Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать

29) Сынып жетекшісінің басқару қызметін сипаттау.

Жауап: Сынып жетекшісінің және Мектеп мұғалімінің негізгі қызметінің ерекшеліктері. Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы және тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің басқару қызметін мазмұндау. Сынып жетекші-ол белгілі бір сыныпта оқушылардаң оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырушы.

Оның қызметі: Білім алушы тұлғасын өзін өзі дамытуы мен іс жүзінде көрсетуге тәрбиелеу. Балаға педагогикалық психологиялық жағдай жасау.

Тағы бір қызметі ол окушының жалпы әрекетін басқару,яғни мақсат қоюшылық,жоспарлау,болжам жасау,түзету енгізу сияқты әрекеттер жатады. Ең маңазды қызметтерінің бірі ол ұйымдастырушылық қызметі,яғни баланың талаптарын қолдай отыры,бірлігі жарасқан сынып ұжымын құру. Мектептің тәрбие жүйесі,бұл мақсатты кешен.Адамдардың бірлігі,нәтижеге апаратын іс әрекет,қатысушының өзара қарым қатынас қоршаған орта және жүйенің өмір сүруін қамтамасыз ететін басқару әрекеті.Мектеп тәрбиесінде 2 түрлі жүйе қалыптасқан олар: Дидактикалық жүйе-ол оқушының оқу әрекетін және мұғалімдердің әддістемелік жүйесін қамтиды. Тәрбие жүйесі-әдетте оқудан тыс тәрбие шараларының жүйесі ретінде қарастырады. 30. Сыныптантыстәрбиежұмысыныңмақсатжәнеміндеттерінсызба арқылы негіздеу

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:

 Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

 Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.

 Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.  Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылықәрекеттеэстетикалықкөзқарасарқылықалыптасады.

Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

31. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының моделін құру. Сыныптан тыс тәрбие жұмысыныңмоделі -оқыту процесі сияқты тәрбие де екі нақты процесс:

А)Тәрбиеші

Б) Оқушылар

Біздің қазіргі тәрбие жұмысында бір жағы басым. Мысалы, тәрбиежоспарын сынып жетекшісі оқушыларсыз өзі жасайды. Сондай-ақ сынып сағатын өзі дайындауы керек. Ал шындығында бұған оқушылар да қатысуы керек.

Тәрбие жұмысының моделі

Тәрбиеші Оқушы

Іс-әрекет

Коллективті әрекет Жеке бастың дамуы

Тәрбиеші оқушыға, оқушы тәрбиешіге әсер ету болған жағдайда екі жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім – оқушы; оқушы – мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие іс-әрекет болғандықтан оқушы мен оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде бүкіл оқушылар ұйымы, ата-аналар тобы коллектив болып шеше алмаса, олардың жұмысын ноль деуге болады. Ал коллектив сыныпта қалыптасып жетекшісі жоқ болса да өздері атқара береді. Мұндай жағдайда жеке бастың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]