- •1) «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пед курсының тәрб теориясының бір саласы ретінде және олардың озара байланысын негіздеу»
- •2) Тәрб жүйесінің теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттерін айқындап мазмұндау
- •«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары.
- •7). Тәрбие жүйесінің тарихи қалыптасуына шолу жасап,олардың кейбірін жан-жақты талдау.
- •8).Мектептің және сыныптың педагогикалық әрекетінде тәрбие жүйесінің мәні мен қызметін негіздеу.
- •9).Мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастырушылар ретінде ондағы субъектілердің қызметін анықтап, негіздеу.
- •10).Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелерінің өзара байланысын негіздеу.
- •11).Сыныптың тәрбиелік жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде оны ұйымдастыру және дамыту жолдарын анықтап,мазмұндау.
- •12) Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, кунұзак тобының тарбиешиси балалар ата-аналар және мектептеги баскадай бирлестиктер, мектептин жалпы тарбие жуиесинде? Негиздеу ?
- •14) Сынып жетекшиси кызметинин багыттары мен жумистарын мазмунин сипаттау
- •16) Мугалимдердин касиби арекетинде сыныптан тыс тарбие жумистарынын манызын ашып көрсету
- •17 Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұны
- •18. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүр түрлерін анықтап, талдау жасау.
- •20. Мұғалімдердің кәсіби әрекетінде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының маңызын ашып көрсету.
- •21. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұнын талдау.
- •22.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
- •23.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүрлі түрлерін анықтап талдау жасау
- •24.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын әрекеттің түріне класификациялау және оларды негіздеу.
- •25. Мектептен тыс мекемелердің түрлерін сипаттау.
- •26) Оқушылардың мектептен тыс тәрбие жұмысында қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыстарын мазмұндау.
- •27) Тәрбиенің әлеуметтік- мәдени ортасының ерекшеліктерін зерттеу.
- •28) Сынып жетекшісінің пән мұғалімдеріне қарағанда жұмысының ерекшеліктерін негіздеу.
- •29) Сынып жетекшісінің басқару қызметін сипаттау.
- •32.Оқушының жеке басын танып білудің ғылыми-зерттеу әдістерін негіздеу
- •33.Сыныпұжымын танып білудің ғылыми-зерттеу әдістерін негіздеу
- •34. Сыныптың педагогикалық процесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесін сипаттау.
- •35) Оқушының жеке басын танып білудің әдістемесін сипаттау.
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •40. Ушинскидің “ Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс“ деген пікірдің мәні неде?
- •42. Мақсат,міндет және мақсатқоюшылық туралы жалпы түсінікті негіздеу.
- •43. Мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері, кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдарын сипаттау.
- •44. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: Еркін мақсат қою, Қатаң мақсат қою, Кіріккен мақсат қою
- •45.Мектеп пен сын. Тәр.Жұмс.Жоспарлау маңыздылығын дәлелдеу
- •46. Жоспарлау тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын ала болжау, аныктау процесі екендігін негіздеу.
- •47. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын құруда басшылыққа латын идеяларды анықтап, сипаттау.
- •48. Тәрбие жоспарының кезеңдері
- •49. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысы жоспарының түрлері, құрылымы мен бағыттарын анықтап, оларды талдау
- •51. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен мәні мен мазмұнын ашу
- •52)Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің бағыттары мен түрлерін сипаттау
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерін негіздеу
- •54.Тақырыптық тәрбие сағатын ұйымдастыру жоспарының құрылымын талдау
- •55.Сынып жиналысын өткізу әдістемесін талдау
- •58. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясын мазмұндау.
- •59. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу- тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктерін анықтау.
- •60 Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау үлгісін кестесін құру
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын
- •64) Ұжымдық шығармашылық істерді негіздеу
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру және өткізудің әдістемесін сипаттау
- •67. Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата аналармен жұмысының маңызын дәлелдеу
- •68. Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен атқаратын жұмыстарының негізгі міндеттері мен қызметіне талдау жасау.
- •72. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі , пән мұғалімдері және жеке оқушымен жұмысының маңызын дәлелдеу
- •73. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігімен бірлесе атқаратын жұмыстарының түрлері, бағыттары және мазмұнын анықтап талдау.
- •76. «Атамекен» патриоттық бағдарламасының кейбір бағыттарын мазмұндау.
- •77. Мың бала патриоттық қозғалысының бағыттары мен мазмұнын сипаттау.
- •78. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы жан жақты түсінік беру
- •79. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығын дәлелдеу
- •82 Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл ағартушылардың Салауаттын өмір салты туралы ой пікірлеріне шолу
Зерттелетын маселенин максатын, нысанасын аныктау,миндеттерын белгилеу;
З М пед жане псих –лык тургыдан танып билу;
Солардын негизинде жалпы тарбие жане зерт жум уйымдастыру;
З ж натижесын практикага енгизу, солардын тизимдилигин аныктап, тарбие процессине тузетулер енгизу;
З ж-нын барысымен натижесин жазып талдап салыстырып отыру.
38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
Диагностика педагогикалық процестің бөлінбес компоненті ретінде мақсатқа сәйкес оның нәтижесін анықтау құралы болып табылады. Онсыз оқу-тәрбие процесін нәтижелі басқару мүмкін емес. Демек, диагностика педагогикалық процестің жағдайын, оның бала тұлғасының дамуына ықпалын, басқару нәтижесін, сапасын нақты анықтау, талдау, саралау тәсілі. Педагогқа, ең алдымен, балалардың жас және дара ерекшеліктері, психология-физиологиялық ерекшеліктері жайында терең білім қажет. Ол оқушылардың тұлғалық дамуын түрлі іс-әрекеттің нәтижесінің сапасы және деңгейі; олардың ынтасы мен не нәрсеге бейімділігі, әуестігі, қызығушылығы, қабілеті және таланты; ұжымдағы моральдық көңіл-күйі мен тұрақтылығы туралы мәліметтерсіз педагогикалық тұрғыдан басқара алмайды. Бұндай қатынас оқушылар ұжымының жағдайы, ұйымшылдық сапасы мен деңгейі және болашақтағы оның дамуы жайында нақтылы мәліметтерді меңгеруге деген қажеттілікке әкеліп соғады. Педагогикалық процестің нәтижелі болуы жалпы алғанда жаңашыл педагогтардың жеке күш-жігеріне ғана емес, сонымен бірге педагогтар мен оқушылар ұжымдарының өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуде педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби талпынысы мен сауатты іс-әрекетіне де байланысты. Сондықтан да диагностиканың объектісі болып педагогикалық ұжым, оның жекелеген өмір сүру әрекетінің жағдайы табылады. Соған байланысты әрбір педагогтың кәсіби деңгейін көтеру жүзеге асады. Педагогикалық процестің нәтижелі болуы жалпы алғанда жаңашыл педагогтардың жеке күш-жігеріне ғана емес, сонымен бірге педагогтар мен оқушылар ұжымдарының өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуде педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби талпынысы мен сауатты іс-әрекетіне де байланысты. Сондықтан да диагностиканың объектісі болып педагогикалық ұжым, оның жекелеген өмір сүру әрекетінің жағдайы табылады. Соған байланысты әрбір педагогтың кәсіби деңгейін көтеру жүзеге асады.
39) Педагогикалық мониторинг — жасалған жұмыс нәтижесі және баспа құралдары монографиялар, диссертациялар, журналдағы мақала және жарияланымдар арқылы педагогикалық объектінің, құбылыстың күй жайын зерттеу.
Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1)ақпараттың мазмұны. 2)ақпараттың сапасы. 3)ақпаратты басқаруда пайдалану.
Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.
– Объективтiлiгі. – Нақтылығы. – Толыққандылығы. – Жеткiлiктiлiгi. – Оңтайлылығы.
– Жүйелендiрiлгендiгi. – Оперативтiлiгi. – Түсiнiктiлiгi.
Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату.
Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.
Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:
Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:
-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.
-Педагогикалық менеджмент.
-Педагогикалық диагностика.
-Педагогикалық тестiлер.
-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы жеткен жетiстiктер.
-Шығармашылық қабiлет.
Мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.
Педагогикалық – психологиялық нәтиженiң сандық, сапалық бағалау өлшемi болып, оқу процесiндегi күтiлетiн нәтиже мен қызмет шарты белгiленген норм, эталон қабылданады.
Норма мониторинг үшiн ең негiзгi шарт, өйткенi нәтиже осы нормамен салыстырылады.
Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.
Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.
Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.
Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында, сонымен бiрге жиналған ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.
40. Ушинскидің “ Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс“ деген пікірдің мәні неде?
К.Д.Ушинский «адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу қажет» деп айтқандай, гуманистік педагогикада бала шынайы қоршаған ортаның көптеген қарым-қатынасының болашақ субъектісі ретінде жан-жақты әрекеттің және тәрбие процесінің субъектісі болады - деп тұжырым жасалған. Демек, бала (оқушы) – тәрбие субъектісі. Яғни, тәрбиенің мәніне тән өзіндік ерекшелік баланың субъект ретінде өзін-өзі тәрбиелеуі болады. Өйткені, жетілу процессінде адам өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін өзі түсінуі арқылы, өзінің дамуына саналы ықпал ете бастайды.
41.Мектептің тәрбие жұмысының мақсат міндетттерін анықтау қажеттілігін дәлелдеу
Мектептегі тәрбиенің мақсаты-ұлттық сана –сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматты тәрбиелеу.
Бағыты- Ғылым негіздерін оқыту арқылы.
Қазақ халқының дүинетанымы, кәсібі, экологиясы, салт- дәстүрі, қоғамдық ортасы, әдет- ғұрпы, шаруашылығы, ұлттық ерекшелігі.
-Арнайы пәндерді оқыту арқылы.
Отан тарихы, туған өлке тарихы мен мәдениеті, халық ауыз әдебиеті, халық тағылымы, географиясы т.б.
-Арнайы тәрбие арқылы.
Ұлттық педагогика идеяларына негізделген үйірме жұмыстары, іс- шаралар өткізу, кештер, кездесулер, зияткерлік танымдық ойындар, саяхат, экскурсиялар.
Міндеттері–Біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру;
-Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту, сол құндылықтарға сәйкес мінез- құлығын тәрбиелеу;
-Баланың ұлттық санасын қалыптастыру;
-Халқына деген құрмет, мақтаныш ұялату, ұлттық рухын дамыту;
-Ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін, кәсібін меңгертіп, салт- дәстүрін, мәдени мұраларын қастерлеу;
-Шыдамдылық, жинақылық, намысшылдық, сенімділік мінез қалыптастыру;
-Сұлулықты, тазалықты сүйетін, салауатты, ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді, жауапкершілігі мол, текті, алғыр тұлға тәрбиелеу.
42. Мақсат,міндет және мақсатқоюшылық туралы жалпы түсінікті негіздеу.
МАҚСАТ – 1. Адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын ала ниеттеуі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс-қимылды бағыттап, реттеп отырады. Адам өз ерік-жігерін бағындыратын ішкі заң есебіндегі практикаға өзек болады. Алда орындалатын әрекет нәтижесінің айқын бейнесі. Адамның алдына қойған мақсаты әрдайым дәлелді себептерден, яғни, түрткілерден тұрады. Әрекет барысында түрткілер мен мақсат-міндеттер өзара байланысты, бір-бірімен алмасып, өзгеріске түсіп отырады.
Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат — іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Сократ әрбір жеке қимылдың мақсаты осы жеке мақсаттарға ішкі түрткі болатын түпкілікті немесе жалпы мақсат дейді. Аристотель заттар мен құбылыстардың ішкі мәні, белгілі мақсатта өмір сүруі адамға ғана емес, бүкіл дүниеге тән қасиет деп түсіндіреді. Кант мақсатты адамдар әрекетінің нәтижесі ретінде қарады. Сондықтан, мақсаттың логикалық, танымдық мәселелерін адам өмірінің негізгі мәселесі ретінде, этикалық-гуманистік іліммен байланыста зерттеді. Гегель мақсатты “өзіндік” және “өзі үшін” деген принциппен екіге бөліп, біріне табиғаттың белгілі бір мақсатқа бағынып өмір сүруін жатқызса, екіншісіне саналы түрде іске асатын, адамдар әрекетіне тән құбылыстарды жатқызды.
МІНДЕТ – бұл мақсатқа жету жолындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтижеде болмайды. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен пайда болады. Мақсатқа жетудің жолы тұп-тура болмақ емес, ол үшін көптеген міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды. Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір мақсатқа айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді туғызады. Мақсатқоюшылық – бір немесе бірнеше мақсатты орындаудағы үздіксіз процесс.
