Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
307.62 Кб
Скачать

58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары мен кезеңдері

Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форм» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген: 

1.    Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2.    Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;

3.    Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4.    Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу..  

        Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді. 

Формалары:

Ұжымдық шығармашыл жұмыстар формалары: дəстүрлі тапсырмаларды кезегімен ауыстырып бару, сюжетті-ролдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау. Топтық тəрбие формалары: іс-шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тəрбиеші міндеттері: əр оқушының өзін танытуға жəрдемдесу, топ мүшелерінің бəріне бірдей мəнді нəтижеге жету жағдайларын жасау. Ұжымдық тəрбие формалары: конкурстар, сахналық қойылымдар, əн-күй кештері, үгіт бригадалары, саяхат-шерулер, спорт жарыстары. Тəрбиелік іс-əрекет формаларының əрбіріндегі тəрбиешінің ролі мен орны əрқилы. Олар тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, тəрбие мақсаттарына байланысты.

Оқу жылының нәтижесіне кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін, ондағы негізгі атқарылған жұмыстарды топтап, соның ішінде басымдық танытатын және жоспарда көрсетілген міндеттерге сай келетін оқушылар ұжымының оқу-танымдық, тәрбиелік әрекеттерін дерлік тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп көрсету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңдеатқарылуы мүмкін.

1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (Оқу-тәрбие жұмыстары).

2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау (Қоғамдық-пайдалы әрекеттері. Мысалы, сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалпы мектеп аралық істерге қатысу, оқушылардың сыныптағы өзін-өзі басқаруын дамыту т.с.с.).

3. Жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.

59. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясы.

Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен  атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады. 

Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қоры-тындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.

Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді. Сондықтан да ол комплекстік (кешенді) жұмыс болып есептелінеді.

Талдау жұмысының нәтижесімен сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері таныс болуы тиіс. Себебі, олар б олашақта атқаратын педагогикалық әрекеттерін жоспарлауда, оның нәтижесін ескерулері тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]