Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать

68. Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен атқаратын жұмыстарының негізгі міндеттері мен қызметіне талдау жасау.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

  1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасыны, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін, отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыру.

  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі-бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

  3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

  1. Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен, тәрбие жоспарымен таныстырады.

  2. Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді.

  3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.

  4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.

5. Ата-аналар белсенділермен жұмыс және ата-аналарды әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттестіру. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады.

Тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар

69. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формаларын көрсетип олардың кейбіреуін қысқаша мазмұндау.Отбасы және мектеп – тұлғаның балалық және жас өспірім шағының әлеуметтену процесінде ең  негізгі және тең құқылы субъектілері. Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасын айтқанда, ең алдымен, олар тәрбие әрекетінде өзара байланыс, өзара мирасқорлық және өзара толықтыру принциптеріне негізделуі қажет. Ол ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейі мен сапасына, отбасылық қарым-қатынас түрлеріне, мектеп жұмысының бағыты, сипаты және мазмұнына,  балалардың жас және дара ерекшеліктері секілді факторларға байланысты анықталады. Мәселен, ол көпшілік (лекция, ғылыми-педагогикалық конференция, «дөңгелек стол», сұрақ-жауап кеші, ата-аналар жиналысы, кездесу және т.б.); топтық (мектепте немесе сыныптағы ата-аналар комитетімен жұмыс, отбасында бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға кеңес беру, ата-аналар үшін психология-педагогикалық семинар, практикум, кездесу жұмыстары); жеке-дара(балалардың жас және дара ерекшеліктері жайында педагогикалық кеңес, балалардың отбасындағы өмірі мен тұрмысы, еңбегі мен оқуы, отбасылық тәрбиенің сипаты және т.б. зерттеп-тану мақсатында жанұяға бару) формасында болады. Ата-аналар конференциясы  негізінен отбасында бала тәрбиесіне қатысты тәжірибе алмасуға арналады. Оның жұмысын ұйымдастырудан бұрын нақты материалдар жинау және оған ата-аналардың назарын нәтижелі аудару үшін кейбір жағдайда оларға арнап сауалнама жүргізілуі тиімді болмақ. Конференцияның тақырыбы ата-аналар үшін нақты болуы тиіс. Мысалы, «Бастауыш сынып оқушысының өміріндегі ойын мен еңбек мәселесі», «Жас өспірімнің отбасындағы адамгершілік тәрбиесі», «Жоғары сынып оқушыларының кәсіпті таңдау мәселесі» және т.б. Балаларды тәрбиелеуде педагогикалық біліктілік пен дағды тікелей ата-аналар үшін пракикум жұмысын ұйымдастыру негізінде қалыптасады. Олар ата-аналар лекториясы немесе жиналысы соңында, болмаса өз алдына жеке формада өткізілуі мүмкін. Практикум барысында ата-аналарға белгілі бір бағытта тапсырмалар берілуі мүмкін. Мәселен, оқушының отбасындағы күн тәртібін құрастыру; өз баласының жеке-дара ерекшелігін сипаттау; оқылған мақала немесе ситуация негізінде отбасындағы оқушының өзін-өзі тәрбиелеу немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секілді мәселелерді талқылау және т.б. Практикум ата-аналарға баланың отбасындағы тәрбиесіне қатысты жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

70. Бала тәрбиесінде ата-аналардың білім дәрежесін көтеру әдістемесін сипаттау. Педагогикалық ұжымның отбасымен бірге әрекеті өзінде негізгі 3 педагогикалық көмекті қарастырады: білім беру, психологиялық, аралыққа жүру (посреднический). Олар өзара байланысты болып келеді.Білім беру өзінде әрекеттің екі бағытын қарастырады: отбасына балаларға білім беру және тәрбиелеуге көмек көрсету. Яғни, педагогикалық ұжымның бұл бағытта көмек көрсету әрекеті отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындайтын проблемаларды болдырмау және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Демек, ата-аналарға отбасында балаларды оқыту және тәрбиелеуге қатысты ағартушылық жұмыстарын қарастырады. Мәселен,

  • ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық даярлығы;

  • бала тәрбиесінде ата-аналардың беделі және үлгі-өнегесінің маңыздылығы, ата-ананың рөлі және отбасында әртүрлі ұрпақтардың өзара қарым-қатынасы;

  • балаларға ықпал етудің педагогикалық амал-тәсілдері, балалар мен үлкендердің арасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • отбасында баланы  тәрбиелеуде жынысқа қатысты және жас ерекшелікті есепке алу;

  • педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларды тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық проблемалары;

  • өзін-өзі тәрбиелеу және оны ұйымдастырудың мәні, балалар мен жас өспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне басшылық жасауда отбасының рөлі;

  • отбасында балаларды тәрбиелеуде мадақтау және жазалау;

  • балаларды тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан ең көп жіберілетін кемшіліктер;

  • дене және психикалық жағынан ауытқыған балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері;

  • отбасында балаларды еңбекке тәрбиелеу, мамандық таңдауға көмектесу;

  • отбасында балалардың еңбек ету, оқуы, демалысы және қолы бос уақытына қатысты күн тәртібін ұйымдастыру;

  • балалардың адамгершілік, эстетика, дене, жыныстық тәрбиесі және т.б.;

  • балалардың ішімдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке әуес болуының себеп-салдары және т.б.

Ата-аналарға осындай білім берумен қатар, отбасында бала тәрбиесінің маңызын көтеруге, оның барлық мүмкіншіліктерін арттыруға қатысты педагогтар практикалық сабақтар,  тренингтер де ұйымдастыруы мүмкін.

71. Бүгінгі таңда мектеп пен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі қолы жеткен жетістіктер мен кемшіліктеріне талдау жасап, оның болашағына өз көзқарасыннегіздеу.Отбасы және мектеп – тұлғаның балалық және жас өспірім шағының әлеуметтену процесінде ең  негізгі және тең құқылы субъектілері. Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасын айтқанда, ең алдымен, олар тәрбие әрекетінде өзара байланыс, өзара мирасқорлық және өзара толықтыру принциптеріне негізделуі қажет. Отбасының бала тәрбиесіндегі қызыметін шектемей, жауапкершілішгін төмендетпей, керісінше оған педагогикалық ұжымды қатыстыра отыра педагогикалық процесті белсендіру – білім беру мен тәрбиенің нәтижелілігін арттырудың бірден-бір дұрыс жолы. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы оң нәтиже беруде. Мектептегі басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш мұғалім-оқушы-ата-анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік –басқару жүйесі өзінің оң нәтижесін беруде. Алайда кемшіліктеріне келетін болсақ, бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсірісі, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым- қатынасына кері әсерін тигізуде.Менің ойымша мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жақсара түсу үшін ынтымақтастық бағытта жұмыс істеуін қадағалау керек. Ол үшін мектеп тарапынан ата-аналардың бала тәрбиесінің маңызын көтеруге, оның барлық мүмкіншіліктерін арттыруға қатысты педагогтар практикалық сабақтар,  тренингтер де ұйымдастыруы керек. Сонда ғана баланы тәрбиелеу процесі жайында көп мәселелер талқыға салынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]