- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
- •Жалпы ережелер
- •Курстық жұмыстың құрылымы.
- •Пәнінен курстық жұмыс тақырыптарының тізімі
- •Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Есеп және аудит» кафедрасы
- •Астана, 2016
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •010008, Астана, Жубанова к. 7
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
«БЕКІТЕМІН»
Академиялық мәселелер
жөніндегі проректор, ОӘК төрағасы ________________________________
э.ғ.д., профессор С.С.Сагинтаева
«_____» қыркүйек 2015 ж.
5В090800 «Бағалау»мамандық студенттері үшін «Бизнесті бағалау» пәнінен
курстық жұмысты орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Астана - 2015
5В090800 – «Бағалау» мамандықтары студенттері үшін курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау типтік бағдарламмаға сәйкес дайындалған.
Құрастырғандар:
э. ғ. д., профессор Алиев М.К.
э. ғ. д., профессор Садиева А.С.
аға оқытушы Сартабаева Г.С.
Рецензия берген ____________
5В090800 – «Бағалау» мамандықтары студенттері үшін курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау «есеп және аудит» кафедрасының отырысында бекітілген
№____ « ____» ________ 200___ г
Кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Әлиев М.К. __________
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің Оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және бекітілді
Хаттама № __ __ __________ 20__ г.
Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университеті
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы ______ э.ғ.д., проф. С.С.Сагинтаева
КІРІСПЕ
«Бизнесті бағалау» пәні, студенттердің жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау кезінде қажетті теориялық негіздері туралы білім алу және тәжірибелік біліктілікке ие болудағы бірден бір курысы болып табылады. Ұсынылған курс жылжымайтын мүлікті бағалауда жан-жақты білікті мамандарды дайындаумен қамтамасыз етеді.
Курыстың мақсаты: Жылжымайтын мүлікті бағалаудың негізгі теориялық жағдайы, бағалаудың әр түрлерін құрудың негізгі принциптері және критериилері, бағалау қызметі үшін міндетті түрде қажет ақпарат жүйесі туралы білім алу. Сонымен қатар, жылжымайтын м.лікті бағалаудың қазіргі таңдағы бар тәжірибесімен танысу.
Студенттің білім деңгейін алдан ала талап ету: бағалаудың теориялық негізі білімін, микро және макро экономика, математикалық статистика, квалиметрия, казіргі таңдағы іс-әрекет жасайтын заңдар.
Курстық жұмыстың міндеттері:
мамандық бойынша теориялық білімді жүйелеу, кеңіту және бекіту;
әдебиеттік, әдістемелік, нұсқаулық, ақпараттық-нормативтік және басқа да
материалдармен жұмыс істеу әдістерін тереңдету;
нақты бағалау көрсеткіштер, басқарушылық әрекеттермен тағы
басқалары бойынша қортындыланған материалдытізбекті және қалыптастыру және ғылыми негізделген қортындылар мен ұсыныстар жасауды білу.
Осы әдістемелік нұсқау курстық жұмыстар тақырыптарының өзектілігін, оларды ғылыми деңгеймен жоғары сапада орындауды, сондай – ақ есеп және аудитті жетілдіру жөнінде ұсыныстары бар ғылыми жұмыстардың үлесін жоғарлатуды қамтамасыз етуге арналған, сонымен қатар оқу процесіндегі өзіндік студенттік жұмыстардың кезектілігін дамытуына бағытталған.
Осы әістемелік нұсқау курстық жұмыстың құрылымына, көлеміне және безендіру тәртібіне жалпы талаптар тағайындайды.
