Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр прагма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.44 Кб
Скачать

63. Негізгі ұғымдарға талдау жасаңыз

Талдау объектісі-өз бойына балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті, мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жинақтаған педагогикалық талдаудың негізгі объектісі ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептің оқу жылының қорытындысы

Талдау формалары- Талдау барысында оқу материалдарының меңгерілу дәрежесін, білім сапасының тереңдетілу жағдайын, оқушылардың танымдық дамуын анықтайтын сабақтың басты жақтарына көңіл бөлінуі

Талдау динамикасы- талдау процесіндегі көрсеткіштер.

64)Тақырыпқа сай негізгі ұғымдарға талдау жасау: ұжым болып талдау, талдау мақсаты, талдау көзі.

Ұжым болып талдау- оқушылардың өз əрекеттері мен ептіліктерін сын көзбен саралаумен өзіндік бағалауға үйрену процесі. Ұйымдастырылған шараларының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізу. Талдау мақсаты- оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады. Талдау көзі- негізгі талдау көзі ол ата-аналар, сынып жетекшісі, және оқушы болып табылады. Жыл сонында сынып жетекшісі ата-аналармен қосыла отырып сынып жиналысын ұйымдастырады. Онда олар жылдық жетістіктер жіне кемшіліктері жайлы әңгіме қозғайды. Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарының шартты түрде жоспар алады.

65. Тақырыпқа сай негізгі ұғымдарға талдау жасау: тәрбие жұмысы, тәрбиелік шара, тәрбие ісі, тәрбие технологиясы

Тәрбие жұмысы - тұлғаның толыққанды дамуына жағдай жасауға бағытталған үлкендер мен балалардың өмір сүру әрекетін ұйымдастыру процессі.

Тәрбие ісі – бұл тәрбие процесінде тәлімгерлердің нақты бір іс-әрекетін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың түрі (форма). Оның негізгі бір ерекшелігі – қажеттілігі, пайдалылығы, жүзеге асырушылығы.  Яғни, тәрбие процесі ешқашанда үзілмейтін тізбектелген тәрбие істерінен тұратындығы.

Тәрбие ісі” ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде (И. П. Иванов бойынша) үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылыр) және балалардың  шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады.

Тәрбие шарасы – бұл бірыңғай тәрбиелік мақсатқа бағындырылған әр түрлі тәрбиелік ықпалдың жыйынтығы. Жекелеген сабақтардан тұратын оқыту процесі секілді тәрбие процесі тәрбиелік шаралардың негізінде қалыптасады. Яғни, шара – бұл тәрбие процесінің бір актасы (бөлігі). 

Тәрбие шарасы” топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы (бөлігі) ретінде қарастырылады (Н. Е. Щуркова бойынша)

Тәрбие технологиясы дегеніміз - белгілі тәртіппен, арнайы уақытта жүргізілетін, алдына қойған мақсаты бар жүйеленген педагогикалық іс - әрекеттерді жиынтығын басқару үрдісі болып табылады. Тәрбие технологиясы нысанының ізденушілік танымдық мотивациялық шеберлігіне әрекетіне немесе ниетіне байланысты тез іске асу ықтималдығы бар.