Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать

58. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясын мазмұндау.

Бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы ерекше.

Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен  атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады. 

Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қоры-тындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.

Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді. Сондықтан да ол комплекстік (кешенді) жұмыс болып есептелінеді.

59. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу- тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктерін анықтау.

1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар және ата-аналар белсенділерінің отырысын ұйымдастыру.

2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін “срез” тәсілін жүргізуі.

3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру.

4. Сынып жұмысының қорытындылауға сай оқушы-лардың пікірін ескере отыра, оларға тапсырма беру.

5. Оқушылардың және ата-аналармен, пән мұғалімдерімен бірлесе отыра ұжымдық талдау жұмыстарын жүргізу.

6. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу (са-раптау, кесте, сызбалар сызу т.с.с.).

7. Оқушылар және ата-аналар белсенділерімен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту.

8. Талдау жұмысының қорытындысын мектеп әкім-шілігінің тәрбие жөніндегі орынбасарына тапсыру.

60 Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау үлгісін кестесін құру

Сыныптағы тәрбие жұмысын талдау

Сабақтың өтілу барысы:

Нәтижесінде

талдау оқу-тәрбие процесінің құрлымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау, болып табылады.

-сабақтың тартымдылығы;-жаңалығы,өмірмен байланысы,ғылымилығы; -интенсивтілігі,тиімділігі;-оқушылардың танымдық логикалық ойлау қабілетін арттыру; -сабақтың жүйелілігі, сабақ құрлысының сақталуы;-сабақтың нәтижелігі,оқушы нені қаншалықты үйренгендігі;-үй тапсырмасының, берілуі, мөлшері,эстетикалық,-санитарлық –гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Оқытушылар өзара тәжірибе алмасу мақсатында сабаққа еніп,теориялық және практикалық сұрақтардан, сабақтың түрі мен әдісі жағынан,оқу-тәрбие жұмысының нәтижесімен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажет жағдайда озық тәжірибесін өз сабағына пайдаланып,үйренеді.

Сабақты талдау барысында оқытушының немесе оқу шеберінің, оқушының сабақтың іс-әрекетін төмендегі көрсеткіштермен талдайды. Оқытушы немесе оқу шебері: -ұйымдастыру мақсатын дұрыс және айқын қоюы;-теориялық білімділігі;-педагогикалық мәдениеті;-уақытты тиімді пайдалануы;-сабаққа тиімді және жаңа әдістерді қолдануы;-оқушыға жеке дара көңіл бөлуіді іске асыруы;-көрнекі, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдалануы;-оқушылар білімін дұрыс бағалай біліуі;-сабағын өзіндік талдауы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]