Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр прагма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.44 Кб
Скачать

69. Мектеп пен сыныптағы оқушылар ұжымының түрлері, құрылымы, белгілерін кесте арқылы негіздеу.

Мектеп пен

сыныптағы

оқушылар

ұжымының...

Түрлері

Белсенді оқушылар оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандырады. Үлгілі оқушылар адамгершілік қасиеттері қалыптасқан және ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке қабілеті бар оқушылар . Қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы.

Құрылымы

жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын.

Белгілері

1.Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. 2.Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. 3.Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. 4.Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы.

70. Оқушылар ұжымының даму сатылары және оны ұйымдастыру технологиясын сызба арқылы мазмұндау.

Даму сатылары:

Бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады.

Екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. 

Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. 

Ұйымдастыру технологиялары:

- сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау

- тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру;

- оқушылар ұжымын қалыптастыру мен оны диагностикалау;

ұжымдық шығармашылық іс технологиясы мен жаңа тәрбие технологияларын пайдалану;

- қиын балалармен жұмыс және диагностикалау;

- ата-аналармен және мектептен тыс ұжымдармен қарым-қатынас;

- оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;

- ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу;

- дарынды балалармен жұмыс;

- мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы.

71. Оқушылардың ұжымдық шығармашылық істерінің сызбасын құру.

1.Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала белгілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды.

2.Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады.

3.Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оны нақтылып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекелеген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың барысын қадағалап отырады.

4.Шараны өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар алдын ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады.

 5.Шараның нәтижесін қорытындылау. Шараны өткізіп болғанан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленді, ал ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді.