- •1) «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пед курсының тәрб теориясының бір саласы ретінде және олардың озара байланысын негіздеу»
- •2) Тәрб жүйесінің теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттерін айқындап мазмұндау
- •«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары.
- •7). Тәрбие жүйесінің тарихи қалыптасуына шолу жасап,олардың кейбірін жан-жақты талдау.
- •8).Мектептің және сыныптың педагогикалық әрекетінде тәрбие жүйесінің мәні мен қызметін негіздеу.
- •9).Мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастырушылар ретінде ондағы субъектілердің қызметін анықтап, негіздеу.
- •10).Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелерінің өзара байланысын негіздеу.
- •11).Сыныптың тәрбиелік жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде оны ұйымдастыру және дамыту жолдарын анықтап,мазмұндау.
- •12) Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, кунұзак тобының тарбиешиси балалар ата-аналар және мектептеги баскадай бирлестиктер, мектептин жалпы тарбие жуиесинде? Негиздеу ?
- •14) Сынып жетекшиси кызметинин багыттары мен жумистарын мазмунин сипаттау
- •16) Мугалимдердин касиби арекетинде сыныптан тыс тарбие жумистарынын манызын ашып көрсету
- •17 Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұны
- •18. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүр түрлерін анықтап, талдау жасау.
- •20. Мұғалімдердің кәсіби әрекетінде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының маңызын ашып көрсету.
- •21. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұнын талдау.
- •22.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
- •23.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүрлі түрлерін анықтап талдау жасау
- •24.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын әрекеттің түріне класификациялау және оларды негіздеу.
- •25. Мектептен тыс мекемелердің түрлерін сипаттау.
- •26) Оқушылардың мектептен тыс тәрбие жұмысында қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыстарын мазмұндау.
- •27) Тәрбиенің әлеуметтік- мәдени ортасының ерекшеліктерін зерттеу.
- •28) Сынып жетекшісінің пән мұғалімдеріне қарағанда жұмысының ерекшеліктерін негіздеу.
- •29) Сынып жетекшісінің басқару қызметін сипаттау.
- •32.Оқушының жеке басын танып білудің ғылыми-зерттеу әдістерін негіздеу
- •33.Сыныпұжымын танып білудің ғылыми-зерттеу әдістерін негіздеу
- •34. Сыныптың педагогикалық процесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесін сипаттау.
- •35) Оқушының жеке басын танып білудің әдістемесін сипаттау.
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •40. Ушинскидің “ Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс“ деген пікірдің мәні неде?
- •42. Мақсат,міндет және мақсатқоюшылық туралы жалпы түсінікті негіздеу.
- •43. Мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері, кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдарын сипаттау.
- •44. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: Еркін мақсат қою, Қатаң мақсат қою, Кіріккен мақсат қою
- •45.Мектеп пен сын. Тәр.Жұмс.Жоспарлау маңыздылығын дәлелдеу
- •46. Жоспарлау тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын ала болжау, аныктау процесі екендігін негіздеу.
- •47. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын құруда басшылыққа латын идеяларды анықтап, сипаттау.
- •48. Тәрбие жоспарының кезеңдері
- •49. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысы жоспарының түрлері, құрылымы мен бағыттарын анықтап, оларды талдау
- •51. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен мәні мен мазмұнын ашу
- •52)Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің бағыттары мен түрлерін сипаттау
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерін негіздеу
- •54.Тақырыптық тәрбие сағатын ұйымдастыру жоспарының құрылымын талдау
- •55.Сынып жиналысын өткізу әдістемесін талдау
- •58. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясын мазмұндау.
- •59. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу- тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктерін анықтау.
- •60 Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау үлгісін кестесін құру
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын
- •64) Ұжымдық шығармашылық істерді негіздеу
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру және өткізудің әдістемесін сипаттау
- •67. Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата аналармен жұмысының маңызын дәлелдеу
- •68. Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен атқаратын жұмыстарының негізгі міндеттері мен қызметіне талдау жасау.
- •72. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі , пән мұғалімдері және жеке оқушымен жұмысының маңызын дәлелдеу
- •73. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігімен бірлесе атқаратын жұмыстарының түрлері, бағыттары және мазмұнын анықтап талдау.
- •76. «Атамекен» патриоттық бағдарламасының кейбір бағыттарын мазмұндау.
- •77. Мың бала патриоттық қозғалысының бағыттары мен мазмұнын сипаттау.
- •78. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы жан жақты түсінік беру
- •79. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығын дәлелдеу
- •82 Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл ағартушылардың Салауаттын өмір салты туралы ой пікірлеріне шолу
16) Мугалимдердин касиби арекетинде сыныптан тыс тарбие жумистарынын манызын ашып көрсету
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
1.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып , қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
