Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать

34. Сыныптың педагогикалық процесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесін сипаттау.

Диагностика педагогикалық процестің бөлінбес компоненті ретінде мақсатқа сәйкес оның нәтижесін анықтау құралы болып табылады. Онсыз оқу-тәрбие процесін нәтижелі басқару мүмкін емес. Демек, диагностика педагогикалық процестің жағдайын, оның бала тұлғасының дамуына ықпалын, басқару нәтижесін, сапасын нақты анықтау, талдау, саралау тәсілі.

Диагностиканың құзыретіне педагогикалық процесті бақылау, тексеру, бағалау; статистикалық мәліметтерді жыйнақтау, есепке алу және оларды талдау; алдын ала болжам жасау, даму динамикасы мен бағытын анықтау секілді әдістер жүйесі жатады.

Есепке алу – тексеру мен бақылау нәтижесін фиксациялау (түртіп алу) және жүйеге келтіру тәсілі. Бағалау – педагогикалық процестің барысы мен нәтижесіне қатысты пікір, сандық және сапалық талдау, оның нәтижесін көтеруге байланысты оқушыларды, тәлімгерлерді ынталандыру тәсілі.

Демек, диагностика – амал-тәсілдердің көмегімен бақыланып немесе зерттеліп отырған  объектінің жағдайы туралы мәліметтерді алу процессі. Яғни, диагностикалық мәліметтер өзінде объектінің жағдайы, сапасы, нәтижесі, деңгейі, оның нормаға сәйкестігі, даму және қозғалыс тенденциясы жайындағы ақпараттарды қарастырады. Ол тежеу немесе жеделдету, жетілдіру немесе түзету енгізу, толықтыру немесе сауықтыру мақсатын көздеп, процесске (педагогикалық)  мүмкіндік тудыра отыра, оған құзырлы ықпал жасай алады.

Шын мәнісінде, диагностикалық танымның зерттеу пәні болып балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері, олардың өмір сүру әрекеттері, қарым-қатынастары  және т.б. табылады. Осылардың негізінде жас шамаларына қарамастан адамның өмір сүру тетіктері жүзеге асады: оның психикалық жағдайы, жинақталған тәжірибесі, тұқымқуалаушылық нышандары, нерв жүйелерінің қызметі және т.б.

Диагностиканың негізгі әдістемелік міндеттерін шартты түрде төмендегідей етіп бөліп қарауға болады:

1.  Белгілі бір сыныпта немесе топта, жалпы алғанда мектепте педагогикалық процес кезінде тәрбиенің даму  ерекшеліктері мен сапасын, деңгейін анықтау.

2. Тәрбие процесінің ішкі және сыртқы жағдайының өзара әрекеттесуін және оқушы тұлғасының дамуына ықпал ететін тәрбие процесін ұйымдастырудың ең тиімді педагогикалық құралдары, формалары және тәсілдерін анықтау.

3. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуының мүмкін болатын жолдарын және тәрбие процессі мен оның нәтижесінің болашақтағы жағдайын (балалардың тәрбиелік жағдайы, ұжымның даму динамикасы) алдын ала болжау.

Диагностикалық мәліметтерді алу әдістері мен амал-тәсілдерін негізгі 2 топқа бөліп қарастыруға болады: балалардың  денсаулығын, әлеуметтік жағдайын және моралдық-психологиялық жай-күйін  арнайы зерттейтін әдістердің жиынтығы; педагогикалық  диагностикалау тәсілдері.

Арнайы диагностикалық қызметті әлеуметтік зерттеу әдістері атқарады. Арнайы зерттеу әдістерінің ішінде балалардың  денсаулығын анықтайтын кешенді медициналық зерттеу әдістері маңызды рөл атқарады. Бұл әдістің мақсаты балалар организмінің  барлық жүйесінің дамуы, олардың оқу-тәрбие процесіндегі жүктемеге дене және психикалық  тұрғыдан даяр болуы жайында мәліметтер  алу. Бұл мәліметтер педагогқа педагогикалық процесті әртүрлі деңгейде, саралап-даралап, дифференциалап ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оны нәтижелі жүзеге асыру тек балалардың денсаулығына қатысты анатомиялық, физиологиялық, жалпы биологиялық, антропологиялық  жан-жақты білімдер болған жағдайда ғана мүмкін болмақ. Ол, өз алдына оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыруға оң ықпал ете алады. Себебі оқушылардың әртүрлі деңгейдегі оқу жұмыстарын нәтижелі орындауы, уақыт мөлшері мен мазмұнның күрделілігі тек олардың денсаулығына байланысты саралап, дифференциалап  ұйымдастырған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі.

Медициналық-педагогикалық әдістерді ұйымдастыру балалар организмін диагностикалау, оларды сабақта, еңбекте, демалыста, ойында үнемі бақылау арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда дәрігер педагогикалық процестің тікелей қатынасушысына айналады.

Арнайы диагностикалық зерттеу әдістерінің көмегімен балалардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың психикалық жай-күйін,  жеке-дара тұлғалық сапасын, оқу-тәрбие процесінің нәтижесін, оқушылар ұжымындағы эмоционалды-адамгершілік күйді, педагогтар мен оқушылардың өзара-қарым-қатынасы, оқушылардың ата-аналары, отбасы жағдайы туралы мәліметтер алуға мүмкін болады.

Педагогикалық процесті нәтижелі ұйымдастыруға деген талпыныс, әлеуметтік диагностикалық мәліметтерді алу-талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуді талап етеді. Ол кең көлемді әлеуметтік зерттеу әдістерінің көмегінің арқасында жүзеге асады. Олардың қатарына сұрақ-жауап, анкета, интервью, сондай-ақ баланың ұжымдағы әлеуметтік статусын анықтайтын социметрия әдістері  жатады. ++++

Анкета және интервью әдістері балалар өмірін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастыруға және оларға оңтайлы түзетулер енгізіп отыруға,  олардың жеке-дара тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға, сонымен бірге оқушылардың әлеуметтік-ұжымдық шығармашылық әрекеттерін белсендіруге қажетті шынайы мәліметтермен қаруландыруы тиіс. Оның табысты болуы  анкета және интервью сұрақтарының зерттеу мақсатына сәйкес нақты анықталуымен тығыз байланысты.

Оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, балалардың тұлғалық дамуын анықтауға маңызды үлес қосатын психологиялық диагностикалық мәліметтерді алу-талдау әдістері жатады. Олардың көмегімен психикалық процестердің өтуі сипаты мен жағдайын, тұлғалық сапалар мен дара қасиеттердің жүйелі қалыптасуын  анықтауға қол жеткізіледі.

Психологиялық зерттеу жұмыстары әртүрлі тестер, арнайы жасалған психологиялық жағдаяттардың көмегімен жүзеге асырылады. Онда балалар өз бетінше интелектілік, адамгершілік және эстетикалық таңдау жасайды. Тестерді қолдану нақты жағдайды анықтау үшін тиімді болмақ. Бұндай психологиялық диагонстикалық мәліметтерсіз педагог балалардың психологиялық және адамгершілік-эстетикалық дамуына саналы әрі мақсатты ықпал жасау мүмкіндігінен айырылады. Мәселен, оқышылардың психикалық процестерінің (есте сақтау, ұғыну, қабылдау секілді қабілеттері) даму жағдайын анықтау және т.б. Психологиялық тестерді пайдалану нақты психикалық жағдайларды анықтау құралы ретінде өз нәтижесін береді.

Диагностикалық мәліметтерді алу әдістері мен амал-тәсілдерінің қатарына педагогикалық диагностикалау тәсілдері де жатады. Олар педагогикалық зерттеу әдістерінің көмегімен жүзеге асады. Мәселен, балалардың күнделікті өмірі мен оқу-тәрбие процесін бақылау әдісі кең көлемде пайдалынады. Сонымен бірге бақылау жұмыстары мен шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері. Олардың көмегімен педагогтар мен тәрбиешілерге балалардың жалпы тәрбиелік деңгейін, оқу-тәрбие процесіндегі олардың нәтижесін, тұлғалық даму сапасын анықтап, белгілі бір мақсатта ықпал етуге мүмкіндік алады.

Қазіргі кезде педагогикалық диагностикалық әдіске жалпы қызығушылық артуда. Ол педагогтың мектеп психологының көмегіне сүйене отырып, тікелей немесе жанама түрде өзінің қатысуы арқылы жүзеге асады.

Негізгі мәліметтерді алуда бақылау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, интервью, сауалнама, тест, эксперимент  және т.б. эмпирикалық әдісттерді пайдаланады. Бұлар оқушылар тұлғасының сапасы және білім деңгейі, эмоционалдық жағдайы, қызығушылықтары, іс-әрекетінің мотиві жай-күйін анықтайды, қажетті мәліметтер алуға мүмкіндік береді, бірақ олардың мәнін өзгертпейді.

Бақылау – педагогтың мақсатты түрде қойын дәптеріне қажетті мәліметтерді, фактлерді түртіп алу (фиксация) әрекеті.

Әңгімелесу – бұл диалог түріндегі әдіс. Педагогтың зерттеу мақсатына сәйкес сұрақтар жүйесін қою арқылы оқушылармен пікір алмасуы. Бұл  бірмезгілде тәлімгерлермен тәрбиелік ықпалды ұйымдастыру барысында жүргізіледі.

Сұрақ-жауап, интервью, сауалнама, тест жұмыстарының мақсаты – тұлғаның белгілі бір сапасын, қоғамдық пікірді және оқушылардың бір нәрсеге қатынасын анықтауда, сонымен қатар әр түрлі тәрбие жұмыстарының формалары үшін мазмұнды мәліметтер жинастыруда, сондай-ақ әрбір тәлімгердің өзіне тән жеке-дара ерекшеліктерін зерттеуде жүргізіледі. Мәселен, «Мен нені жақсы көрем және нені жек көрем» деген қарапайым тақырыпқа арналған сұрау жұмысы сынып жетекшісіне оқушылардың ішкі әлемін және жан дүниесінің жағдайын танып білуге,  тұлғаға белгілі бір мақсатты көздеп нақты ықпал ету бағытын  анықтауға мүмкіндік береді.

Сауалнама (анкета) – бұл мәліметтерді арнайы жасалған сұрақ парақшаларының көмегімен жаппай жинақтау тәсілі.

Балаларға тікелей ықпал ете отырып зерттеуде әртүрлі сипаттағы, формадағы тест, шығарма, әңгіме жазу жұмыстарын жүргізудің де маңызы ерекше.

Ранжирования әдісі (маңызына қарай орналастыру). Мысалы, адамның сапалық қасиеттері: әдептілік, сыпайылық, қарапайымдылық, іскерлік, мейірімділік, күштілік, ақылдыдық, ұстамдылық, мықтылық, ақкөңілділік, әдемілік, ер мінезділік және т.б.

Цветограмма, мысалы, апта күндерін, уақытты және т.б. бояуға сәйкес адамның көңіл күйін, жан дүниесінің жағдайын анықтап білуге, сонымен қатар  тәлімгерлердің эмоционалдық жағдайына белгілі бір тәрбиелік ықпалдың көмегімеімен түзету енгізуге де мүмкіндік береді.

Сондай-ақ зерттеу жұмыстары барысында арнаулы психологиялық, педагогикалық, этикалық және т.б. ойындарды да пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]