- •2. 2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Пәннің мазмұны мен мақсаты. Пісіру материалдардың тағайындалуы
- •2 Дәріс тақырыбы Пісіру сымдары, пісіру сырықтары және шыбықтары, ұнтақты сым, балқымайтын электродтар
- •3 Дәріс тақырыбы Доғалы пісіруге және балқытып қаптауға арналған қапталған пісіру электродтары.
- •4 Дәріс тақырыбы. Қапталған электродтарды дайындау
- •5 Дәріс тақырыбы Электродтың балқуында қож құрамының қалыптасуы
- •7 Сұйық шыны…..10,7
- •Дәріс тақырыбы Электродтардың классификациясы мен сипаттамалары
- •7 Дәріс тақырыбы Пісіру флюстары.
- •Дәріс тақырыбы. Қорғаушы ғаздар.
- •Шыбық 12 нч-1 мест 21449-75.
- •11 Дәріс тақырыбы. Жанар ғаздардың қасиеттері. Қысылған ғаздар.
- •12 Дәріс тақырыбы. Қоюландырылған газдар. Сүйық жанарлар. Оттық аппарату-раны есептеу негіздері.
- •13 Дәріс тақырыбы. Электродтардың қаптамасының сапасына қойылатын талаптар. Қаптаманың ылғалдылығын анықтау.
- •14 Дәріс тақырыбы. Пісіру материалдарды сақтау және тасымалдау жағдайлары.
- •15 Дәріс тақырыбы Электродтың нақты маркасының паспортына қойылатын талаптар.
- •2.8 Пән бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
14 Дәріс тақырыбы. Пісіру материалдарды сақтау және тасымалдау жағдайлары.
Пісіру материалдар; соның ішінде электродтар, флюстар, пісіру сымдары, егер олардың сақталу жағдайлары дұрыс ұйымдастырылмаса, пісіру кезінде әртүрлі ақауларға келтірілуі мүмкін. Сондықтан, пісіру материалдардың сақталу жағдайларына белгілі бір талаптар қойылады. Электродтарды, флюстарды және пісіру сымдарды 18ºС–тан төмен емес температурада және ылғалдылық 50% жоғары емес арнаулы құрғақ от жағу арқылы жылынатын бөлмелерде сақтау керек.
Әдетте, тұтынушыда пісіру электродтар мен флюстарды паспорттарда немесе техникалық жағдайларда (ТУ) белгіленген режимдар бойынша қыздырады немесе кептіреді. Мысалы, МР–3 маркалы электродтарды 1,5 сағат ішінде 170-200ºС температурада қыздырады; УОНИ 13/45 маркалы электродтарды 1,5 сағат ішінде 350-400ºС температурада қыздырады. ОСЦ-45 және АН – 348 маркалы флюстарды 5 сағат ішінде 300 – 400ºС температурада қыздырады. Қыздырудан немесе кептіруден өткен электродтарды алдыңғы 5 тәулік ішінде, ал флюстар 15 тәулік ішінде қолданылу керек.
Пісіру сымды оның ластануы мен тотықтануына жол бермейтін жағдайларда сақтау керек. Өндірістік жағдайларда осындай талаптарды орындау киынға соғады, сондықтан цехтарда пісіру алдында сымды дайындау үшін арнаулы тазалау машиналары қолданылады. Алюминий мен алюминий қорытпаларын пісіруге арналған пісіру сымдар тұтынушыға химиялық әдістермен ұландырылған күйде жеткізіледі. Кассетаға оралған сымды, алдынала ауа кетірілген, герметикалық полиэтилен пакеттерде жібереді.
Қорғаушы газдарды көбінесе15 МПа қысымда, сұйық көмір қышқылды 6 МПа қысымда сиымдылығы 40-50 дм3 баллондарда сақтап тасымалдайды.
Коррозиядан сақтау мақсатымен және лезде тану үшін баллондарды МЕСТ 949–73 талаптарына сай әртүрлі түстерге бояп тиісті жазулар жазылады.
Пісіру посттарды қорғаушы ғаздармен баллондар арқылы қамтамасыздандырудан басқа көмір қышқылды газ, аргон мен оттегі үшін танк–газификаторлар қолданылады. Газдарды арнаулы қоймаларға аударып, сосын құбырлы магистральдар арқылы жұмыс орындарға жеткізіледі. Құбыр жолдарын баллондардың түстеріне сәйкес келетін түстерге бояйды. Бірақ, газдың шығыны шағын болатын кәсіпорындарда, цехтарда және бөлімшелерде пісіру посттарды қамтамсаыздандыру баллондар арқылы тиімді болады. Газдарды тасымалдау, арнайы жүргізушінің квалификациясын белгілейтін инструкциялар бойынша (тұрақтың уақытың шектеу, мәжбүрлі және авариялық тоқтаулар кезінде цистернадағы белгілі қысымды сақтау, арнаулы автоцистерналардың пайдаланылуына байланысты басқада белгіленген жағдайлар) жүргізіледі.
Оттегі бар баллондарды кальций карбидымен, бояулармен, майлармен және басқа газдар бар баллондармен бір бөлмеде сақтауға болмайды. Бос баллондарды толық баллондардан бөлек сақталу керек. Баллондарды арнаулы арбашаларда немесе тасымалдауға арналған басқа қондырғыларда тасымалдау керек. Қолмен немесе иықта тасуға болмайды. Пісіру кезінде пісіру постта бір мезгілде екі баллоннан (оттек пен жанар газды баллондар) артық баллон болмау керек. Жоғары қысымдағы баллондарды қыздыруға болмайды.
Ұсынылған әдебиет:
1 нег. [Т2,83-86]
Бақылау сұрақтары:
1. Электродтарды сақтау мен тасымалдауына қандай талаптар қойылады?
2. Қорғаушы газдарды қалай сақтайды?
3. Флюстарды сақтауда қандай талаптар қойылады?
4. Әр пісіру постта бір мезгілде қанша баллон болуы мүмкін?
