Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК ПІС.МАТ.5В012.3 курс 2016ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.08 Mб
Скачать

4 Дәріс тақырыбы. Қапталған электродтарды дайындау

Металдық сырығы мен қаптамадан тұратын электрод, балқып реакциалық аймаққа енгізілетін компоненттердің көлемі, химиялық құрамы мен әрекеттесу қабілеті бойынша тұрақтылығын қамтамасыздандыру қажет.

Егер пісіруде химиялық құрамы тұрақты және диаметрінде ауытқулар стандартта белгіленген шамадан аспайтын пісіру сымын қолданса, жоғарыда айтылған жағдайларға жетіге болады. Сұйық шынымен өзара және сырықпен бекітілген ұнтақ тәрізді компоненттер қоспасынан тұратын қаптама массасы біртекті болу керек. Егер компонент құраушылары жеткілікті түрде ұнтақталып, қаптамаға арналған массаны жақсы араластырса, біртектілікке жетуге мүмкін.

Осының барлығын ескере отырып электродтарды дайындау кезінде бірнеше операциялар рет ретімен орындалу керек.

Кесте 4 - Қапталған электродтарды дайындауда технологиялық операциялардың реті

Технологиялық операциялар

Операцияларды бақылау

1

2

А. Кендер мен концентраттардан ұнтақтарды дайындау

Кендер қоймасы

Химиялық талдау мен материалдарды эталондауға сынауларды алу

Кептіру

Кептіруден кейін ылғалдылықты бақылау

Ұнтақтау

Ірі түйіршіктер мен тозаңды бөлу

Дайын ұнтақтардың гранулометриялық құрамын бақылау

Дайын ұнтақтарды шанаққа тиеу

Б. Минералдардан ұнтақтарды дайындау

Химиялық талдау мен эталондауға сынауларды алу

Минералдардың қоймасы

Ірілігі 350 мм-ден жоғары кесектерді алдын ала ұсақтау

Жуу

Бақылау

25 мм-ге дейін ірі ұсақтау

Кесектердің өлшемі 5—10 мм-ге дейін орташа ұсақтау

Ұнтақтау және сепарация

Ұнтақтау грануляциясын бақылау

Майда ұнтақтаудың дайын өнімі

В. Құрғақ шихтаны дайындау

Майда ұнтақтаудың компоненттері 1

Шихтаны рецепт бойынша дайындау

Өлшеу дәлдігін бақылау

Құрғақ шихтаны араластыру

Түстің біртектілігі, химиялық талдау, ылғалдылық бойынша араластыруды бақылау­

Дайын шихтаны шанаққа тиеу және қаптау массаны дайындауға беру

Г. Қаптау масса мен брикеттерді дайындау

Араластырылған құрғақ шихта + сұйуық шыны (пассививаторлық қоспалар)

Қаптау массаны дайындау

Брикеттерді дайындау

Дайын сырықтар мен қаптау массаны беру

Арнаулы пресстерде қаптаманы жағу (пресстеу)

Сыртқы көрінісі мен эксцентриситет бойынша бақылау

Электродтардың түйіспелі ұштарын тазалау­

Е. Кептіру және қыздыру

Тазалау машинадан кейін электродтарды кептіру мен қыздыру үшін рамкаларға орналастырыру

Үздіксіз конвейерлі кептіру-қыздыру пешіне тиеу

Қаптама ылғалдылыған бақылау

Ж. Сортқа бөлу, сертификаттау сынақтар, тұтынушыға дайындау

Дайын электродтарды (бақылаудан кейін) 3-8 кг салмақты бұмаға ылғалға төзімді қағазбен орайды, немесе гермтикалық жабылатын метал ыдыстарға (тара) салады. Бұма сыртына электродтын паспортын желімдейді. Элекрод паспортында келесілер көрсетілуге тиіс:

а) дайындаушы кәсіпорыннығ товарлық белгісі;

ә) электродтардың шартты белгіленуі;

б) партия номері мен дайындалу датасы;

в) электродтардың қолданылу салалары;

г) пісірудің немесе балқытып қаптаудың арнайы жағдайлары;

д) ылғалдың мүмкінді мөлшері;

е) қайта қыздырудың режимдері;

ж) ұсынылатын пісіру режимі;

з) электродтардың массасы.

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. [Т2,36-71]. 2 нег. [23-33], 3 нег. [36-47]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаптаманың атқаратын қызметі?

  2. Қаптама қалай жағылады?

  3. Пісірудің негізгі уақыты қалай анықталады?

  4. Электрод паспортында не көрсетіледі?

  5. Шығындалу коэффициенті қалай анықталады?