Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать
  1. «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары.

Тәрбие жүйесі - мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен тәсілдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастырылады.

Тәрбиелік қарым-қатынас – тәрбие жұмысында пайда болатын және рухани-адамгершілікке бағытталған адамдардың әртүрлі сипаттағы өзара әрекеттесуі.

Тәрбие жұмысы - тұлғаның толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған үлкендер мен балалардың өмір сүру әрекетін ұйымдастыру процессі.

Тәрбие жұмысының формасы” оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

Тәрбие шарасы” топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы (бөлігі) ретінде қарастырылады

4) ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫН АШЫП КӨРСЕТУ

Тәрбие жүйесі - мақсаттар, ұжымдық қатынастар, шығармашылық істер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әр түрлі формалары мен тәсілдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысты жиынтығы ретінде қарастырылады. Тәрбие жүйесі - бұл мектептегі оқушыларды тәрбиелеу ортасы. Зерттеуші Л.И. Новикова тәрбие жүйесі - бұ өзара байланыс жағдайында болатын элементтердің жиынтығы деген пікірді ұсынады.

Ал қазақстандық зерттеуші Б.И.Иманбекованың анықтауынша тәрбие жүйесі - тұлғаның рухани-адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы. Тәрбие жүйесін қазіргі зама талабына сай қарастысақ, онда адам тұлғасының тұтас, жан жақты қалыптасуына көп көңіл бөледі. Тәрбие жүйесінің жан жақтылығы оқушыларды интеллектуалды, рухани адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады.

үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру; азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру; оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру; қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқық-тары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу; тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту; - оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру; тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру; тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.

5) ТӘРБ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН НЕГІЗДЕУ

Тәрбие жүйесінің құрылымы: мақсат (бастапқы тұжырымдама ретінде немесе идеялар жиынтығы); іс-әрекет (идеяларды қамтамасыз етуші ретінде); іс-әрекет субъектілері (іс-әрекетті ұйымдастырушы және оған қатысушы ретінде) орта.

Тәрбие жұмысының жүйесі мынандай компоненттерден тұрады:

Қазіргі мектептің тәрб жұмысы

Оқыту үрдісіндегі тәрбие

Мектеп ұжымындағы катынас стилі, моральдық психологиялық ахуал

Сабақтан тыс әрекет

Сыныптан тыс тәрб жұмысы

Мектептен тыс тәрю жұмысы ата аналармен және қоғамдастықпен жұмыс

6) ТӘРБ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ МЕН ТӘРБ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІН НЕГІЗДЕУ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН СИПАТТАУ

Мектептің тәрбие жүйесін құру және дамытуда бірнеше міндеттерді жүзеге асыру қажет. Ең алдымен, балаларда әлем жайында біртұтас және ғылыми тұрғыдан дәлелденген көзқарастар қалыптастыру. Балалар бұл тұтастықты өздері жете түсінуі және өздері нақты сезінуі шарт. Екіншіден, балаларда азаматтық сананы дамыту міндеті шешіледі. Бұл, өз кезегінде елдегі жүріп жатқан түрлі жағдайларға жауапкершілікпен қарайтын азаматты тәрбиелейді. Үшіншіден, балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруге тарту және оларда оған барабар мінез-құлық қалыптастыру. Төртіншіден, тәрбие жүйесінде маңызды бір міндет – тұлғаның шығармашылық күшін дамыту. Бесінші міндет – балалардың өз мүмкіндіктерін іске асыру және өзін-өзі көрсете білуге көмектесу. Мектептің тәрбие жүйесін құру негізінен 3 кезеңнен тұрады.

1) Ұйымдастыру мәселелерін шешу: мақсатты белгілеу; оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағытын анықтау; ұжымдық іс-әрекеттерді жоспарлау.

2) Жүйенің құрылымын құру және ұжымның іс-әрекеттерінің мазмұны, формалары мен тәсілдерін жасау. Бұл кезеңде мектептің оқушылар ұжымын дамыту, ұжымдық шығармашылық істерге жағдай тудыру, ұжымдық дәстүрлердің пайда болуына ықпал ету көзделеді.

3) Тәрбиелік жүйені дамыту. Бұл кезеңде тәрбие жүйесі, балалар мен үлкендердің бірлестігі құрылып, шығармашылық іс-әрекеттері мен жауапкершілік қасиеттері орнығады. Жүйеде негізгі назар – оқушының тұлғасын дамыту болып қала береді.

Бұндай тәрбие жүйесін кезең-кезеңмен құрудың ерекшелігі, бастапқы кезеңде мақсат әліде болса дұрыс құрылмаған және ойлаған ой мен оның іс жүзінде орындалуының арасында айырмашылық жиі байқалады. Сондай-ақ, жүйенің барлық элементтері әлі де жеке-дара қалыптасады. Оқушылардың арасында кейбір балалар ұжымдық іс-әрекетке шын көңілдерімен ниет етпейді, қоршаған ортаамен қарым-қатынаста көбінесе бейберекеттік сипат орын алады. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат – ортақ пікірлес оқушылар ұжымын құру қалыптастыру.

Тәрбие жүйесін басқару негізінен мұғалімдердің ұйымдастырушылық жағдайымен сипатталады. Бұл кезеңде, ең алдымен, тәрбие жұмысының тұжырымдамасын жасау қажет. Онда негізгі идеялардың жиынтығы көрсетіліп, содан кейін тәрбие жүйесінің моделі ұсынылады. Ең бастысы, тәрбие жүйесінің мақсаты мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар тарапынан жете түсінуі және қабылдануы тиіс.

Екінші кезеңнің ерекшелігі, жүйеқұрушы іс-әрекет біржолата бекітіледі. Ұжымдық қарым-қатынас түрлері күннен күнге жан-жақты болып келеді. Ұжымдық дәстүрлер пайда бола бастайды. Бұл кезеңдегі негізгі мақсат – оқушылар ұжымын дамыту, ұжымдық шығармашылық істерге негіз қалау, жаңа дәстүрлерді тудыру.

Үшінші кезең – көптеген балаларда мектепке деген жағымды сезім туындап, әрбір оқушыға жеке-дара назар аудару күшейеді, мұғалімдер тарапынан тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынасты меңгеруімен ерекшелінеді. Мектеп пен баланың ортасын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру үрдісі басымдық алады. Өзін-өзі талдау және педагогикалық шеберлік негізінде мұғалімдер тарапынан жаңа педагогикалық ойлар мен идеялар дамиды. Өзін-өзі басқару үрдісі қалыптасады.

Тәрбие жүйесін қалыптастыру кезеңдері:

1 Тәрбие жүйесін құру;

2 Тәрбие жүйесінің қалыптасуы, құрылымы, әрекет мазмұны анықталуы, қызмет

3 Қортындылау кезең;

4 Жүйені жаңарту, қайта құру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]