Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.9 Кб
Скачать

Типтік

Типтик

1) «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пед курсының тәрб теориясының бір саласы ретінде және олардың озара байланысын негіздеу»

1. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Тәрбие жұмысының әдістемесі – тәрбие теориясының іс жүзінде қолданылатын практикалық (прикладной) саласы. Ол мектептегі нақты тәрбие жұмысының міндеттерін және мазмұнын, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін, сынып жетекшісінің оқушылармен және ата-аналармен, пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігімен бірлесе атқаратын жұмыстарын зерттейді. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.

Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.

Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.

Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. «Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі» пәні «Жалпы педагогика» курсының логикалық жалғасы болады және педагогикалық іс-тәжірибемен іштей байланысты.Оның негізгі мақсаты болашақ педагогтарды мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыра білуге дайындау, оларды топ жетекшісі ретінде қалыптастыру.Студенттердің тәрбие жұмыстарының теориясы және әдістемесі саласындағы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау,нақты тәрбиелік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешу, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

2) Тәрб жүйесінің теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттерін айқындап мазмұндау

«Тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі» пәні «Жалпы педагогика» курсының логикалық жалғасы болады және педагогикалық іс-тәжірибемен іштей байланысты.Оның негізгі мақсаты болашақ педагогтарды мектептегі тәрбие жұмыстарын ұйымдастыра білуге дайындау, оларды топ жетекшісі ретінде қалыптастыру.Студенттердің тәрбие жұмыстарының теориясы және әдістемесі саласындағы білім, дағдыларын кеңейту, пысықтау,нақты тәрбиелік міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешу, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Пәннің негізгі міндеті

Оның негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге оқушылардың сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті білімдер, біліктер мен дағдыларды меңгерту; тәрбие процесін және оны әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде нәтижелі ұйымдастыру жағдайын түсіндіру; тәрбие процесін ұйымдастырудың ең жетілген жаңа жүйелері мен технологияларын жасау.

Пәннің міндеті студенттің қоғам үшін саналы, белсенді, іскер азаматты қалыптастыру және жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым қатынас жасай білуге үйретеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]