Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать

19. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүр түрлерін анықтап, талдау жасау.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде кез келген пәнге байланысты жүргізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрінде болады. Бұл екі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Екеуінің де маңыздылығы мен тиімділігі сабақтың тақырыптарына сай қолданылады.

Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.

Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дұрыс қойылған сабақтың мақсаты – мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші.

Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен, дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді. Дәстүрлі сабақ - мұғалімге бағынатын оқушылардың тәртібімен, тіл алғыштығымен, нәтижелігімен сипатталатын сабақ; қалыптасқан дәстүр мен таптауырын бойынша оқу материалдарының дәлме-дәл кескіні.

Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пкіірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес , жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.

Дәстүрлі оқыту процесінде “проблемалы жағдай”, “оқу проблемасы”, “мәселенің принциптері” сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін блок-блокпен жинақтап отыруға ынталанады. Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар функциясы – білімді ғылыми негізде меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетті ғылыми зерттеушілікке бағыттайды. Нәтижесінде, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қажетін дидактика әлемінен өздігінен іздейтін іс-әрекетке даярлайды. Оқушыда эмоциялық-еріктілік және уәждік қажетсіну іс-әрекеті ұшталады. Әрине, мұндай оқытуды іске қосудың өзі оқулықта міндетті түрде байланысты болып келеді.

Бейдәстүр

Қазір дәстүрлі сабақпен қатар, дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ, диспут сабақ, сабақ — конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. “Қызығушылық сабақтары” (оқушы-лардың қызығушылығына орай тақырыптар таңдалады); “Не?, Қашан?, Қайда?”, “Өнер мектебі”, “Өзіңді тану”, “ХХІ ғасыр көшбасшысы”, “Азамат” (Ток шоу), “Мың бір мақал”, “Алтын көмбе”, “Алтын сақа” т.б.

Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады. Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады. Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]