- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Жалпы ережелер
- •Курстық жұмыстың құрылымы.
- •Пәнінен курстық жұмыс тақырыптарының тізімі
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Есеп және аудит» кафедрасы
- •Астана, 2016
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •010008, Астана, Жубанова к. 7
Жалпы ережелер
Курстық жұмыс - қандайда бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрде студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Творчествалық өрісін және практикалық қабілеттілігін жүйелі, теориялық, практикалық ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бюойынша студент курстық жұмысты орындайды. Берілген әдістемелік нұсқау курстық жұмыстардың мазмұны мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды қарастырады, сонымен қатар тақырыптарының, жұмыс жоспарларының және оларды орындау тапсырмаларының варианттарын қарастырады.
Курстық жұмысты орындау бірнеше этаптардан тұрады. Жұмысты орындауға берілетін мерзімді, аяқталған курстық жұмыстың ұсынылу уақытын, сонымен қатар, қорғауды қабылдайтын жетекшінің аты-жөні, қорғау өткізетін алдын ала жасалған график бойынша курстық жұмыстарды қорғаудың мерзімдерін анықтайды.
Курстық жұмыстың жетекшісінің қызметіне мыналар жатады:
білімгерлерге курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға көмек көрсету;
білімгерге курстық жұмыстың жоспарын құруға керекті оқулықтарды
жинақтауға көмек көрсету;
курстық жұмыс жасалып жатқанда қосымша кеңестер жүргізу;
курстық жұмыстың жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету;
жекелеген тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау;
орындалған курстық жұмыстың өз белгіленген мерзімінде кафедраға тапсырылуын қамтамасыз ету;
орындалған курстық жұмысты белгіленген мерзімінде кафедраға жазбаша рецензиялау;
курстық жұмыстың қорғау кезінде комиссия жұмысына қатысу;
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Курстық жұмысты орындау білімгерлердің өзіндік жұмысы болып табылады, себебі мұнда білімгерлер әдебиет, субъект мәліметтерімен жұмыс істеуді, қисынды ойлауды, шаруашылық жүргізуші субъектегі есепті жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасау қабілеттерін көрсетеді.
«Жылжымайтын мүлікті бағалау» пәнінің мақсаты білімгерлерге, игеру жаңа өзіндік бақылау түрінің әдістерін меңгеруге көмектесетін, аудит негіздерін теориялық білім беру болып табылады.
Бағалауды жүргізуші үшін жылжымайтын мүліктің жалпы сипаттамасын , салыну жылдарын, материалдарын тексеру барысындағы міндеттерін, қолданылатын ерекше әдістерін, принциптерін, ережелерін білу қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты:
білімгердің теориялық білімдерін;
объектілердлің мәліметтері мен әдебиеттерді зерттеу және қорытындылау;
бағалау тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстар тақырыбы кафедрада қарастырылған. Білімгер курстық жұмыс тақырыбын таңдап, кафедрадан жоспар үлгісін алады, ұсынылатын әдебиет тізімімен танысады.
Білімгерлерге өзінің қалауы бойынша кез-келген тақырыпты алуына болады.
Кіріспеде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі негізделіп, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Негізгі бөлім тақырыпқа байланысты сұрақтарға бөлінеді.
Осыдан кейін аудиторлық фирманың келісім-шартын немесе міндеттеме-хатын жасау қажет.
Жылжымайтын мүлікті бағалау жүргізу үшін қазақстандық бағалау стандарттарынан (ҚАС) оқып-зерттеу қажет. ҚАС мақсаты стандарттар белгілеу және аудитті жоспарлау бойынша нұсқаумен қамтамасыз ету болып табылады.
Білімгер жұмысты тексеруге тиімді, сапалы және белгіленген мерзімге орындалатындай етіп жоспарлауы қажет. Жылжымайтын мүлікті бағалау жоспарлы тексті егжей-тегжейлі талданады және оның мазмұнын, бағалауда қолданатын өзгеше әдістеме мен техникалық тәсілдерге байланысты өзгеруі мүмкін.
