықтай) пісіру; аздап қыздырумен (300-4000С –да асырмай) пісіру және алдын-ала қыздырмай (салқындай) пісіру.

Балқытылған металда шойын алуды қамтамасыз ететін пісіру тәсілдері. Шойынды пісірудің бұл тәсілдерінде балқытылған металдың берілген құрамын қамтамасыз етіп қана қоймай, жік металында шынықтыру құрылымдары қалыптасуы мен сызат пайда болуының алдын алу үшін, белгілі салқындату жылдамдығын сақтау қажет. Сондықтан шойын электродтары мен пісіруді көпшілік жағдайда, бұйымды алдын-ала қыздырумен жүргізеді. Балқытылған металда шойын алуды қамтамасыз ететін, пісірудің кеңірек тараған тәсілдерінің бірі ыстықтай пісіру болып табылады.

Бұл шойынды пісірудің ең көне тәсілі, оның негізгі қағидаларын Н.Г.Славянов жасаған.

Шойынды ыстықтай пісіру. Бұйым 600-7000С температурасына дейін қыздырылады. Доғалы немесе газбен пісіруді шойын электродтармен орындайды. Пісіріп болғаннан кейін, бұйымды 50-1000С/сағ. аспайтын жылдамдықпен жайлап салқындатады.

Ыстықтай пісірудің дамуы, шойын электродтарының тиімді құрамын жасау, пісіру техникасы мен қыздыруды жетілдіру бағытында жүрді. Ыстықтай доғалы пісірудің қазіргі кезеңдегі дамуының ерекше белгісі, диаметрі үлкен электродтарды (12-14 мм) және жоғарырақ пісіру тоғын (1200-1300 А) пайдалану болып табылады. Балқымалардан газдар мен металл емес қосындыларды кетіруге жақсы жағдайды қамтамасыз ететін, пісіруді үлкен сұйық ваннада жүргізеді. Ыстық доғалы пісіруді көпшілігінде, өңделмеген немесе толық өңделмеген құймаларда үлкен мөлшерлі ақауларды жөндеп кетіргенде (ауданы 100 см2-тан жоғары) қолданады. Газды пісіру өнімділігі жағынан доғалыдан төмендеу, дегенмен кейбір жағдайларда, әсіресе салыстырмалы түрде үлкен емес (100 см2-қа дейін) ақауларды жөндегенде, оны қолдану тиімдірек болады. Газды пісіру, әдетте жұқа қабырғалы күрделі құймалардың ақауларын жөндегенде пайдаланылады, мысалы: автомобиль цилиндрі бірікпесі қабырғасының ақауларын.

Шетелдік тәжірибеде, газды пісіру жиірек қолданылады.

Алдын ала қыздырумен, әсіресе жоғары температурамен, пісірудің негізгі кемшіліктері- үлкен еңбексыйымдылығы мен пісірушілердің ауыр жұмыс жағдайы болып саналады. Дегенмен, металдың жоғары сапасы, ыстықтай пісіруді кейбір жағдайларда, ақауларды жөндеуде мүмкін болатын жалғыз тәсіл есебінде қарастырылады. Сондықтан бұл үрдісті механикаландыру мәселесінің зор мәні бар.

Шойын қосындымен төмен температуралы пісіру-дәнекерлеу. Бұл үрдіс салыстырмалы түрде жақында пайда болды, бірақ тез таралды. Мұнда, тек қана қосынды сым мен флюс балқытылады, ал негізгі металл балқуға дейін жеткізбей қыздырылады. Пісіруге дайындалған бет газ жанарғысының жалынымен 800-8500С температурасына дейін қыздырылады, мұнда температура индикаторы есебінде флюс болады.

Балқытылған металда шойын алуды қамтамасыз ететін пісірудің басқа да тәсілдері белгілі, мысалы: түйіршіктелген шихта қабатымен, шойын электродымен пісіру тәсілі; графиттелген жабынды электродтармен пісіру және т.б. Дегенмен бұл тәсілдер пісіру сапасының тұрақсыздығы мен техникасының күрделілігінен кең таралым таппады.

Электр қожды пісіру. Тәсіл, балқытылған металдың салқындату температурасы, доғалы пісіруге қарағанда, елеулі аз ережелерді пайдаланумен сипатталады.

Аталған жағдай, шойынды пісіру үшін, бұл тәсілді ойдағыдай пайдалануға мүмкіншілік береді. Мұнда, бұйымдарды алдын ала қыздырмай, пісіру жалғастарын жақсы өңделімділігімен және жоғары механикалық қасиеттерімен қамтамасыз етуге болады. Электрод есебінде тілімше мен мөлшері әртүрлі, құрамы негізгі металға жақын немесе онымен салыстырғанда графитизатор элементтері жоғарырақ, сырықтар қолданылады. Пісіруді, сондай-ақ балқымайтын электродтармен орындауға болады, бұнда қосынды есебінде шойын шыбықтар, жоңқа т.б. пайдаланады.

Электр қожды пісіруде кешенді тәсіл қолданылуы мүмкін: үрдісті графит электродымен бастап, содан кейін шойын шыбықтар немесе тілімшемен пісіруді бөлшекті толық пісіргенге дейін жалғастырады.

Электр қожды пісірудің бірқатар артықшылығына қарамай, шойын бөлшектерді жөндеу және қалпына келтіру үшін, өнеркәсіпте кең қолданыс таппады. Бұл, дайындама жұмыстарының елеулі еңбексыйымдылығымен, үлкен қуатты нәрлендіру көздерін пайдаланумен және электр энергиясының үлкен шығынымен түсіндіріледі. Болашақта бұл тәсілді жетілдіру, оны пайдалану аумағын кеңейтеді.

Шойынды пісіруде балқыған металда шойын беретін тәсілдердің барлығының ішінде көбірек әмбебаптау және пісіру жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ететіні, ұнтақты сыммен ыстықтай механикаландырылған пісіру болып табылады.

Бөлшектерді алдын-ала 300-3500С температурасына дейін қыздырып, ұнтақты сыммен механикаландырылған пісіру кеңірек қолданыс тапты.

Майда ақауларды пісіру үшін, шойын қиындыларымен пісіру – дәнекерлеудің болашағы зор тәсіл болып саналады.

Балқытылған металда болат немесе түсті металдардың жоғары құрамымен темір қорытпаларын алуды қамтамасыз ететін пісіру тәсілдері. Шойын бұйымдарын пісіру алдында алдын-ала қыздыруды қажет етпейтін немесе елеулі қысқартуды қамтамасыз ететін электрод құрамдарын іздестіру жұмыстары бірқатар жылдар бойы жүргізілуде.

Кез келген пісіруге тән салқындату жылдамдығында, шынықтыру жасалмай-ақ, өте илемді балқытылған металл алуға тырысады.

Бұған бір жағынан, уақытша қарсыласу шамасы төмен электрод металын таңдаумен, екіншіден, жік металында негізгі металдың үлесін азайтумен жетеді. Балқытылған металда көміртегі құрамын төмендету, жіктердің шынықтыруға бейімділігін азайту жағынан қарағанда, мәні ерекше. Негізгі металдың балқуын болдырмау өте қиын болғандықтан, электрод металы есебінде көміртегін ерітпейтін (мыс негізіндегі электродтар), оны карбид қалыптастырмай ерітетін (никель негізіндегі электродтар) немесе көміртегін қатты металда қиын еритін қарбидке байлайтын, металдар немесе қорытпаларды жиірек пайдаланады.

Жік металында негізгі металдың үлесін азайту және пісіру қалдық кернеуінің шамасын төмендету үшін, пісіру үрдісін өте төмен ережеде (электрод диаметрі 3 мм-де ток күші 90-120 А), қысқа жіктермен (40-50 мм), әрбір жікті жасағаннан кейін, бөлшекті 60-700С температурасына дейін салқындатумен жүргізеді. Көпшілігінде, жіктерді доға үзілісімен соққылайды. Мұндай пісіру техникасы үрдістің төмен өнімділігін қарастырады.

Балқытылған металда болат немесе түсті металдармен темір қорытпасын алуды қамтамасыз ететін электрод таңбалары өте көп.

Арнайы қаптамасыз болат электродтары. Бұлар әдеттегі төменкөміртекті болаттарды пісіруге арналған УОНИ-13/45, ОММ-5 т.б. электродтары. Осы аталған электродтармен пісіруді кейінгі механикалық өңдеу қажет болмаған жағдайда, пісіру жалғасының беріктігін шектемегенде орындайды.

Егер, жауапты бұйымдарды жоғары механикалық беріктігімен жалғас алу мақсатында, жөндеу үшін, болат бұрандалармен қосымша бекітуді қолданады. Арнайы қаптамасыз болат электродтарымен шойынды пісіргенде, пісіру техникасын ерекше ұқыпты сақтау қажет. Болат электродтарымен пісіру процесінің еңбексыйымдылығы көп, өнімділігі төмен және пісірушінің жоғары дәрежесін қажет етеді. Төменкөміртекті болаттармен пісіру тәсілінің мүмкіншіліктері жіктерді күйдіруді пайдаланған жағдайда, елеулі кеңейеді.

Қаптамасында карбид құраушы элементтері бар болат электродтары. Бұл топқа тән құрамында титан мен ванадий бар ЦЧ-4 және СЧС-Т3 электродтары. Жікке негізгі металдан түскен көміртегі титан немесе ванадиймен, металда қиын еритін майда ұнтақты карбидтерге байланады, сондықтан ол кейінгі фазалық өзгерістерге қатыспайды. Егерде, карбид құраушы элементтер көміртегіне қарағанда көбірек болса, онда жік құрылымы, майда ұнтақты карбид қосындыларымен ферритті болады. Бұл жағдайда, іс жүзінде балқыма шекарасында жоғары қатаңдық аумағын болдырмау өте қиын болғанымен, балқыманың өңделімділігі толық қанағаттанарлық.

Көміртегін байлау үшін ванадийді пайдалану дұрысырақ, өйткені титан оттегі және азотпен тез қосылады және жік металл емес қосындылармен өте көп ластанады. Сондықтан, қаптамасында феррованнадийі бар ЦЧ-4 электроды кең таралым тапты. Олар негізінде, жоғары беріктікті шойынды пісіру үшін, сондай-ақ, ауданы 100 см2 аспайтын сұр шойыннан жасалған құймадағы ақауларды жөндеу үшін, қолданылады. ЦЧ-4 электродтарымен пісіруді жікте ванадийді көміртегіне қарағанда артығырақ болатындай етіп орындау қажет. Кері жағдайда, құрылымында ванадийлі перлит болғанымен де, жік металының қаттылығы мартенсит қаттылығынан асады. Бұл өзінің өңделімділігін төмендету мен сызат пайда болуына алып келеді.

Никель негізіндегі электродтар. Бұндай электродтар өте көп таралған, кейбір жағдайларда оларға тең келері жоқ. Никель темірде шектеулі ериді, ал никельді аустенит карбид қалыптастырмай, көп көміртегін құрауы мүмкін және оның жоғары илемділігі мен төмен қатаңдығы болады. Негізгі металдың қасиеттеріне жақын темір-никель электродтарымен пісіргенде, механикалық қасиеттері тек қана 3000С-дан астам температурасымен алдын ала қыздырғанда ғана, қамтамасыз етіледі. Аздау қыздырғанда жіктің механикалық қасиеттері негізгі металдан нашарлау. Шет елдерде құрамында 90% жоғары Nі бар никель электродтары кеңінен қолданылады. Никель негізіндегі электродтардың елеулі кемшілігі, олардың құнының жоғарылығы болып табылады.

Мыс негізіндегі электродтар. Мыс никель сияқты көміртегімен химиялық байланыс жасамайды. Ол іс жүзінде темірде ерімейді. Сондықтан шойынды мыс электродтарымен пісіргенде, жік біртекті болмайды. Мыс негізінде, көпшілігінде мартенситті құрылымы бар, жоғарыкөміртекті темір фазасының қосындылары орналасқан. Бұдан да басқа, ледебурит қалыптасуы салдарынан, балқыма шекарасында қаттылығы жоғарырақ аумақ жасалынады. Сондықтан пісіру жалғастарының өңделімділігі қиындау. Басқа кемшіліктеріне, кеуек қалыптасуына жоғары бейімділігін, төмен өнімділігі және электрод құнының елеулі жоғарылығын жатқызуға болады. Құрылымдары әртүрлі мыс-болат электродтары, негізінде құймаларды немесе сызаттары бар, сирек бөлшектерді жөндеу үшін, кеңінен қолданыс тапты. Төменкөміртектінің орнына легірленген болаттарды пайдаланатын мыс-болат электродтары белгілі. Соның мысалы есебінде: ОХІ8Н9 болат сымынан және мыс қабыршағынан жасалған аустенитті-мыс электродтары. Бұл электродтармен балқытылған металда сызаттар мен кеуек пайда болу бейімділігі аздау, жақсы өңделімділігі бар.

Жоғарыда аталғандарға сәйкес, қазіргі кезде көп электродтар бар, әрбір нақты жағдайда оларды дұрыс қолданғанда, іс жүзінде көптеген мәселелерді шешуге мүмкіншілік бар.

Механикаландырылған пісіру. Шойынды механикаландырып пісіру мен балқытып қаптастырудың тәсілдеріне, көмірқышқыл газында жіңішке болат сымымен доғалы пісіру, керамикалық флюс астында беріктігі жоғары шойынды автоматты пісіру т.б. жатады. Көмірқышқыл газында доғалы пісіру кеңінен қолданылады, өйткені ол негізгі металдың аздау балқуына мүмкіншілік жасайды. Пісіру жалғастарының қасиеті, жік металының құрамы мен құрылымы, пісіру ережесі мен техникасына, электрод сымының құрамына, бұйым мөлшеріне т.б. байланысты. Пісірудің әртүрлі ережелері мен әдістерін пайдаланып, балқытылған металдың мартенситтіден перлит-ферриттіге дейінгі қажетті құрылымын алуға болады. Диаметрі 1 мм 09Г2СА сымымен мына ережеде: ток күші 100-120 А-ден аспайтын, доға кернеуі 18-21 В, пісіру жылдамдығы 12 м/сағ. дейін, пісіру жақсы нәтижені қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл, сұр шойыннан жасалған құбырларды жалғастыруға, механикалық өңдеуді қажет етпейтін автомобиль және трактор бөлшектерін жөндегенде, жоғары берік шойындарды және шойында болатпен пісіргенде қолданылады.

Әдебиеттер: 1 негізгі [499-513], 2 негізгі [321-335].

Бақылау сұрақтары

  1. Қандай қорытпалар шойындарға жатады?

  2. Шойынның түрлерін атаңыз.

  3. Шойынды пісіру тәсілдері қандай?

  4. Шойынды мыс электродтарымен пісіру.

  5. Шойынды никель негізіндегі электродтармен пісіру.

11-Дәріс. Орташалегірленген шынығатын болаттарды пісіру технологиясы.

Орташалегірленген болаттарды энергомашина жасауда, ауыр және химиялық машина жасауда, кеме құрылысында, ұшақ жасауда және басқа техника саласында, жеңілдетілген жоғарыберіктікті құрылғылар жасау үшін пайдаланады. Орташалегірленген болаттардан машиналар мен аппараттарды жасауда пісіруді кеңінен қолданады.

Орташалегірленген болаттарды пісіру ерекшеліктері. Құрылғының түріне және оның орналуына байланысты орташалегірленген болаттардан жасалған пісіру жалғастарын пайдалану жағдайында, тығыздықта, сондай-ақ кейбір арнайы жағдайларда (тоттануға беріктігі т.б.) қажетті және жеткілікті беріктігіне талаптар қойылады. Орташалегірленген болаттардың ерекше физика-химиялық қасиеттеріне байланысты бұл талаптарды орындау біршама күрделі мәселе болып табылады. Орташалегірленген болаттардың шынықтыруды қабылдау ерекшелігі, сондай-ақ механикалық қасиеттерінің жоғары деңгейі, оларды пісіргенде пайда болатын, бірқатар қиындықтарға алып келеді. Орташалегірленген болаттарды, әсіресе көміртегі мен легірлеуші элементтердің жоғары құрамымен, пісіргенде байқалатын бірінші қиындығы, ол жік металында және жік жаны аумағында салқындай сызаттардың пайда болуының алдын алу. Орташалегірленген болаттардың жік жаны аумағының салқындай сызаттар қалыптасуына төмен қарсыласуы, онда өтетін құрылымдық өзгерістер ерекшеліктерімен анықталады, оған металды балқу температурасына дейін шоғырланған жергілікті қыздыру салдары, сондай-ақ кейбір пісіру жалғастарында болатын, жік металының химиялық құрамының, жік жаны аумағынан күрт айырмашылығы әсер етеді. Құрылымда көміртегі 0,15 % -дан жоғары орташалегірленген болаттарды пісіргенде, барлық жағдайларда да салқындай сызаттардың қалыптасуына қарсы пісіру жалғастарының беріктігін жоғарылатуды қамтамасыз ететін шараларды қарастыру қажет деп айтуға, болады. Тек қана 06НЗ болатының салқындай сызаттар қалыптасуына қарсы жоғары беріктігі бар. Болаттардың барлық басқа таңбаларының пісіру жалғастарында, әртүрлі пісіру жағдайларында, салқындай сызаттар пайда болуы мүмкін. Болаттың шынықтыруды қабылдауын жоғарылататын көміртегі мен легірлеуші элементтері неғұрлым көп болған сайын және металдың қалыңдығы өскен сайын, салқындай сызаттардың қалыптасу мүмкіншілігі солғұрлым көбірек. Орташалегірленген болаттарды пісірудегі тиімді технологиялық процестің мәселесі, ең алдымен салқындай сызаттар қалыптасуына қарсы, жік металы мен жік жаны аумағы металының жоғары беріктілігін ең қарапайымдау әдістермен қамтамасыз ету. Орташалегірленген болаттарды пісірудегі екінші қиындық, ол жік металында кристаллизациялық сызаттар пайда болуының алдын алу тәсілдері. Орташалегірленген болаттарды пісіргенде кристаллизациялық сызаттардың алдын алу тәселдері көміртекті болаттарды пісіргенде қолданылатын тәсілдерден айырмашылығы шамалы. Бұл үшін жікте жік металының кристаллизациялық сызаттар қалыптасуына қарсы беріктілігін азайтатын, күкірт, көміртегі және басқа элементтердің құрамын азайтып, жік металында кристаллизациялық сызаттар қалыптасуына қарсы беріктігін жоғарылататын, марганец, хром т.б. элементтердің құрамын жоғарылатады. Үшінші қиындығы – жік, жік жаны аумағы металдың және жалпы пісіру жалғасының негізгі металл қасиеттеріне тең немесе оған жақындау механикалық қасиеттерін алу қажеттілігі. Жік металының салқын және кристаллизациялық сызаттарға қарсы беріктігін жоғарылату үшін, онда көміртегі мен кейбір легірлеуші элементтердің құрамын шектейді, сондықтан жіктің негізгі металмен теңдігіне жету жалпы жағдайда өте қиын. Жіктің «құйма» металы, жаншылған және соққыланған дайындамалардан айырмашылығы, ол металдың өте жақсы құрылымын жасаудың және механикалық қасиеттерін жоғарылатудың тиімді құралы-қысыммен өңдеу жасалмайды. Пісіру жалғастарының термоөңдеуі мүмкіндігінше өте қарапайым және негізгі метал мен жік металына бірдей болуы қажет.

Кейбір жағдайларда жік жаны аумағы мен балқу аумағы металлының тиісті беріктік және илемділік қасиеттерін қамтамасыз етудің елеулі қиындықтары болады. Сапалы балқу аумағын алу қиындықтары болады. Сапалы балқу аумағын алу қиындығы, мысалы, орташалегірленген болаттарды пісіру үшін, жіктің аустенитті құрылымын алуды қамтамасыз ететін, жоғарылегірленген электрод металын қолданған жағдайда пайда болады. Жік металы мен негізгі металдың арасындағы химиялық құрамның үлкен айырмашылығы, белгілі бір жағдайларда, балқымамен шектесіп жатқан негізгі металдың учаскелерін көміртексіздендіреді және балқыма аумағында морт, илемделмейтің қабат қалыптасуына алып келуі мүмкін.

Үлкен қиындықтар, артық қызуға бейім болаттарды электр қожды пісіруде пайда болады. Бұл жағдайда жік жаны аумағындағы артық қызу салдарын болдырмау үшін, пісіру құрылғысын дайындауды күрделірендіретін арнайы термоөндеу ережесін жасауға немесе өнімділігі аздау басқа пісіру тәсілін қолдануға тура келеді. Егер орташалегірленген болаттардың пісіру құрылығыларын термоөндеу жасауға болмайтын болса, мысалы, кемелердің және басқа ірі ғимараттардың пісіру жалғастары, сондай-ақ, егер кажетті шынықтыру мен одан кейінгі бәсеңдетудің орнына тек қана бәсеңдету қолдағанда, ерекше қиындықтар пайда болады. Бұл жағдайда бірқатар ерекше технологиялық әдістерге барады. Бұл мәселені шешу үшін, технолог пісіру ережесі мен пісіру материалдарын дұрыс таңдауы қажет. Жоғарыда аталған орташалегірленген болаттарды пісіру кезінде болатын қиындықтардың ішінде ең маңыздылығы және ерекшелеуі салқындай сызаттардың қалыптасуын болдырмау.

Қаптамалы электродтармен доғалы пісіру. Қазіргі кезде орташалегірленген болаттардан жасалған құрылғылардың көпшілігін қолмен пісіреді. Бұл тәсілдің негізгі ерекшеліктеріне фтор-кальцилі қамташа мен төменсутекті электродтарды пайдалануды, кері полярлы тұрақты тоқты қолдануды, қимасы үлкен жіктерді, каскадты және блокты тәсілдермен орындауды жатқызуға болады. Аталған технологиялық әдістерді пайдаланып, жік аумағын қыздыруды барынша көбейтуге тырысады, әсіресе қалындығы үлкен болаттарды пісіргенде. Сызаттардың алдын алуға 1500С температурасынан аса қыздыру елеулі әсер етеді. Мұндай қыздыруға жету үшін, пісірудің каскадты әдісін пайдаланады, салыстырмалы түрде оның баспалдағының ұзындығы аздау (200 мм-ге дейін) болуы керек.

Орташалегірленген болаттарды қаптамалы электродтармен доғалы пісіру ережесін өзек түріне байланысты таңдайды. Ферритті өзекте, төменкөміртекті болаттарды пісіргенде қолданылатын ережелерден, ал аустениттіде-аустенитті болаттарды пісіру ережелерінен, олардың айырмашылығы жоқ.

Флюс астында пісіру. Орташалегірленген болаттардан құрылғылар дайындағанда, пісірудің барлық механикаландырылған процестері ішінде флюс астында пісіру кенірек қолданыс тапты. Оның көмегімен қазіргі кезде арналуы әртүрлі құрылғыларды, көпшілігінде қалыңдығы 4-50 мм металдан, жасайды. Жеке жағдайларда флюс астында жұқалау және қалындау металдан да пісіреді. Қолмен пісірумен және басқа механикаландырылған пісірулердің түрлерімен салыстырғанда флюс астында пісіру жоғарырақ өнімділікті қамтамасыз етеді. Оның артықшылығы әсіресе мәнді, бір өтпелі пісіруде. Бұл жағдайда негізгі металды терең балқыту, үлкен ток пайдалану, сондай-ақ қож қабыршағын кетірудің қиындықтарынан босау үшін, флюс астында пісіру ерекшеліктерін толығырақ пайдалануға болады. Егер жалғастардың сызат қалыптасуына қарсы жеткілікті жоғары беріктігі болса және оған кейінгі термоөндеу жүргізілетін болса, онда бір өтпелі пісіруді төмен көміртекті және төменлегірленген болаттарды пісіруде қолданылатын ережелерде флюс астында пісіруге болады.

Орташалегірленген болаттарды флюс астында пісіру жоғары кремний марганецті АН-348-А және ОСЦ-45 флюсін, төмен кремниилі флюстер АН-15, АН-15М, АН-17М, АН-20 т.б. пайдаланады. Жоғары кремний марганецті флюстердің астында жік металының соққы тұтқырлығына жоғары талаптар қойылмайтын жалғастарды пісіреді. Әдетте флюстің бұл түрін қолданғанда 30ХГСНА болатының пісіру жалғастарында, пісіруден кейін термоөндеу жүргізілетін жалғастардың өзінде, жік металының соққы тұтқырлығы3-4 кгс.м/см2 –тан аспайды. Мұндай флюстер астында пісірудің артықшылығына жіктердің кристаллициялық сызаттар пайда болуына қарсы жоғары беріктігін жатқызуға болады. Құрамында аздау марганец тотығы бар, төмен кремнийлі флюстер соққы тұтқырлығының елеуші жоғарырақ көрсеткіштерімен, пісіру жалғастарын алуға мүмкіндік береді. Мысалы, АН-15М флюстін және Св-20Х4ГМА сымын пайдаланып орындалған 30ХГСНА болаты, пісіру жалғастарының жік металының соққы тұтқырлығын жоғарылатады. Аталған сапаның жақсаруы фосфор мен марганец тотығы флюс құрамында төмен болғандықтан, жік металында фосфор мен металл емес қосындылар құрамының азаюымен, байланысты.

Қорғаушы газдарда пісіру. Қорғаушы газдарда пісіру орташалегірленген болаттардан құрылғылар дайындағанда кеңінен қолданыс табуда.

Орташалегірленген болаттарды қорғаушы газдарда пісірудің технологиялық ерекшеліктеріне, жік металында сутегі құрамын барынша азайту мақсатында, газдарды ұқыпты кептіру, сондай-ақ, пісіру жалғастарының төменірек салқындау жылдамдығын қамтамасыз ететін, пісіру ережесін пайдалануды, жатқызуға болады. Бұл шаралар сызат пайда болуына қарсы, пісіру жалғастарының беріктігін көтеру үшін қажет. Орташалегірленген болаттарды пісіргенде қорғаушы газдар есебінде басым көпшілігінде көмірқышқыл газы мен аргонды пайдаланады. Пісіру үшін төменлегірленген болаттардан жасалған жалғастарға ұсынылған ережелер жарайды, мұнда тек тоқ күшін 15-20%-ға азайту қажет. Көпшілігінде Св-10ГСМГ, Св-10ХГСН2МТ және Св-08ХЗГ2СМ сымдарын қолданады.

Электр қожды пісіру. Орташалегірленген болаттардан жасалған қалың жаймалы құрылғылардың кейінгі термоөңделетін пісіру жалғастарын электр қожды пісірумен орындау тиімдірек. Пісіру жұмыстарының жоғары өнділігі және тиімділігімен қатар, оларда пісіру жалғастарының жоғары сапасы қамтамасыз етіледі, бұл негізінде жік және жік жаны аумағы металының сызат қалыптасуына қарсы жоғары беріктігіне байланысты. Дегенмен, электр қожды пісіруде, қолайсыз жағдайларда жік металында кристаллизациялық сызаттар, сондай-ақ, аса қызған жік жаны аумағында ыстық және салқын сызаттар пайда болуы мүмкін. Сызаттар, сынықтар, көпшілігінде жіктің алдында, әсіресе пісіру үрдісін үзіп, қайта бастағаннан кейін, сондай-ақ жалғастыратын элементтердің үлкен қатаңдығында пайда болады. Бұл сызаттар сынықтар, әдетте, пісіріп болғаннан кейін, бірнеше сағаттан соң қалыптасады. Олардың қалыптасуының алдын алуға болады, егер пісіріп болғаннан кейін, бірден жалғастарға жоғары бәсеңдету жасаса. Сызаттарды болдырмауға, пісіру тоғының күшін азайту және жік енін ұлғайту жолымен жететін, пісіру үрдісін біршама баяулату, көмектеседі. Қатаң бекітілген элементтерді пісіргенде сынықтар қалыптасуының алдың алу үшін, жіктің алдыңғы учаскесін немесе оны түгелімен алдын ала қыздыру қолданылады. 150-2000С температурасына дейін алдын ала қыздыру, қалыңдығы 100 м-ден астам, қалың қабырғалы ыдыстардың дөңгелек жіктерінің соңғы бітер учаскесін пісіргенде, ыстық сызат және сынық пайда болуының алдын алу үшін қажет.

Орташалегірленген болаттардың жік жаны аумағы ыстық сызат қалыптасуының сипаты, басқа типті болаттарды пісіргендегі осындай ақаулардың қалыптасу сипатынан айырмашылығы жоқ. Осындай ақаулардың алдын алуының әсерлірек технологиялық шарасы, пісіру жиектерін тереңірек балқытумен, енді жік алуды қамтамасыз ететін, пісіру ережесін пайдалану, болып табылады. Мұндай ережелер пісірудің жоғарырақ кернеуімен сипатталады. Орташалегірленген болаттарды электр қожды пісіру үшін АН-8 флюсі мен Св-10Г2, Св-12Г2Х, Св-10ГСМТ, Св-18ХМА және Св-10Х5М пісіру сымдарын қолданады. Жікте көміртегі мен кейбір легірлеуші элементтердің құрамын жоғарылатуға, жік металындағы негізгі металдың үлесін көбейту есебінен жетеді. Пісіру ережелерін қолданғанда, бұл үлес 50%-дан асады.

Әдебиеттер: 1 негізгі [526-567].

Бақылау сұрақтары:

  1. Орташалегірленген болаттарды пісіргенде қандай қиындықтар пайда болады?

  2. Орташалегірленген болаттарды пісірудің тәсілдері қандай?

  3. Орташалегірленген болаттарды электр қожды пісіру үшін қандай пісіру материалдары қолданылады?

  4. Электр қожды пісіру үшін қандай флюстер қолданылады?

Қандай пісіру сымдарын қолданады?

12 –дәріс. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіру технологиясы.

Жоғарылегірленген деп, бір немесе бірнеше элементтермен 5-55% көлемінде легірленген темір негізіндегі болаттарды атайды. Жоғарылегірленген болаттар екі үлкен топқа бөлінеді: а) темір-никель негізіндегі қорытпалар; б) никель негізіндегі қорытпалар. Темір-никельділерге жататындары – құрылымы хром мен басқа легірлеуші элементердің темір-никель негізіндегі (никель мен темір құрамының қосындысы 65 %-дан жоғары, никельдің темірге қатынасы жуық шамамен 1:1,5) қатты ертіндісі болып табылатын қорытпалары. Никельділерге жататындары – құрылымы хром мен басқа легірлеуші элементтердің никель негізіндегі (никель құрымы 55%-дан кем емес) қатты ертіндісі болып табылатын қорытпалары. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпалардан бұйымдар жасағанда пісірудің барлық түрін пайдаланады; флюс астында қаптамалы электродтармен, қорғаушы газдар ортасында, плазмалы, түйіспе, электр қожды, электрон-сәулелі, сондай-ақ пісірудің арнайы тәсілдерін; диффузиялы вакуумда, үйкеліспен пісіру т.б. Ыстыққа берік болаттар мен қорытпалардан жасалатын түйіндердің елеулі бөлігін дәнекерлеумен дайындайды.

Флюс астында пісіру. Флюс астында пісіру тоттануға берік болаттардан химиялық және мұнай-химиялық аппаратуралар жасағанда басты технологиялық үрдіс болып табылады. Ол жылу берік болаттар мен қорытпалардан бұйымдар өндіргенде де пайдаланылады.

Флюс астында пісірудің осыншама кең қолданылуы, оның қолмен пісіру алдындағы, бірнеше елеулі артықшылықтарымен анықталады. Флюс астында пісіргенде, басқа да механикаландырылған балқытып пісіру тәсілдері сияқты, іс жүзінде, үзіліссіз жіктердің кез-келген ұзындығын алуға болады. Мұнда кратерлер саны күрт азаяды. Бұның үлкен маңызы бар, өткені жоғарылегірленген жіктердің кратерлерінде кристаллизациялық сызаттар пайда болу мүмкіншілігі, көміртектілерге қарағанда елеулі жоғары.

Дегенмен, ең мәндісі флюс астында пісіру шарттарының тұрақтылығы, соның салдыранан жік металының химиялық құрамы мен қасиетінің тұрақтылығы. Бұл жоғарылегірленген болаттар мен қорытпалар үшін өте манызды, өйткені жік металының химиялық құрымының аздап өзгеруінің өзі, онда кристаллизациялық сызаттар пайда болуына немесе оның тоттануға қарсы немесе ыстықтай беріктілгін едәуір нашарлатуға алып келеді. Мысалы, аустенитті металл жігінде көміртегін 0,02-0,03 % -ға көбейтсе, кейбір жағдайларда оның тоттануға беріктігін жоғалтуға алып келеді, ал кремнийдің құрамын 0,2-0,3 % -ға көтерсе, ол кристаллизациялық сызаттардың пайда болу себептері болуы мүмкін. Флюс астындағы пісіру, іс жүзінде, негізгі металға қабыршақсыз, бірқалыпты ауысуымен тегіс жік алуға мүмкіншілік береді. Мұндай жіктер, қолмен орындаған жіктермен салыстырғанда, жоғарырақ тоттануға беріктігімен ерекшеленеді. Бұл флюс астында пісірудің, басқа барлық қолмен пісірулердің алдындағы тағы да бір маңызды артықшылығы.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды флюс астында пісіру техникасы, әтеттегі көміртекті болаттарды пісіру техникасынан іс жүзінде айырмашылығы жоқ. Дегенмен, жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларға тән, бірқатар арнайыланған ерекшеліктері бар.

Осындай ерекшеліктердің қатарына көпшілігінде тұрақты тоқты пайдалану жатады. Бұл жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіру үшін, фторидті және жоғары негізді фторсыз флюстерді пайдаланудан болады, ал олардың астында айнымалы, тоқпен пісіру қиындау.

Фторидті флюстер астында пісіруді, олардың тотықтандыру қабілетіне қарамай, кері полярлы тұрақты тоқпен, ал жоғары негізді фторсыз флюстерді – тура полярлы тұрақты тоқпен жүргізеді.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды флюс астында, пісіруді салыстырмалы түрде қимасы үлкен емес (кристаллизациялық сызаттарға қарсы беріктеу) жіктермен орындайды, бұл жағдайда басым көпшілігінде жіңішке сымды пайдалану қарастырылады. Мұнда диаметрі 2-3 мм сымды көбірек қолданады, ал көміртекті болаттарды пісіргенде жуандау (диаметрі 3-5 мм) сымдармен пісірген тиімдірек. Осыған байланысты жоғарылегірленген сымдармен пісіргенде электрод шығысын елеулі азайтуға тура келеді. Аустенитті болаттармен қорыталардаң жасалған сымдар, жылу өткізгіштілігі төмендеу және электрлік кедергісі жоғары болғандықтан, басқа тең жағдайларда, әдеттегі төменкөміртекті сымдарға қарағанда, тезірек балқиды. Сондықтан жақсы қалыптасқан жіктерді алу үшін, электрод шығысын оданда көбірек азайтуға тура келеді. (Әдеттегі болат сымы, шығысымен салыстырғанда шамамен 1,5-2 есе). Осылайша диаметрі 2-3 мм аустенитті сымдармен пісіргенде, электрод шығысы 20-30 мм-ден аспауы қажет.

Аустенитті болаттар мен қорытпалардың балқу температурасы әдеттегі көміртектілірден 50-1500С –ға төмен.

Сондықтан көміртекті болаттарда алатын балқу тереңдігіндей тереңдікті алу үшін, аустенитті болаттар мен қорытпаларды флюс астында және балқытып пісірудің басқа түрлерімен пісіргенде тоқ шамасын 10-30% –ға азайту қажет. Осы топтың болаттары мен қорытпаларын механикалық пісіргенде, тоқ келтіретін мүштіктердің жағдайына ерекше көңіл бөлу керек.

Жоғарылегірленген сымдардың мыс және мыс қорытпаларымен үйкелесінде, үйкеліс коэффициенті жоғарырақ болғандықтан, мүштік тез тозады. Нәтижесінде мүштік пен сым арасындағы электр түйіспесі бұзылады және жік қалыптасуы нашарлайды; шалапісірім, кескін т.б. ақаулар пайда болуы мүмкін.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды флюс астында пісіру үшін, МЕСТ 2246-70-те қарастырылған пісіру сымдарының барлық түрлерін пайдаланады. Бұдан да басқа осы топтың болаттары мен қорытпаларын пісіру үшін, ведомстволық техникалық шарттармен шығарылатын пісіру сымдарының көптеген түрлері пайдаланады.

Жоғарылегірленген ыстыққа берік болаттармен қорытпаларды негізінде фторидті тотықсыз флюстер АНФ-1П, АНФ-5, АНФ-8, АНФ-23,АНФ-24, 48-ОФ-6, сондай-ақ тотықтандыратын кремнийсіз флюстер АНФ-17 астында пісіреді. Тоттануға берік болаттарды пісіру үшін, төмен кремнийлі АН-26, 48-08-10 және АНФ-14 флюстері кеңірек қолданыс тапты.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіру үшін қолданылатын барлық флюстердің ылғал тарту қабілеттілктері бар. Сондықтан жіктерде кеуектер пайда болдырмау үшін, оларды пісіру алдында қыздыру қажет.

Тоттануға берік болаттарды пісіру үшін қолданылатын флюстер міндетті түрде көміртегіне бақыланады. Оның флюстегі құрамы 0,2%-дан аспауы керек, ал шамадан тыс төмен көміртекті болаттарды пісіргенде флюстегі көміртегі құрамын 0,1%-ға дейін шектейді.

Қазіргі кездегі фторидті флюстер жоғарылегірленген сымдармен қоса жоғарылегірленген болаттар мен қорытпалардан жасалған жауапты құрылғыларды ойдағыдай пісіруге мүмкіншілік береді.

Қолмен доғалы пісіру. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды қолмен пісіру, әдеттегі құрылғылық болаттар сияқты пісіріледі. Сонымен бірге бірқатар арнайы ерекшіліктері бар, оның ішіндегі бастылары: көпшілігінде фтор-кальцийлі қаптамасымен электродтарды пайдалану; кері полярлы тұрақты тоқпен пісіру; электрод ұшын көлденең тербеліссіз қысқа доғамен пісіру; аздау тоқпен, салыстырмалы түрде, қысқа электродтармен пісіру.

МЕСТ 9466-60 және 10052-62 сай жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіруге арналған электродтардың түрлері Э, ЭАФ, ЭФ және ЭА индекстерімен белгіленеді.

Аталған электродтарға қойылатын жалпы техникалық талаптары мен өлшемдері МЕСТ 9466-60 бойынша белгіленген. Осы МЕСТ-ке сай электродтардың шартты белгісі электрод таңбасын, электрод типін, пісіру сымының диаметрін және МЕСТ нөмірін қамтуы қажет.

Мысал ретінде ХI8HI0T болатын пісіру үшін қолданылатын диаметрі 4 мм, ЭА-1Б типті ОЗЛ-7 электродының шартты белгісін келтірейік: ОЗЛ-7-ЭА-1Б-4,0 МЕСТ 10052-62 және 9466-60.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіруге арналған бірқатар электрод таңбалары, сонда-ақ ведомстволық техникалық шарттарда қарастырылған. Электродтардың таңбаларын пісіру жалғастарын нақты пайдалану шарттарына байланысты таңдау қажет.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды аустенитті электродтармен пісіру ережесін тоқ шамасының электрод диаметріне қатынасы 25-30 А/мм –ден аспайтындай етіп, есептеулермен тағайындайды. Аустенитті электродтармен төбелік немесе тік қалыпта пісіргенде, төменгі қалыпта пісіргендегі, осындай көрсеткішпен салыстырғанда, тоқ күшін 10-30 % - ға төмендетеді. Жік металында кеуек пайда болмауы үшін пісіру алдында электродтарды 250-4000С температурасында 1-1,5 сағат ішінде қыздыру қажет.

Аргон мен гелиде газ – электрлі пісіру. Газ электрлі пісіру жоғарылегірленген болаттар мен қорытпалардан жасалған пісіру құрылғыларын өндіргенде берік орын алды. Аргон және гелий-доғалы сияқты пісірудің ескі тәсілдерімен қатар, көмірқышкыл газында және әртүрлі газ қоспаларында пісіру ойдағыдай қолданылады.

Аргон мен гелий доғалы пісірудің өте жақсы ерекшелігі – доғаның тұрақтылығы, пісіру аумағы жақсы қорғалғандықтан, пісіру жіктерінің жоғары сапасы, тағы да ерекше маңыздысы – кез келген кеңістік қалпындағы жіктерді орындау мүмкіншілігі.

Аргон доғалы пісіруде доға мен пісіру ваннасын ауадан қорғау, гелиді пайдаланған жағдайдан сенімдірек, өйткені аргон ауадан ауырлау. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды аргон доғалы пісіруді балқитың және балқымайтын электродтармен жүргізеді. Бірінші жағдайда кері полярлы, екіншісінде – тура полярлы тұрақты тоқты пайдаланады.

Жоғары құрамды алюминий бар болаттар мен қорытпаларды вольфрам электроды мен пісіруді, тотық қабыршағын бұзу мақсатында, айнымалы тоқпен орындау ұсынылады. Вольфрам электродымен жіктерді орындағанда жік металына вольфрам бөлшектерінің түсуі мүмкін. Электрод бұзылуының жиірек кездесетін себебі – тоқ күшін дұрыс таңдамағандық (нақты электрод диаметрі үшін, шамадан тыс үлкен тоқ күші жиірек болады). Сапалы тегіс, жақсы қалыптасқан жіктер алу үшін, вольфрам электродын дер кезінде үшкірлеп тұру қажет. Бұл белсенді дақтың электрод шетімен жылжуын болдырмайды да, жік қисаймай түзулеу орындалады, іс жүзінде барлық ұзындықта балқу тереңдігі біркелкі болады. Вольфрам электроды мен аргон мен гелийде пісіруді қосынды сымсыз көпшілігінде жұқа жаймалы болаттардан құрылғы жасағанда) және қосынды сыммен, қолмен және автоматта орындайды. Пісіруді қолмен орындағанда, қосынды сымның ұшы әруақытта қорғаушы газ ағынында болуы шарт. Балқитын электродпен аргон-доғалы пісірудің қаптамалы электродпен және флюс астындағы пісірулерден айырмашылығы, өзінің ерекшелігі бар. Бұл ерекшілігі мынада – доғадан металдың өтуі тамшылы емес, ағымды болуы керек. Белгілі, ағымды үрдіс тек қана тоқтың үлкен тығыздығында болуы мүмкін. Мысалы, 18-10 типті диаметрі 1 мм сыммен пісіргенде, ағымды үрдіс тоқ күші 190А шамасында тұрақтанады, ал диаметрі 1,6 және 2 мм сымдар үшін күші әрқайсысына сай 240 және 320 А шамасынан кем болмауы керек.

Көмірқышқыл газында пісіру. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды балқытып электродпен көмірқышқыл газында пісіргенде, хром іс жүзінде тотықпайды. Пісіру сымынан титанның өтуі 50% -ға жетеді, ал салыстырғанда аргонда пісргенде 85 % және фторидті флюстер астында пісіргенде 65-70%. Егер сымның құрамында 0,10% - ға дейін С болса онда жік 0,02-0,04%-ға көміртектенеді, яғни ол кристалларралық тоттануға қарсы оның беріктігін төмендетеді. Егер жіктегі тұрақтандырғыш элементерінің (титан, ниобий) және ферритизатор элементтерінің (кремний, алюминий, хром) құрамын біршама көтерсе, онда көміртектенуге қарамай, қажетті тотануға беріктігі қамтамасыз етіледі. Осы қағиданы пайдаланып, жоғарылегірленген аустенитті және хромды болаттарды пісіру үшін, бір-қатар пісіру сымдары жасалды. Мысалы, 18-10 (Х18Н10Т) типті болаттарды көмірқышқыл газында пісіру үшін Св-8Х20Н9С2БТЮ пісіру сымы, 18-12(Х18Н12Т) типті болаттарды пісіру үшін – Св-08Х25Н13БТЮ сымы, ал, IX17H2 типті хромды болаттар үшін -07Х18Н2Т (ЭП157) сымы қолданылады. Бұл сымдарда жоғарылау хром құрамы бар және кремний, ниобий, титан және алюминий мен қосымша легірленген.

Тоттануға берік болаттарды аустенитті сыммен көмірқышқыл газында пісірудің кемшілігі, ол балқыған металдың едәуір қарқынды шашырауы (орташа 10-12%) және металға пісірілген шашырандылардың тоттану ошағын қалыптастыруы. Диаметрі 1,0-1,5 мм жіңішке сымды қолдану және аздау шығыста пісіру, шашырауды азайтады. Шашырандылардың металға пісіріліп қалмауы үшін, пісіру алдында суға ерітілген бор ертіндісімен немесе басқа қорғаушы қабатпен, оны жағу ұсынылады. Қорғаушы газда пісірудің тағы да бір кемшілігі, жоғарылегірленген жік бетінде берік тот қабыршағының қалыптасуы. Бұл қабыршақтың жікпен ұстасу беріктігі солғұрлым көп, неғұрлым қабыршақты хром тотығы көп болған сайын.

Аустенитті болаттарды көмірқышқыл газында пісіргенде, тотық қабыршағының пайда болуымен күресудің өте тиімді бір шарасы, доғаға фторидті пісіру флюсінің, мысалы АНФ-5, аздау көлемін беру болып табылады.

Көмірқышқыл газында аз тоқпен пісіргенде, аргонда пісірген сияқты, кеңістіктегі кез келген қалыптағы жіктерді орындауға болады. Бұл, құбыржолдарын жинастыруда және басқа тоттануға берік және ыстыққа берік болаттардан жасалған басқа ғимараттарды пісіру жұмыстарын механикаландырудың үлкен болашағын ашады.

Электр қожды пісіру. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларға электр қожды пісірудің ерекше бағалы технологиялық қасиеттері – жиектерді дайындамай-ақ пісіру, кристаллизациялық сызаттар қалыптасуына қарсы жік металының беріктігін жоғарылату мүмкіншілігі және түйіспе жіктерді пісіргенде, салыстырмалы түрде, шалыстанудың аздығы. Электр қожды пісірудің кемшілігі - жік жаны аумағы металының шамадан тыс артық қыздырылуы. Кейбір жағдайларда, бұл пісіру жалғастарының қасиеттеріне кері әсерін тигізеді. Осылайша, тоттануға берік болаттардан жасалған пісіру жалғастарын, осы себеппен, міндетті түрде термоөңдеу жасау қажет, болмаса аралық тоттану аумағы пайда болуы мүмкін.

Қысқа пісіру жіктерін тілікше электродтармен, ұзындарын сыммен пісіру ұсынылады.

Тілікшені пайдалану тиімділігі жоғарылегірленген болаттар мен қорытытпалардан жасалған калибрленген пісіру сымын (көпшілігінің илемділігі нашарлау) дайындау күрделілігімен байланысты. Қажетті химиялық құрамымен тілікшені алу, ерекше қиындық тудырмайды.

Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды электр қожды пісіру үшін, негізінде фторидті флюстер жүйесі СаF2-CaO-Al2O3, CaF2-CaO, CaF2-Al2O3, CaF2-CaO- Al2O3-MgO-SiO2, сондай-ақ таза қоспасыз CaF2 қолданады.

Электр қожды пісіру үшін фторидті тотықсыз флюстерді пайдалану да, оттегіне үлкен жақындығы бар элементтердің, барлық уақытта, пісіру ваннасында жақсы қорытылуына кепілдік болмайды. Сондықтан кейбір жағдайларда кокс ваннасын инертті газбен (аргонмен) қорғауға тура келеді.

Әдебиеттер: 1 негізгі: [567-621].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай болаттар жоғарылегірленген деп аталады?

  2. Жоғарылегірленген болаттар қандай үлкен топтарға бөлінеді?

  3. Жоғарылегірленген болаттарды пісіру тәсілдері?

  4. Жоғарылегірленген электр қожды пісіруішін қандай флюстер қолданылады?

  5. Жоғарылегірленген болаттарды флюс астында пісіру үшін, қандай псру сымдары қолданылады?

13‑Дәріс. Автоматты доғалы пісіруге арналған жабдықтар

Балқитын электродтармен доғалы пісіруге арналған автоматтардың жіктелуі. Балқитын электродтармен доғалы пісіруге арналған автоматтар доғаны жағады, доға аумағына электрод сымын, флюсті немесе қорғаушы газды береді, жұмыс ережесінде пісіру процесін басқарады, пісіру аппаратын жылжытады және пісіру процесін бітіреді. Автоматтар құрылғылық жағынан нәрлендіретін электр жүйесі кернеуінің тербелісіне, электрод сымын беру жылдамдығы-ның өзгеруіне т.с.с. жылдам әсер ететіндей етіп орындалған. МЕСТ 8213-75*е‑ бойынша балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар 10- кесте келесі белгілермен жіктеледі:

10 – кесте. Доғалы пісіруге арналған автоматтар

Номиналды пісіру

тоғы, А

Номиналды ережесі

ПВ, %

Пісіру тоғының түрі

Орындалуы

Электрод

сымы

Пісіру жылдамдығы

1 · 10-2 м/с

диаметрі,

мм

жылдамдығы, 1·10-2 м/с

315

60

тұрақты

Г

0,8—1,4

4,4—26,7

0,3—2,2

500

60

»

Ф

1,6—2

3,3—20

0,3—3,3

500

60

Г, ФГ

1,2—2

3,3—23

0,3—3,3

630

60

»

Ф

1,6-3

3,3—20

0,3—2,2

630

60

»

Г, ФГ

1,2—3

3,3—20

0,3—3,3

1000

100

»

Ф

2—5

1,7—10

0,3—2,2

1000

100

айнымалы

Ф

3—5

1,7—10

0,3-2,2

1000

100

тұрақты

Г, ФГ

2—5

1,7—10

0,3—3,3

1600

100

»

Ф

3—6

1,7—10

0,3—2,2

1600

100

айнымалы

Ф

3—6

1,7—10

0,3—2,2

  • доға аумағын қорғау әдісімен (пісіруге арналған автоматтар):

  • Ф —флюс астында,

  • Г — қорғаушы газдарда,

  • ФГ — қорғаушы газдарда және флюс астында;

  • қолданылатын пісіру тоғы түрімен (тұрақты, айнымалы, айнымалы және тұрақты тоқпен пісіру);

  • салқындату әдісімен (пісіру бастиегі мен шүмегінің тоқ келтіретін бөлігінің табиғи салқындауы, сумен немесе газбен еріксіз салқындату);

  • электрод сымын беру жылдамдығын реттеу әдісімен (баяу реттеумен, баяу‑ сатылы, сатылы реттеулермен);

  • пісіру жылдамдығын реттеу әдісімен (баяу, баяу‑сатылы және сатылы реттеулермен);

  • электрод сымын беру әдісімен (тәуелсіз және доғаға берілетін кернеуге тәуелді);

  • пісіру жігіне қатысты автоматтың орналасуымен (жол аралығының ішінде пісіру үшін, жол аралығының ішінде және сыртында пісіру үшін).

Құрылғылық орындалуы жағынан барлық автоматтар келесі типтерге бөлінеді:

  • пісіру тракторлары;

  • өздігінен жүретін және аспалы пісіру бастиектері;

  • автоматты пісіруге арналған қондырғылар.

Қорғаушы газдарда балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар (36‑сурет).

1 —пісіру жанарғысы; 2 —иілгіш түтіктер; 3, 4 —жанарғыны горизонталь және тік жылжыту механизмдері ; 5 —жанарғыны бұру механизмі; 6 —басқару пульті; 7—электрқозғалтқыш; 8 —электрод сымын беру механизмі ; 9— жанарғыны көлденең бағытта жылжыту механизмі; 10‑ арбашық

36 – Сурет. Пісіру тракторы АДПГ-500

Жауапты металқұрылғыларын – тұғырлар, қазандықтар мен сиымдылықтар және құбыр жолдарының бөлшектері мен түйіндерін, әртүрлі кеңістіктегі металқұрылғыларды т.с.с. пісіру үшін, қорғаушы газдарда балқитын электродпен пісіруге арналған автоматтар қолданылады.

Бұл автоматтардың арнайы бастиектері бар, олар пісіру аумағын газбен қорғауды және шүмекті сумен салқындатуды қамтамасыз етеді, сондай‑ақ олар қажетті газдық аппаратуралармен жабдықталған.

Газдық аппаратурлар газға арналған сиымдылықтан, бәсеңдеткіш алдындағы жылытқыштан, бәсеңдеткіштен, шығынөлшегіштен және газды клапаннан тұрады.

Флюс астында доғалы пісіруге арналған автоматтар

Бұл топтың автоматтары (37‑сурет) қабырғасының қалыңдығы 5‑30 мм құрылғыларды дайындағанда кеңінен қолданыс тапты, мысалы сиымдылықтар, арқалықтар, жаймалы металқұрылғылары. Бұл автоматтарды негізінен кеңістіктің төменгі қалпында түзу сызықты және шеңберлі жіктерді пісіргенде қолданады.

1-басқару пульті; 2- электрод сымына арналған кассета; 3 – флюске арналған шанақ; 4- электрқозғалтқыш; 5-жүріс механизмі; 5-мүштік;

7- пісіру бастиегі; 8- түзеуші механизм

37 – Сурет. Пісіру тракторы ТС-17М

Жылжыту қондырғысының құрылымына байланысты автоматтарды төмендегідей жіктейді: өздігінен жүретін пісіру тракторлары, өздігінен жүретін және аспалы бастиектер, сондай‑ақ пісіру қондырғылары.

Бұл автоматтардың көпшілігі түйіс жалғастарды пісіруге арналған. Кейбір автоматтарды түйіс және бұрыштық жалғастарды пісіру үшін әмбебабты орындалған түрінде шығарады. Мұндай автоматтарды әртүрлі жағдайға баптау үшін, ұзындығы әртүрлі ауыспалы мүштіктері мен тиісті көшірме қондырғылары бар.

Автоматтарды электродтар санымен де жіктейді: бір‑, екі‑ және көп электродты. Бұл автоматтарды электрод сымына арналған атанақтардың тиісті санымен жабдықтайды.

Екі‑ және көп электродты пісіру бірмезгілде екі және одан да көп электродтармен, пісіру тоғын жалпы келтірумен орындалады.

Флюс астында автоматты доғалы пісіру бір‑ және көп доғалы болады, мұнда пісіру процесіне бір мезгілде бір доғадан көп доғалар қатысады, олар тоқпен жекелеп нәрлендіріледі.

Әмбебап пісіру автоматтары (32‑сурет)

Бұл топтың автоматтары түйіс, бұрыштық және айқас жалғастарды, ең төменгі диаметрі 1200 мм сақиналы жіктерді, қорғаушы газда және флюс астында балқитын электродтармен доғалы пісіруге арналған.

Бұл автоматтардың құрылғылық ерекшеліктеріне доға кернеуіне электрод сымын беру жылдамдығының тәуелсіздігі және электрод сымының жылдамдығын мен пісіру ережесін сатылы реттеу жатады

Балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар.

Мұндай автоматтарға жіктерді еріксіз қалыптастыратын автоматтар жатады.

Осы топтағы автоматтар басқаларынан төмендегілердің болуымен ерекшеленеді:

- пісіру ваннасын тік немесе көлбеу жазықтықта ұстап тұруға арналған қондырғы, ол пісіру ваннасымен жанасатын беттерден жылуды қарқынды алып кетуді қамтамасыз етеді

- пісіру ваннасының, қалыптастырушы айлабұйымға қатысты, қалпына байланысты автоматтың жік бойымен жылжу жылдамдығын автоматты немесе қолмен реттеуге арналған қондырғысының болуы.

Арнайыландырылғанға сондай‑ақ көп доғалы және көп электродты пісіруге арналған автоматтар жатады.

Құрылғылық жағынан олар жалпы траверсте жиналған бірнеше пісіру бастиектерінің кешені болып табылады.

1-флюске арналған шанақ; 2- электрод сымын беру механизмі;

3-пісіру бастиегі; 4-мүштік; 5-жүріс механизмі; 6-басқару пульті;

7-электрод сымына арналған кассета

38 –сурет. Әмбебап пісіру тракторы ТС-35.

Пісіру тракторы АДФ-1250 (33‑сурет) төменкөміртекті болаттардан жасалған бұйымдарды пісіру және электрод сымымен балқытып қаптастыру үшін арналады.

АДФ-1250 тракторы ол өздігінен жүретін қондырғы, мұнда пісіру сымын беру, жылжыту және доғаны қорғау белгілі бағдарламамен автоматты түрде орындалады.

Пісіру тұрақты тоқпен болатты электрод сымымен орындалады.

Трактор түйіс жалғастарды жиектерін өңдеумен және өңдеусіз, бұрыштық жіктерді көлбеу электродпен, сондай‑ақ айқас жіктерді пісіреді. Жіктер түзу сызықты және сақиналы болады.

Жұмыс процесінде трактор бұйыммен немесе онда жасалған бағыттауышпен жылжиды.

Трактор теңіз деңгейінен 1000м‑ге дейінгі биіктікте, табиғи желдеткіштерімен жабық ғимараттарда жұмыс істеге арналған.

39 – Сурет. Пісіру тракторы АДФ-1250

Автоматтың негізгі техникалық шешімдері төмендегідей:

  • микропроцессорлық басқару бірікпесі;

  • электрод сымын беру жылдамдығын (пісіру тоғын) баяу реттеу.

  • арбашық жылжуының жылдамдығын (пісіру жылдамдығын) баяу реттеу;

  • пісіру жылдамдығын және сым беру жылдамдығын тұрақтандыру.

  • пісіру тоғы және кернеу шамасын, пісіру жылдамдығын, кратерді толтыру уақытын және доғаның созу уақытын сандық индикациялау;

  • кратерді толтырып пісіру және доғаны созу уақыттарын орнату және жадында сақтау мүмкіншіліктері;

  • пісіру ережесін алдын‑ала орнату;

  • нәрлендіру көзін қашықтықтан қосу және пісіру кернеуін баяу реттеу;

  • пісіру бастиегінің қалпын реттеу: жетекті бағанашықтың тік осі айналасында 90о бұрышқа, қалпын бекітумен; өзінің бойлық осін айналасында 45о бұрышқа, қалпын бекітумен; екі бұранды суппорт көмегімен ортаңғы қалпынан 50 мм тік және горизонталь бойымен жылжыту;

  • пісіру бастиегін басқару бірікпесі, шанақ және кассетамен бірге, жетекті бағанашық бойымен, қалыптарын тұрақтандырып, жылжыту;

  • дөңгелектерді тісті муфта көмегімен жетекпен іліністіру және ажырату мүмкіншілігі;

  • тоқ жолындағы ауыспалы жетекті аунақшалар мен вкладыштар;

  • шанақтың құрылымы шанақтағы флюстің деңгейін карап бақылауға мүмкіншілік береді;

  • пісіру біткеннен кейін флюс қалдықтарын кетіру жүйесі.

Әдебиеттер: 6 нег. [43-51],1 нег., 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

  1. Балқитын электродпен доғалы пісіруге арналған автоматтар қандай қызметтер атқарады?

  2. Пісіру автоматтары қандай типтерге бөлінеді?

  3. Флюс астында доғалы пісіруге арналған автоматтар қандай құрылғыларды дайындағанда қолданылады?

  4. Әмбебап пісіру автоматтарының қандай құрылғылық ерекшеліктері бар?